2013
16
ТӘУЕЛСІЗДІК
Тәуелсіздік тұғырың сенің биікте,
Қасиетіңді кейбіреулер біліп пе?
Асқақтаған есімің сенің биікте,
Қалады мәңгі лүпілдеп соққан жүректе.
Тәуелсіздік деп шарықтайды асқақ ән,
Тәуелсіздік тұғырым деп мақтанам,
Қасиетіңе бас иемін әрқашан ,
Тарихымды білмеймін деуден сақтанам.
Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ,
Оны ешкім қолымызға берген жоқ.
Тәуелсіздік аңсап өткен бабалар,
Отарлыққа,қыспақтарға көнген жоқ.
Жас ұрпақты тәуелді етпейік деп ,
Тәуелсіздік әперіп кетейік деп.
Аға,әпкелер көнді бар қиындыққа,
Бір парызды орындап кетейік деп.
17
ҚАЗАҚСТАН
(әуені бар )
Қазақстан- Отаным,туған жерім,
Жас ұрпағың сүйеді туған жерін.
Өз Отанын сататын опасыздармен,
Күреседі жас ұрпақ өрендерің.
Қайырмасы :
Қазақстаным,
Жасыл орманым,
Егемен елге әнімді арнадым.
Алға тек алға,
Жеңіс тек алда.
Күшіңді жина,
Қатардан сен қалма.
Күшті әрі білімді жастарың бар,
Білек емес біліммен мыңды жығар.
Отан үшін жан берген ата-бабамдай,
Елі үші күш жинап сапқа тұрар.
Туған елге бас ием ,тағзым етем,
Қазақстан дамыса көкке жетем.
“Отансыздың күні қараң” дейді халқым,
Туған жерге жететін жер бар ма екен?
18
МЕКТЕБІМ
Мектебім-ұшқан ұям,алтын бесік,
Құшағындай ананың ашық есік.
Мектепке кітап сырын ақтардық біз,
Ой- сананы толықтырып,өсіп-өніп.
Оқушыға мектептің берері мол,
Қадам басқан шәкіртке ашады жол.
Ой-санаңды шынықтырып,білім алсақ,
Өміріңде ешқашан болмайсың қор.
Болашақ мектебіңнен басталады,
Мектебің жүрегіңде сақталады.
Білім алған мектептен әрбір шәкірт,
Шыңдарға жете берер асқар әлі.
19
АУЫЛЫМ
Ауылымның сай-саласы ,
Кең жазира даласы.
Мөлдір таза бұлағы,
Мен үшін қымбат бағасы.
Аққолтық-туып өскен дархан жерім,
Аунап-қунап ,жүгірген асқар белім.
Бір ауылда тұрамыз ,бір халықпыз,
Ұмытпаған өзінің ата-тегін.
Қысы қандай,жер ақ көрпе жамылғандай ,
Жаңбыры мол жақұт моншақ тағынғандай.
Көктем келсе жер жаңарып ,құлпырады,
Жер дүние сұлулыққа бағынғандай.
Көз саламын ауылыма тамсана,
Өтті күндер бұл мекенде қаншама.
Ауылыңа не жетеді шіркін-ай,
Ауылыңнан басқаны сен ойлама.
Адамдары еңбекқор, мейірімді,
Бірлігі мол ,бір-біріне кешірімді.
Келген жаннан көмегін аямайды,
Жат санамас ешқашан еш біріңді.
20
АБАЙ АТАМА
Абай атам - асыл сөздің шебері,
Сөз қалдырған ұрпағына келелі.
Кетсе дағы сан жыл бұрын өмірден,
Күллі қазақ әлі ұлықтап келеді.
Ұйқастары керемет,
Қарасөзі сан қырлы.
Зейін қойып үңілсең,
Танисың сен тағдырды.
Бедерлі сөз қалдырды,
Біздей асыл ұрпаққа.
Өлең мен қара сөзінде,
Жауап бар көп сұраққа.
Сөз қадірін көтерді биік шыңға
Өлеңдерін құлақ салып, ұйып тыңда.
Қазақтың бас ақыны атанды ол,
Ойшыл әрі философ, дара тұлға.
Сөзі алтын ,күмістен қаланғандай ,
Әр жолы нәзік сырдан жаралғандай.
Заманның нар тұлғасы ,сөзге шешен,
Сөз шебері жете алар оған қандай?
Лирикалық өлеңдері жанға жақын,
Сөз өнерін паш еткен дара ақын.
Есептеді өлеңді өнеге деп,
Ұға білген о бастан сөздің парқын.
21
ІЛИЯС АҚЫН
Ілияс ақын ,танымал,елге жақын,
Жасампаз ,Құлагердей дүлділ ақын.
Бола білді өнер мен күй жаршысы,
Ән мен жырға бөлеген қазақ халқын.
Сөз байлығы арындап ,тасып жатқан,
Қазақ халқы Ілиясты етер мақтан.
Сара жолды ,дара жолды жалғай білді,
Абай, Жамбыл, Махамбеттен келе жатқан.
Қара қобыз домбыраны қадір тұтқан,
Сөз қадірін түсініп,ерте ұққан.
Өлеңдері таудың таза бұлағындай,
Тау-тасты ,жартастарды бұзып жыққан.
Жастайынан айырылды анасынан,
Қиын шақта сая болған панасынан.
Өлең жазып жастайынан,өнер қуып,
Ақындық қабілетімен бағы ашылған.
Сегіз қырлы бір сырлы ақын текті,
Ұғынымпаз,жастайынан болған епті.
Өнерлі әкесінен тәлім алды,
Білім іздеп көп елге сапар шекті.
Қара қобыз , домбыраны дәріптеді,
Бұл сөзімнің дәлелі - “Әнші” өлеңі.
Әнші Әсеттің өнеріне тамсанады,
Әншіні бұлбұл құспен тең көреді.
22
Өлеңімен ұрпаққа берген тәлім,
Ақындық қабілеті елге мәлім.
Терең сезіп ән-күйдің құдіретін,
Әдебиетке әкелген жаңа сарын.
Асқар таудай биік ақын дара тұлға,
Сөздері жалын атқан бізге мұра.
Аманаты елмен бірге жасай берер,
Ұрпақтары көтерер биік шыңға.
Мүсіні көркем,кең тынысты өлеңі,
Бар өлеңі рухани ләззат береді.
Оқырманның ойына ой қосады,
Тереңінен сөз маржанын тереді.
Жастық қиял көңіліне шабыт берген,
Тәлім тәрбие алады өскен елден,
Жер жәннаты Жетісудың ұланы,
Жақұт сөзбен әсемдеп өлең өрген.
Халықтың өміріне куә болды,
Адаспай дұрыс тапты сара жолды.
“Күйші”мен “Құлагердей” шығармалар,
Оқырманға салады терең ойды.
23
МАХАМБЕТ
Махамбеттің батырлығы бір төбе,
Сөз саптауы ,ақындығы бір төбе.
Арыстандай жүрегі бар батыр ұл,
Жауға ұшқан нық тиетін сұр жебе.
Халқы үшін түнде ұйқы көрмеген,
Елі үшін жауға шауып терлеген.
Жан берісіп, жан алысып жауменен,
Қиындықта бірге болған елменен,
Отан үшін найзағайдай жарқылдар.
Табылар ма Махамбеттей асылдар.
Игілікті жинастырған бойына,
Болса болсын нақ осындай батырлар.
Көптің зарын қосқан әрбір жырына.
Қайсы адам құлақ түрді мұңына ?
Жатырқамай айтыпты іштегісін,
Жетсем деді ақиқаттың шыңына.
Аттан түспей Атамекен, Отан деп,
Батырлықпен елге үлес қосам деп.
Қаймықпастан айта аламын мынаны,
Ерлікпенен пара пар сөз-Махамбет.
24
КІМ БОЛАМ?
Тілмаш болсам меңгерген жетпіс тілді,
Іссапармен аралап түрлі елді.
Өзге елмен байланысып ,танытар ем,
Қазағымды ,халқымды ,дүйім елді.
Ақ халатты абзал жан,жүзі нұрлы,
Талай науқас адамның бетін бұрды.
Бұл мамандық әлбетте бізге керек,
Денсаулығы адамның өте құнды.
Әнші болсам бұлбұл дауыс,жезтаңдай,
Әнімді естіп халқым таңдай қаққандай.
Таң қалдырсам әлемді әсем әнмен ,
Туғаннан-ақ жырдан алқа таққандай.
Білім берсем ұстаз болып балаға,
Білім кілтін ұстаздарсыз таба ма.
Кітап сырын ақтаратын талмайтын,
Ғылым нұрын сіңіретін санаға.
Құрылысшы ғимараттар тұрғызған,
Зәулім үйлер ел назарын бұрғызған.
Көздің жауын алатын еңбектері,
Бар адамды таң-тамаша қалдырған.
Ел таңдайтын мамандықтар тым көп-ақ,
Өзіңе тән мамандықты іздеп тап.
Мамандығың жүрегіңмен дос болса,
Қонғаны ғой таптырмайтын нағыз бақ.
Достарыңызбен бөлісу: |