«togb 4350 тағам өндірісіндегі гигиеналық бақылау»



Pdf көрінісі
бет33/52
Дата25.05.2023
өлшемі1,1 Mb.
#97634
түріБағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   52
Байланысты:
tehnol pmm umkd 2022-23 kaz platonus

 
 


№ 1 Тәжірибелік сабақ 
Тақырыбы: Хлорлы қосылыстар негізінде дезинфекциялық ерітінділер дайындау 
 
Сабақтың мақсаты: Хлорлы қосылыстар негізінде дезинфекциялық ерітінділер 
дайындау әдістемесін меңгеру. 
Керекті құрал – жабдықтар:колбалар, цилиндрлер, бюреткалар, 1 %-ды хлорлы әк 
ерітіндісі, 5 %-ды йодты калий, 1:2 қатынасындай сұйылтылған тұз қышқылы, 5 %-ды 
күкірт қышқылы, 1 %-ды крахмал, 0,01 н гипосульфит ерітіндісі, дистилденген су. 
Өңдірістік цехтардың жұмыс орындарын (еден, қабырғалар), құрал-жабдықтарын 
және ыдыстарын профилактикалық дезинфекциялау үшін, хлорлы әк және оның ақшыл 
ерітінділері, хлорамин, жаңа сөндірілген әктің тұнбасы, натрий дихлоризоциянураты, 
үшхлоризоцианур қышқылы, қолданылады. Шыныдан жасалынған ыдыстарды және 
жұмысшылардың қолдарын дезинфекциялау үшін 0,01% белсенді хлоры бар хлорлы әктің 
ақшыл ерітіндісі, ұсақ металды бұйымдар үшін – құрамында 0,015% белсенді хлоры бар 
хлорлы әктің ақшыл ерітіндісі, ірі металды аппараттар үшін (цистерна, ванна) – 
құрамында 0,02% белсенді хлоры бар әкті, еден мен қабырғалар үшін құрамында 0,022% 
белсенді хлоры бар хлорлы әкті, ағаштан жасалған құрал-жадбықтар мен мүліктер үшін – 
құрамында 0,04% белсенді хлоры бар хлорлы әкті қолданылады. 
Жұмыстың жүргізілу тәртібі: 
Хлорлы әктегі белсенді хлорды анықтау. Колбаға мөлдірлендірілген 1 %-ды 
хлорлы әк ерітіндісінің 1 мл құйып, оның үстіне 50 мл дистилденген су, 5 мл 5 %-ды 
йодты калий, 1 мл 5 %-ды күкірт қышқылын, 1 мл 1 %-ды крахмал ерітіндісін қосады. 
Бөлінген бос йод крахмалды көк түске бояйды. Көкке боялған сұйықтықты түссізденгенде 
0,01 н гипосульфит ерітіндісімен титрлейді, 0,01 н гипосульфит ерітіндісінің 1 мл 0,355 мг 
хлорға сәйкес. 
Мысалы: Титрлеуге 8 мл 0,01 н гипосульфит ерітіндісі жұмсалса, 1 мл 1 %-ды 
хлорлы әктің құрамында 2,84 мг (8х0,355) белсенді хлор бар. Құрғақ хлорлы әктегі 
белсенді хлорды анықтау: 1 мл 1 %-ды хлорлы әк ерітіндісінде 0,01 г құрғақ хлорлы әк 
бар, сәйкесінше 0,01 г құрғақ хлорлы әкте 2,84 мг немесе 0,00284 г белсенді хлор болады. 
Сонда 100 г құрғақ хлорлы әктегі белсенді хлордың мөлшерін анықтау үшін пропорция 
құрады: 
0,01 – 0,00284 
100 – х,
4
,
28
01
.
0
00284
.
0
100



X
г немесе %. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет