Оқулық Алматы, 012 удк



Pdf көрінісі
бет20/80
Дата22.05.2023
өлшемі0,59 Mb.
#95920
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   80
Байланысты:
О улы Алматы, 012 удк

«Бұның қабағына кірбің ілінгелі бері нөкерлері де, қыз-
метшілері де тайсақтап, бетіне тіке қарамай, жанарларын 
алып қаша береді. Ойын-сауық сап тиылған. Кейінгі күндері 
тіпті кіруді қойды. Есіктің сыртында ары-бері жүрген кезі 
олардың көлбеңдеген ұзын етек жібек көйлектерінің сусылы 
құлаққа анық шалынушы еді. Ол да естілмейді. Түгесі қайда кетті 
екен? Бəрі де бұдан бір сыр бүгетін тəрізді...». Бұл авторлық 


57
баяндау арқылы жазушы Сүзгенің басындағы қайғылы халдің 
жəне айналасындағы қиындықтың күшейе түскенін көрсетеді. 
Авторлық баяндау ары қарай Сүзгенің ішкі ойына ұласып кетеді. 
Бұл тұста шығарманың лирикалық əуені арта түседі. Келтірілген 
үзіндіде жазушының кейіпкер санасына байыппен енуі лирикалық 
тұрғыда көрініс берсе, сол үзіндінің келесі сөйлемінде бұл əуен 
кейіпкердің өз ойына айналады, одан əрі қарай қайтадан авторлық 
баяндауға ұласады. 
Хикаятты оқығанда Сүзгемен оқырман ой бөлісіп отырғандай 
болады. Авторлық баяндаулар мен кейіпкердің сана ағымы 
арқылы өрбіген ойлардың ара-жігінің тұтасып кетуі оқырманға 
осындай əсер қалдырады. Сана ағымы мен ішкі монологтың ара 
жігін жазушы тыныс белгілер арқылы ажырата отырып, кейіпкер 
психологиясына барынша тереңдейді: 
«Япыр-ай, осы уақытқа дейін хан иемнен бір дерек болса 
керек еді. Үн-түнсіз ұзақ кеткені қалай? Əлде қосындарын 
ертіп, жер шетінде, қидаласқан майдан шебінде жүр ме 
екен? Солай шығар... Алтын басы аман болса игі еді?!.». 
Повесть оқиғасы ақырын-ақырын жылжығанымен өзінің 
жылдамдығын арттыра түскендей. Ары қарай жазушы 
Сүзгенің басындағы хал-күйді сыртынан бақылаушы ретінде 
оның жағдайын тікелей баяндауға көшеді: 
«...Айдалада күллі 
əлемнен бөлініп-жарылып қалғандай жалғызсырады» деген 
бір сөйлеммен Сүзгенің көңіл күйін жеткізе отырып, ары 
қарай сана ағымы арқылы кейіпкер халін нақтылай түседі: 
«... Е-е-е, бəсе! Енді тапты. Көңілінің осыншама құлазып, 
жігерінің құм болып отырғаны жалғыздығынан екен-ау», - деген 
жолдарда автор мен Сүзге өзара сырласып кеткендей болады. 
Сондай-ақ автор құлазыған жалғыздық пен меңіреу тыныштықты 
қатарластырып, кейіпкердің жан күйзелісін тереңдете түседі. Бұл 
кейіпкер жанының ағысына – сана ағымының кедергісіз өрістеуіне 
əсер ететін жағдай. Жазушы жалпы дыбыстық ерекшеліктерге 
де ерекше көңіл бөліп, Сүзгеге қатысты əрбір персонажға жіті 
назар аударады. Жас ханымның аспазшысының да жүрісі ерекше:
 
«сыбдырсыз кіріп, лыпып шығып» кетеді. Бұл ретте автор Сүзгенің 
жанын жалғыздықпен құлазытып, тыныштықпен көмкеріп 
тастаған. Осы бір мезет алда суреттелер лирикалық шегініске 


58
жасалған алдын-ала дайындық сияқты. Сүзге іштей толғанып, 
оқырманына мұңын шаққандай болады: 
«Бұл, сірə да, маған келген жаза ма екен? Жеке шаһарда, 
алтынды сарайда көрген түстей өткізген аз уақыт ханымдық 
дəуреннің өтеуін қайтарар мезгілдің осылайша тым тез жеткені 
ме? Шамасы солай шығар...». Осы үзіндіден бастап, Сүзге шығарма 
шешіміне қарай батыл жақындағандай болады. Ол енді өз-өзін 
кінəлауға көшеді. Тығырыққа тіреліп, тағдырына мойынсұнған 
сəтте бар кінəні өзінен іздеп, мұңаяды. Бұндай сəт шарасыздыққа 
тап болған кез келген адамның бойында орын алады. 
Кейіпкердің ішкі монологы толастаған кезде көзінен жас 
домалайды Міне, осы сəттен – оның жылаған тұсынан бастап 
лирикалық шегініске жол беріледі. Бұл хал тіпті психологиялық 
тұрғыдан əбден орынды. Себебі адам жылаған сəтте оның бойына 
жиналып, жүйкелерінің барлығын жиырып тұрған эмоционалдық 
ширығыс тарап жүре береді. Жазушы кейіпкер бойының жылаған 
соң жеңілдеп, сергіп қалғанын Сүзгенің айна алдына барып, сəл 
де болса бой түзеуі арқылы аңғартады. 
Ары қарайғы оқиға дамуында жазушы психологиялық 
талдаудың бəсеңсітіп, лирикалық бейнелеуге қарай ойысады. 
Бұл Сүзгенің портреттік сипаты, сыртқы кескін-келбеті арқылы 
көрсетіледі жəне бұл суреттеу шығарма барысындағы қайғылы, 
күйзелісті халмен астасып жатады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет