А.А. Байтокова-Тешнер
31
ISSN 1563-0285 KazNU Bulletin. International relations and international law series. №2 (58). 2012
Оңтүстік Шығыс Азия елдері ассоциациясының
экономикалық интеграциясының дамуы
А.А. Байтокова-Тешнер
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
E-mail:_aigera89.89.89@mail.ru
Түйін. Бұл мақалада АСЕАН-тың жаһандық əлемдегі болашағы мен проблемалары қарас тырылған.
АСЕАН соңғы жылдардағы қызметін өз бетінше дамуындағы өзгеше үрдісін бағалауға, экономика-
лық өзара тəуелділік формаларын, əсіресе, ішкіаймақтық саудасын жəне өндірістік желілердің
құрылуы, халықаралық қатынастар жүйесінің өзгеруіне орай Оңтүстік-Шығыс Азияның тəсіл дері
оның əлдеқайда дамығандығы көрсетілген. Шығыс Азия елінің аймақтық ынтымақтастығын нығайту,
макроэкономикалық жəне қаржылық тұрақтылық негізін құру мақсатында əр түрлі тəсілдерін іске
асыруда.
Қазіргі кезде Азия-Тынық мұхит аймағы
(АТА) əлемдік саясаттың жəне экономиканың
орталығының біріне айнала бастады. Қы тай,
Жапония, Оңтүстік Корея, Оңтүстік-Шығыс
Азия елдері экономикалық өсімінің жоғарғы
қарқын деңгейі экономистер мен саясат-
танушылардың қызығушылықтарын ту ғызуда.
Азия-Тынықмұхит аймағы АСЕАН, АТЭС
сияқты азия-тынықмұхиттық эконо микалық
қауымдастықты ұйымдастыру аймағына жəне
жедел экономикалық дамудың, экономикалық
потенциалды жетілдіру, жоғары технология-
ларды игеру жəне мəдени-техникалық өр-
кендеу аймағына айналды.
Қырғи-қабақ
соғыс кезеңінде КСРО мен АҚШ қарама-
қайшылығына қарамастан – АТА елдерінің
əлем дік үрдіске халықаралық қатынастардың
объектісі емес, субъектісі ретінде кіру үрдісі
жүріп жатты. Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің
геосаяси белсенділік нəтижесінің көрінісі 1967
ж. АСЕАН сияқты аймақтық ұйымның пайда бо-
луы. Зерттеушілердің пайымдауынша шиеленіс
жағдайлары субаймақтың жас мемлекеттерінде
ішкі жағдайдың тұрақсыздануына алып келді,
басқарушы режимге қауіп төндірді» [1]. АСЕ-
АН құрылуында ұлттық аймақтық, халықаралық
қа тынас тардағы мүдделер сияқты факторлар
негіз болады. Оңтүстік-Шығыс Азия аймақтағы
экономикалық артта қалушылық, Жалпы
өндірістік потенциалын көтеру, халықаралық
капиталистік шаруашылық жүйесіндегі эконо-
микалық тұрақтылыққа жету үшін нақты
эко номикалық кооперация мен интеграция
ассосацияға бірігуінің объективті сұраныстары
АСЕАН-тың негізгі заңы болып табыла-
ды. Бонгкок декларациясында айтылғандай
ассосацияның негізгі мақсаттары мыналар:
экономикалық өсімді арттыру; əлеуметтік прог-
ресс пен мəдени даму, Біріккен Ұлттар Ұйымы
жарғысының
негіздеріне
сүйене
отырып
халықаралық қатынастарда əділеттілік жəне
аймақтағы ынтымақтастық пен тұрақтылықты
дамыту, əлеуметтік мəдени, ғылыми, тех-
никалық, əкімшілік жəне экономикалық (ауыл-
шаруашылық өндіріс, сауда, транспорт) сектор-
ларда өзара көмек пен серіктестік; халқының са-
лауатты өмір сүруіне жағдай жасау [2]. АСЕАН
құрылып болғаннан кейін бəрі ойдағыдай болып
кетті деп айтуға да болмайды. Олардың да өзара
шиеленістері болды, кейбір мамандар сондай
кері əсер АСЕАН-тың өмір сүруін тоқтатады деп
ойлайды. Алайда, оны да шешуге тырысты.
Оңтүстік Шығыс Азия елдері ассоциациясының экономикалық интеграциясының дамуы
32
ҚазҰУ хабаршысы. Халықаралық қатынастар жəне халықаралық құқық сериясы. №2 (58). 2012
Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің Ассоциа-
циясы құрылу уақытына дейін оның болашақ
құрылтайшылары мен мүшелерінің бір-бірі-
мен ынтымақтастық тəжірибесі аз болатын.
Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің Ассоциация-
сы құрылуының алдында 1961 жылы Тайланд,
Малайзия, Филиппины қатысуымен Оңтүстік-
Шығыс Азия Ассосациясы жəне 1963 жылдан
бастап Мафилиндо (Малайзия, Филиппины, Ин-
донезия) конференциясы өмір сүрген болатын [3].
Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің ұйымын
құру туралы алғашқы ұсыныс 1958 жылы
ақпанда Малайзия премьер-министрі Абдул
Рахманның Коломбаға сапары кезінде айтылған
еді, Абдул Рахман аймақта тұтастыққа қол
жеткізу үшін Оңтүстік-Шығыс Азия елдері
басшыларының кеңесіне шақырды [4]. АСЕАН-
тың саяси ынтымақтастығының негіздерінің бірі
Оңтүстік-Шығыс Азия бейтараптану концепция-
сы болып табылады. Алғаш рет Оңтүстік-Шығыс
Азияны бейбіт зонаға айналдыру идеясы 1968
жылы қаңтарда Малайзия парламент мүшесі
Тун Исмаилдың парламентте сөйлеген сөзінде
айтылған болатын, ол өз сөзінде елден ағылшын
қарулы күштерінің толық шығарылғанынан
кейін, Оңтүстік-Шығыс Азия Ұлы держава-
лар кепілдендіретін бейтараптандыру зонасына
кіруі, шабуыл жасамау туралы келісімшарт жəне
бейбіт қатар өмір сүру саясатын ұстанатыны
жөніндегі декларацияға қол қоюы қажет деп
жариялады [5]. АСЕАН-тың бүкіл халқының
бəрін қосқандағы санынан территориясының,
халқының саны жөнінен Индонезия басты
рөлді ойнады. АСЕАН елдері жанжал, дағдарыс
жағдай кезінде сыртқы араласудан жəне əскери
күшті қолдануға қарсы тұрды. АСЕАН басқа
елдерге түрткі болуы мүмкін деген негізде
қорғаныс пактісін қабылдаудан алшақтап жүрді.
АСЕАН-тың (Индонезиядан басқа барлық елдері
қауіпсіздік жөнінде шетел мемлекеттерімен
əскери келісім-шарттары болды. Филиппин
жəне Тайландтың АҚШ-пен, Малайзия жəне
Сингапур 5 мемлекеттің Лаос, Австралия, Жаңа
Зеландия қорғаныс келісім-шартының мүшесі
болды. Бірнеше факторлардың жиынтығының
арқасында 1990 жылдардың алғашқы жартысы-
на таман АСЕАН елдері өздерінің экономикалық
өсімінің жоғары қарқынын көрсетті:
қолайлы географиялық жағдай (климат,
сыртқы теңіз коммуникациясының ашық тығы,
бай табиғи ресурстарының болуы);
саяси фактор, яғни аймақ мемлекеттері нің
арасындағы ашық шиеленістердің болмауы;
шетелдік капиталды шақырудағы ОША мем-
лекеттері басшыларының экономикалық сая-
саты;
демографиялық-шетелдік инвесторлар үшін
қолайлы «еңбек заңнамасының» арқа сында ар-
зан жұмыс күшінің болуы.
Сөзсіз, шетелдік инвестициялардың ОША-
ның геосаяси потенциалымен қоса осы аймақ-
тың экономикалық өсіміне алып келді. АТА
елдеріне американдық инвестициялардың қай та-
рылуы Европаның 12,1%-ның 9,4%-мен салыс-
тырғанда жоға ры рақ. Сондықтан да АТА-дағы
АҚШ-тың капиталы 1990 жылдар мен 1994
жылдар аралығында Европаның 4,3% орташа
салыс тырғанда 6,6% жоғары. Мұндай бет а лыс
келешекте де байқалмақ.
Достарыңызбен бөлісу: |