Реферат Тақырыбы: Инфрақызыл сәулелер Жасаған: Абитаев Е. Р. Тексеруші: Ордаев Н. Е


)Инфрақызыл сәулелер қолданылуы мен әсері



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата22.05.2023
өлшемі165,84 Kb.
#96135
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
Физика Реферат

2)Инфрақызыл сәулелер қолданылуы мен әсері


Кейбір заттар инфрақызыл сәулелер түскенде өзінің мөлдірлігінің сыну және шағылу 
коэффициенттерін өзгертеді. Көрінетін жарық түскенде мөлдір болатын кейбір заттар 
инфрақызыл сәуле түскенде мөлдір болмайды. Инфрақызыл сәулелер ғылыми-зерттеу 
жұмыстарында, криминалистикада, жердегі және ғарыштағы байланыс жұмысында, 
медицина саласында, фотографияда, жеміс-жидектерді құрғатуда, машиналарды тез 
кептіру ісінде, биология және мал дәрігерлігінде пайдаланылады. 
Медицина саласында: 
Инфрақызыл сәулелер тері, артрит, ревматизм тәрізді ауруларды емдеуде кеңінен 
қолданылады. Инфрақызыл сәулелер денеге енгеннен кейін температураны көтеріп, ол 
жерде ылғал бар болса, оны кептіріп жібере алады. Әсересе күйген жерде ылығалданып 
тұратын тері ауруларын емдеуде таптырмас құрал. Жалпы ифрақызыл сәулелерімен 
емдегенде олардың әсер еткен жеріндегі температураны көтеретін қасиеті 
пайдаланылады. 
Адам немес жануарлар денесі шығаратын инфрақызыл сәулелерді суретке түсіру 
немесе тіркеу арқылы диагностикалық термография жүзеге асып отыр. Инфрақызыл 
фотография көмегімен қан тамырларындағы, дененің тағы басқа да тұсындағы 
өзгерістерді суретке түсіруге болады. 
Ауыл шаруашылығында: 
Инфрақызыл сәулелермен ауыл шаруашылығы өнімдерін кептіріп(бидайды, жеміс – 
жидекті), сонымен қатар дезинфекциялауға болады. Бір қап бидайды 70 секунд ішінде 
100°С-қа дейін қыздырғанда бидай әрі кебеді, әрі дезинфекцияланады. 
Сүтті инфрақызыл сәулесімен өңдегенде оның құрамының өзгермейтіндігі және сүттегі 
микрофлораның түгел жойылып кететіндігі анықталған. 
Инфрақызыл сәуле шығаратын құралды “соллюкс” деп атайды. Соллюкс шамы әр түрлі 
қуатты инфрақызыл сәулелерін шығара алады. 
Мал дәрігерлігінде: 
Жаңа туған бұзаулар мен балапандардың тіршілігінің алғашқы кезінде қолайлы 
температура тудыру үшін инфрақызыл сәулелерін пайдаланады. Жылыту барысында, 
сәуле импульстары орталық жүйке жүйесіне беріліп, дененің температурасын реттеп 
отыруға “басшылық” етеді. Осының нәтижесінде дененің қан айналымы арта түседі де, 
ағзаның сырқауға деген төзімділігін күшейтеді. Тері температурасының жоғарлауы 
ферменттердің қызметін арттыра түседі. Ферменттер белоктарды уақтай бастайды. 
Соның нәтижесінде қанда ұнтақталаған белок өнімдері пайда бола бастайды. Соған 
орай бұлшық ет пен орталық жүйке жүйесінің жұмысы жақсарады. 
Тағы да келесіде айтылған жерлерде қолданылады: 
• Медицина – физиотерапия жылы; 
• Дезинфекциялау үшін азық-түлік өнімдерінің зарарсыздандыру; 
• Қашықтан басқару – теледидар қашықтан басқару, автоматты және қауіпсіздік 
жүйелерін, ұялы телефондар кейбір үлгілерде; 
• Кескіндеме – жұмсалған энергия мен жылдамдығы конвекция әдісімен қарағанда 
әлдеқайда төмен болып табылады; 
• Қарсы коррозияға агент ретінде; 


• Тамақ өнеркәсібі – электромагниттік толқындар кейбір ауқымы Биополимерлер 
биохимиялық өзгерістерге жеделдету көмектеседі өнім, жылу және биологиялық 
әсер етуі; 
• Ауыл шаруашылығы өнеркәсібі; 
• Негізгі және қосымша жылыту үшін ғарыш жылыту көшелер немесе үй; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет