Оңласын Айдын Отан-тарих :[өлеңдер жинағы]- түркістан : 2020 53 б. Осы еңбегімді әке-шешеме, барша достарыма,өлең сүйер оқырманға



Pdf көрінісі
бет2/13
Дата24.05.2023
өлшемі1,07 Mb.
#96432
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Отан-тарих жинағы.Оңласын Айдын.

 
 
 
 



НАҒЫЗ АҚЫН 
 
Ақындықтың шыңына шығу үшін, 
Биік шыңға өлең туын тігу үшін. 
Сөз байлығы керек-ақ әр ақынға 
Арлы істің мол сырын ұғу үшін. 
Шындықты шырылдатып жаза білсе, 
Еліне жырдан алқа таға білсе, 
Осы жан-нағыз ақын дер едім мен 
Өлеңімен тау суындай аға білсе. 
«Ақындық-даналық» деп ұрандайын, 
Нағыз ақын болады қырандайын. 
Көсіліп иен далада сайран салған, 
Нағыз шебер болады құландайын. 
Сөз маржанын алыстан іздеп терген, 
Аз болды ма ақындар өлең өрген. 
Абай мен Мағжандардан үлгі алыңыз 
Халқына қара сөздің нәрін берген. 
2014 
 
 
 
 



ӘЗ НАУРЫЗ 
Жер жаңарып сұлулықтың лебі есіп, 
Күлімдеген Күн менен Ай теңесіп. 
Төс қағысып кешіреді бір-бірін, 
Кеткен жандар араздасып егесіп. 
Наурыз деп жырлағанда жағым талмас, 
Еш мереке онымен теңесе алмас. 
Наурыз көже,бауырсақ , сары майдың, 
Татқандар тәтті дәмін ұмыта алмас. 
Наурызым-көңіл-күйдің шамшырағы, 
Биші қыздар мерекені жандырады. 
Әншілер бұлбұлдайын күміс-көмей, 
Ән шырқап, ел айызын қандырады. 
Бұнымен мерекеміз бітпек емес, 
Қариялар жиналып құрар кеңес. 
Қыз жігіт алтыбақан тебіседі, 
Бұл мейрамда болмайды ешбір егес. 
 



МҰҚАҒАЛИ АҚЫН 
Тебіренсем ақиық ақын жайлы, 
Жан-жүрегім дәл оттай лапылдайды. 
Қалайша келістірер десеңізші, 
Әсемдеп,әрлеп,сырлап болған жайды. 
Бар сезімін өлеңге сыйдырыпты, 
Оқушысын күйдіріп-сүйдіріпті. 
Оқырманның жүрегіне сәуле беріп, 
Жырларымен іс жасаған игілікті. 
Өле-өлгенше сүйіп өткен үш бақытын, 
Ұрпағына қалдырған жыр жақұтын. 
Өлеңдері әр жанның санасында, 
Мәңгі жасар жырымен халқы үшін. 
Қара өлеңді дәріптеп,үлгі қылған, 
Халқына алқа таққан сұлу жырдан. 
Маңдайына біткен бағы қазағымның, 
Жүз жылда бір туатын тұлпар тыңнан. 
Бөліп қарау мүмкін емес өлеңінен, 
Жарып шыққан жүрегінің тереңінен. 
Шығарамасын бей-жай оқу мүмкін емес, 
Оқырманға ой салар мазмұны кең. 
Сұлулықтың сипаттады түр-түсін де, 
Белгісіз тылсым сырын,мол күшін де. 
Қаншама жырлар жазып кетті өмірден, 
Әттең-ай,құрметтелмей тірісінде. 



ЖАН ӘКЕ 
Жан әке асқар тауым,ардақтымсың, 
Ұлылықтың көгінде самғадың шың. 
Отбасыңды ойладың әрқшан да, 
Көкірегіңде,жүрегіңде жатса да мұң. 
Қадір тұттым өзіңді ардақтадым, 
Осылайша сөзімді салмақтадым. 
Өмірдің қиынына төзе білдің, 
Бұл өмір салса-дағы салмақтарын. 
Отбасыңды бірлікке жетеледің, 
Жастайымнан өзіңе еркеледім. 
Ұлдарыңды ерлікке шыңдай білдің, 
Еңбек ету жағынан дес бермедің. 
Балаларың өсті міне құлыншақтай, 
Біздерді өсірдіңіз қағып,баптап. 
Жастайымнан сіңірдіңіз тәрбиені, 
Біз өстік ақылыңды есте сақтай. 
2014 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет