Оңтүстік Шығыс Азия елдері ассоциациясының экономикалық интеграциясының дамуы



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата24.05.2023
өлшемі1,18 Mb.
#96343
1   2   3   4
Байланысты:
654-1-1290-1-10-20160703

Кесте: Кеңеюден кейінгі АСЕАН
Ел
Халқы (мың)
Территория 
(шаршы км)
ЖІӨ $ млрд.
Бруней
317
5,770
4,9
Камбоджа
10,430
181,040
2,9
Индонезия
200,745
1,919440
88,6
Лаос
5,200
236,800
1,1
Малайзия
22,000
329,750
67,5
Мьянма
49,500
678,500
19,0
Филиппиндер
94,044
300,000
64,5
Сингапур
3,076
648
84,4
Таиланд
62,990
514,000
117,0
Вьетнам
78,852
329,560
329,560
Қайнар көзі: U.S. State department. www.stategov. 
1995 жылы 15 қарашада АСЕАН Бангког тегі 
5 саммиті кезінде 7 басшы біртұтас ОША құру 
жəне 2000 жылы ОША 10 елін біріктіретін топ 
туралы шешті. Камбоджа, Лаос жəне Мьянма 
шақырылды. Келесі күні 10 мемлекет Оңтүстік-
Шығыс Азиядағы ядролық қарудан еркін 
аймақ құру туралы құжатқа қол қойды. Олар 
Бангкок декларациясының астынан жəне ОША 
Достық жəне ынтымақтастық келісім-шартын 
жақтаушылары деп жариялады. АҚШ адам 
құқықтарының бұзылу себептеріне Мьянманы 
қабылдауға қарсы тұрды. Клинтон президенті 
АСЕАН елдерін не болмаса да Мьянманы 
қабылдаудан бас тартуға көндіру үшін аймаққа 
арнайы екі өкілдерді жіберді. Ол АСЕАН 
қатынасты үзетіндігі жөнінде жариялады. 
Малайзия Мьянма ұйымның 30 жылдық мерей-
тойына таман АСЕАН мүшесі болады деп 
жариялады [11].
1996 жылы қараша айында Джакартада 
өткен бейформальді саммитте бір мезетте Кам-
боджа, Лаос, Мьянманы қабылдау шешілді. 
Тайланд, Филиппин, Сингапур басшылары 
Мъянманы қабылдауды кішкене артқа қал-
дыруын сұрады. Филиппин ұстанымдары 
ел дегі продемократиялық топтардың жəне 
бұқаралық ақпарат құралдарының күшті қысы-
мымен түсіндірілді. Джакартадағы саммитте 
үш мемлекетті қабылдауды нақты мерзімдері 
көр сетілмеді. Алайда ол 1997 жылы тамыз айы, 
шектеу мерзімі 1997 жылдың желтоқсан айында 
қабылдау күтілді. Малайзия басшысы елдерді 
қабылдауда табандылық танытты, өйткені ол 
АСЕАН кеңеюге қатысқан белсенді мүшесінің 
бірі ретінде тарихқа кіргісі келді. Басқа жағынан 
бұл мəселе жөнінен ол батыстан қалғысы 
келмеді.
Лаос жəне Камбоджа техникалық жəне 
бюро кратиялық сипаттағы ел ішінде мəселелері 
болды. 1967 ж. ақырында олар АСЕАН мүшесі 
болды. 
АСЕАН мүшелікте бірнеше критерийлері 
болды:
1) географиялық; 2) экономикалық (ДСА 
мү шесі болу), АЕСА шеңберінде еркін саудаға 
дайын болу; 3) жұмыс тілі ретінде ағылшынды 
қолдану; 4) АСЕАН 6 немесе 7 елдерінде өкіл-
діктерінің болуы; 5) АСЕАН сауда серік тесінің 
бірі болуы.
1993 жылы АСЕАН Оңтүстік-Шығыс Азия 
елдері жəне басқа мемлекеттер қатысуымен 
Аймақтық мінбер (АРФ) ұйымдастырды. АРФ-
тың жыл сайынғы кездесулер нəтижесінде 
АСЕАН мүше-мемлекеттері жəне диалог 
қатысушылары үшін Оңтүстік-Шығыс Азия 
жəне 
Азия-Тынық 
мұхит 
аймағындағы 
қауіпсіздік, бейбітшілік жəне даму пробле-
малары бойынша өзекті мəселелерді талқы-
лаудың маңызды жəне тиімді құралына айналды.
1995 жылы Вьетнам АСЕАН құрамына кірді, 
1997 жылы Лаос, Мьянма, 1999 жылы Камбоджа 
Ассоциация мүшесіне айналды. Бұл АСЕАН-тың 


Оңтүстік Шығыс Азия елдері ассоциациясының экономикалық интеграциясының дамуы
36
ҚазҰУ хабаршысы. Халықаралық қатынастар жəне халықаралық құқық сериясы. №2 (58). 2012
бұрынғы мүшелері үшін де, жаңа мүшелері үшін 
жаңа тарихи кезеңнің басталуымен тең болды.
Оңтүстік-Шығыс Азия аймағының бір-біріне 
қарсыласушы топтарға бөлінуінің аяқталуы 
Оңтүстік-Шығыс Азия барлық елдерінің бірігу 
үрдісін аяқтады, аймақ бір ұйымға бірікті.
АСЕАН құрамына жаңа мүшелердің 
кіруі саяси дивидендтер əкелуімен қатар, бір-
қатар жаңа жəне күрделі проблемаларды алға 
қойды.
Ассоциацияның жаңа мүшелерінің бар лығы 
дерлік экономикалық дамуының төмен дең-
гейімен сипатталды. 1997 жылы адам басына 
шаққанда жалпы ішкі өнім (ВВП) көрсеткіші 
Вьетнам, Лаос, Камбоджада топтың бұрынғы 
мүшелері арасында аз дамыған Индонезия мен 
Филиппиннан 3,1-3,5 есе, Мьянмада 11,2-11,6 
есе кем болды [11].
Осындай жағдайда экономикалық даму 
деңгейлерінің айтарлық айырмашылықтарында 
қоғамдастық бұрынғы жəне жаңа мүшелері 
арасындағы ынтымақтастықты дамыту болашағы 
абсолютті көлемі бойынша да, номенклатурасы 
бойынша да шектеулі болды. Ынтымақтастық 
мүмкіндіктерін Лаос, Камбоджа, Мьянма жəне 
азырақ деңгейде Вьетнам экономикасында 
коммерциялық қызмет қажетті шаруашылық 
көне тəсілдерінің үстем болуы, нарықтық 
инфра құрылымның дамымағандығы, ұлт тық 
экно миканың барлық секторларында маман дан-
дырылған кадрлардың жетіспеушілігі сияқты 
факторлар қысқарта түсті.
Осының барлығы Үндіқытайдың мемле-
кеттерінің ішкі аймақтық экономикалық байла-
ныстар деңгейін төмендете түсті. Əсіресе бұл 
өзара саудада айқын байқалды. Сондықтан 
Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің импортында 
Вьетнам, Лаос, Камбоджа, Мьянманың жалпы 
үлесі 1997 жылы 7,2%-ды, экспортта – 2,6% 
құрады, бұл АСЕАН-тың ішкі аймақтық 
саудасында олардың қатысуының мүлдем төмен 
екендігін байқатты [8].
Лаос, Камбоджа, Вьетнам жəне Мьян-
маның АСЕАН-қа кіруін Азиаттық дағдарыс 
та қиындата түсті. Ассоциация бұрынғы 
мүшелері көптеген қиындықтарға кездесті, 
дегенмен де, бұл елдердің экспорттық өнім 
бағасын арзандатты, ал бұл жағдай олардың 
əлемдік нарықта бəсекеге қабілеттілігін 
арттыру арқылы олардың экономикасының 
экспорттық салалары потенциалын сақтап 
қалды. Ассоциация жаңа мүшелері əлемдік 
нарықтағы үлесі аз болғандықтан, дағдарыс-
тан зардап шекпеді десе де болады, дағ-
дарыс жылдарында Үндіқытай елдерінің 
экономикалық потенциалы керісінше өсе түсті. 
2001 жылға қарай 1997 жылмен салыстырғанда, 
ЖІӨ өсуі Камбоджада 104%, Лаоста 108,4%, 
Вьетнамда 122,2%, Мьянмада 162%-ды құрады. 
Адам басына шаққанда да жалпы ішкі өнім 
көрсеткіші Сингапурмен салыстырғанда 1997-
2001 жылдар аралығында Вьетнамда 0,6 есе, 
Лаоста 0,3 есе жоғарылады.
1995 жылы желтоқсанда Бангкокта 
АСЕАН-тың жоғарғы деңгейдегі бесінші 
кездесуі өтті. Кездесуде АСЕАН-тың эконо-
микалық ынтымақтастық рөлінің артықшылығы 
туралы шешім қабылданды, соған байланысты 
Ассоциацияның негізгі күш-жігері оның мүше-
лерінің бəсекеге қабілеттілігін арттуға, АСЕАН-
ты əлемдік ірі масштабты өндіріс аймағына 
айналдыруға, əлемдік аренада бір саяси бағытты 
жүргізуге бағытталу керек. Осы кездесуде 
АСЕАН мүше-мемлекеттері Оңтүстік-Шығыс 
Азияны ядролық қарусыз зонаға айналдыру 
туралы келісімге қол қойды, бұл бейбіт, тұрақты 
жəне қауіпсіз Оңтүстік-Шығыс Азия аймағын 
қалыптастыруда маңызды жеңіс болды.
АСЕАН жаңа мүшелердің кіруінен туын-
даған күрделі міндеттер мен проблемаларға, 
1997-1998 жылдары қаржылық дағдарысқа 
қарамастан, өзінің халықаралық аренада ай-
мақтық ұйым ретінде тұтастығын, үлкен 
потенциалын жəне Еуропалық одақ, НАФТА 
сияқты ірі аймақтық интеграциялық ұйым-
дармен бəсекелесе алатынын көрсетті.
Қаржылық дағдарыс схемасы былай бол-
ды: сыртқы капиталдың жаппай кетуі ұлттық 
валюта бағамының төмендеу қаупін туғызды
одан кейін ішкі нарықта қызмет етуші шетелдік 
институционалды инвесторлар капиталды 
сырт қа шығаруға жəне алынған пайданы бекітуге 
тырысты. Нəтижесінде, дағдарыс қаржылық 
нарық тың түрлі салаларына тарады.
Дағдарыстың пайда болу механизмінің 
макро экономикалық түсіндірмелерінің арасында 
зерттеушілер, ең алдымен, 1995-1997 жылдары 
жүзбелі валюталық бағам шарттарындағы өсуші 


А.А. Байтокова-Тешнер
37
ISSN 1563-0285 KazNU Bulletin. International relations and international law series. №2 (58). 2012
капитал келуін бөліп көрсетеді, бұл реалды 
валюталық бағамдарды асыра бағалауға əкелді, 
ол өз кезегінде сауда балансының, ағымдық 
есептерінің жетіспеушілігін күшейтті. Қаржы-
лық белсенділік нарығында спекулятивті интен-
сивті топталуына əкелді.
XX ғасырдың соңғы онжылдығы АСЕАН 
үшін шешуші кезең болды. Онжылдық ішінде 
АСЕАН алғашқы жиырма жылда іске асырмаған 
жоспарларын орындады. Ең алдымен, эко-
номи калық интеграцияны тереңдету бары-
сында АСЕАН Еркін сауда зонасын құру ту-
ралы шешімнің қабылдануы, АСЕАН қосу үш 
формуласы шеңберінде ҚХР-мен қатынастарды 
дамыту үлкен жетістік болды. АСЕАН мүше-
мемлекеттері АФТА-ны қалыптастыруда да зор 
жетістіктерге жете алды. Ішкі аймақтық саудада 
кедендік кедергілерді төмендету, ұлттық 
экономиканы 
аша 
түсу, 
экономикалық 
потен циалды арттыру, халықаралық саудаға 
шығаратын тауарлар тізімін кеңейту бағытында 
көптеген істер жасалынды.
Ұйым құрамына Вьетнам, Лаос, Мьянма, 
Кам боджа қосылуы арқылы Оңтүстік-Шы-
ғыс Азия аймағының толық бір ұйымның, 
бір мақсаттың, бір саясаттың жолында бірігуі 
Ассоциация елдерінің өзара мəселелерін шешу 
бағытындағы қадамдарының сəтті болған дығын 
көрсетеді. АСЕАН-тың кеңеюі жаңа саясат, 
жаңа аймақтық экономиканы таныт қанымен, 
АСЕАН-тың интеграцияға, ай мақ тылыққа жету 
мақсатында бір саты алға жылжығандығын 
білдіреді.
ХХ ғасырдың 90-шы жылдарының басында 
əлем дік саяси ландшафта болған позитивті 
өзгертулер Азиаттық-Тынықмұхиттік аймақ тағы 
қауіпсіздік саласы бойынша көпжақты диалог 
пен ынтымақтастықты жақсартуға жағымды 
алғышарттар алып келді. Олардың өзегі ретінде 
қауіпсіздік бойынша Аймақтық форум орын 
алды (ААФ) – бүгінгі күнде АТА-дағы жалғыз 
үкіметаралық құрылым.
Жоғарыда айтылған аймақтағы қауіпсіздік 
құрылымының пайда болуы – халықаралық 
қатынастар тарихындағы абсолютті жаңа жəне 
бірегей кезең болып келеді. Соңғы уақытқа 
дейін АТА-да көпжақты дипломатияның білгілі 
бір дəстүрлері мен тəжірибелері болмады. 
Сондықтан, АТА-дағы сондай Форумның пайда 
болуы үлкен мəнді білдіреді, өйткені саяси ойлау 
қабілетінің жаңа кезеңге көшуі, өзекті қауіпсіздік 
проблемаларға кең түрде назар аудару бүгінде 
қажеттілігін жойған жоқ. 
Бір жағынан, Ассоциация АТА-дағы ма-
ңызды саяси полюстердің рөлін атқарды. Басқа 
жағынан, аймақтық саясатындағы АҚШ, Қытай, 
Жапония жəне Ресей сияқты ірі мемлекеттердің 
көпжақты қатынастарға қызығушылық білдіру 
жолымен, олар қауіпсіздік саласындағы көптеген 
проблемаларды шешуге арнайы «дəліз» құрды. 
Əдебиет
1. Шреплер Х.А. Международные экономические 
организации: Справочник. Перев. С.А. Тю-
паева, И.Н. Фомичева. – М., 1999. – С. 321-
323.
2. Колыхаловой Г.П., Петрова А.И. Внешняя 
политика стран Азии. – М., 1988. – С.54-59.
3. Рогожин А.А. Экономические интересы 
в ЮBA – год 2000 и перспективы // Юго-
Восточная Азия в 2000 г. Актуальные 
проблемы. – М., 2001. – С. 261-263.
4. www.prometa. Ru
5. Устинова Т.Н. Политика США и Японии в 
АТР и проблемы безопасности // Проблемы 
безопасности в Азии. – М., 2001.
6. Ашимбаева М.С., Шоманова А.Ж. Страны и 
регионы мира в современных международных 
отношениях. – А., 2006.
7. U.S. State department. www.stategov. 
8. Ефимова Л.М. Проблемы безопасности в 
Азиатско-тихоокеанском регионе. – М., 1999. 
9. Gates R.M. Preventive Diplomacy: Concept and 
Reality. – PacNet Newsletter, 1996. N 39, Sept. 
27.
10. Бэттлер А. Национальные интересы, нацио-
нальная и международная безопасность. – 
С. 156.
11. Крупянко М.И. Япония в системе Восток-
Запад: политика, экономика. – М., 1991.
12. World Investment Report, 2004. Investment, 
Trade and International Policy Arrangements. 


Оңтүстік Шығыс Азия елдері ассоциациясының экономикалық интеграциясының дамуы
38
ҚазҰУ хабаршысы. Халықаралық қатынастар жəне халықаралық құқық сериясы. №2 (58). 2012


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет