Реферат Тақырыбы: Инфрақызыл сәулелер Жасаған: Абитаев Е. Р. Тексеруші: Ордаев Н. Е



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата22.05.2023
өлшемі165,84 Kb.
#96135
түріРеферат
  1   2   3   4
Байланысты:
Физика Реферат



ШҚО ӘББ «Геологиялық барлау колледжі» КМҚК 
Реферат
Тақырыбы: Инфрақызыл сәулелер
Жасаған: Абитаев Е.Р. 
Тексеруші: Ордаев Н.Е. 


Жоспар: 
1) Инфрақызыл сәулелер жалпы сипаттамасы 
2) Инфрақызыл сәулелер қолданылуы
3) Инфрақызыл сәулелердің пайда болу сипаты 
4) Табиғи инфрақызыл сәулелер 
5) Адам ағзасына әсері
1)Инфрақызыл сәулелер жалпы сипаттамасы: 
Инфрақызыл сәуле – көрінетін жарықтың қызыл бөлігі (0,74 мкм) мен қысқа толқынды 
радиосәуленің (1 – 2 мм) арасындағы спектр аймағына орналасқан электрмагниттік 
сәуле. Инфрақызыл сәуле қыздыру шамын, газразряд]]ты шам шығаратын сәулелердің 
едәуір бөлігін құрайды. 
Инфрақызыл сәулелер – Толқын ұзындығы 760 нм-ден 2 мм-ге ( λ = 0,74 мкм ) және (λ 
~ 1—2 мм) дейінгі аралықта жататын электромагниттік сәуле. Инфрақызыл сәуле 
қыздыру шамын, газразрядты шам шығаратын сәулелердің едәуір бөлігін құрайды. 
Инфрақызыл сәулелер электромагниттік толқындар шкаласында радиотолқындар мен 
көрінетін жарық арасындағы бөлікті алып жатады. Инфрақызыл сәулені 1800 жылы 
ағылшын ғалымы В.Гершель ашты. 
Инфрақызыл сәулелерінің табиғаты көрінетін жарық табиғатымен бірдей. Инфрақызыл 
сәулелерінің спектры жеке сызықтардан, жолақтан немесе тұтас болып келеді. Қозған 
атом немесе ион сызықты спектр шығарса, қозған молекула жолақ спектр шығарады. 
Қызған қатты немесе сұйық денелер тұтас спектрлі инфрақызыл сәулелер шығарады. 
Күн сәулесінің 50 пайызы инфрақызыл аймақта жатады. Электр шамынан бөлінетін 
сәуле энергиясының 80 пайызға жуығы инфрақызыл сәуле болып келеді. Инфрақызыл 
сәуленің екі маңызды сипаттамасы бар: 
Толқын ұзындығы (тербеліс жиілігі) 
Сәуленің интенсивтілігі. 
Инфрақызыл сәулелер толқын ұзындығына байланысты үшке бөлінеді: 
Жақын (0,75—1,5 мкм); 
Орташа (1,5 – 5,6 мкм); 
Алыс (5,6—100 мкм). 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет