Информатика: турганов мадияр



Pdf көрінісі
бет6/10
Дата25.05.2023
өлшемі1,42 Mb.
#97203
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Турганов Мадияр Компьютер желісі база

39. Модем – модуляция (цифрлық сигналдарды аналог сигналдарға түрлендіру) мен 
демодуляция (аналог сигналдарды цифрлық сигналдарға түрлендіру) тудыратын құрылғы 
40. Модемдер сыртқы және ішкі болады. Ішкі модем аналық (жүйелік) плата ұясына (слот) 
қойылады. Сыртқы модем жеке құрылғы түрінде компьютердің тізбектік портына 
қосылады. 
41. Модем сапасының негізгі сипаттамасы – оның жол бойы қамтамасыз ететін ақпарат тарату 
жылдамдығы. 
42. 
Коммутатор (switch) – бірнеше сегментті біріктіруге арналған 
құрылғы. Өткізгіштік қабілеті 100 Мбит/с, тіпті 1000 Мбит/с-ға дейін жетеді. 
43. Коммутатор құрылғысы коммутациялық кесте сақталатын қауымдастырылған жад деп 
аталады 
44. Бағдарлауыш пен коммутатор арасындағы айырмашылықтардың бірі олардың жұмыс істеу 
жылдамдығына байланысты. Коммутатор деректерді өте жылдам өңдейді, бағдарлауыш 
сияқты әрбір деректер пакетін тексеріп, талдамайды. Дегенмен, бағдарлауыштарды үлкен 
желі тораптарында пайдаланған тиімді, себебі коммутаторлардың бағдарлау кестесін 
өлшемінің аздығынан үлкен желілерде қолдану қиындау 
45. TCP/IP – интернетпен жұмыс істейтін барлық компьютердің негізгі тілі. Хаттама – деректерді 
толық әрі қатесіз беру үшін келісілген және бекітілген ережелер. 
46. TCP (Transfer Control Protocol) – деректерді тасымалдауды басқару хаттамасы.  
47. IP (Internet Protocol) – желілер арасындағы хаттама. 
48. Қолданбалы деңгейдегі хаттамалар: 
a. HTTP (Hyper Text Transfer Protocol ) – гипермәтінді тасымалдау 
b. FTP (File Transfer Protocol) – файлды тасымалдау 
c. SMTP (Simple Mail Transfer Protocol) – электрондық поштаны жіберу. 
d. POP3 (Post Office Protocol Version 3) – электрондық хатты алу. 
e. . IMAP (Internet Message Access Protocol) – электрондық поштаны алу 
49. Хаттаманың қызметі – сервердегі бір тақырыпқа арналған мәліметтерді блоктарға бөліп, бір 
бумаға кірістіру және қабылдаушы сервер дұрыс түсінуі үшін оған тақырып атын жіберуші 
сервер адресі мен файл адресін енгізу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет