2. Родентицидтердің құрамындағы зоокумарин массалық үлесін анықтау Зоокумарин. Эмпирикалық формуласы С
19
Н
16
О
4
. Молекулалық массасы 308,34.
Қасиеттері. Сұрғылт сары ұнтақ, өзіне тән иісі бар. Балқу температурасы 153-156
0
С. Суда аз ериді, спирт, ацетон, эфир және басқа да органикалық ерітінділерде нашар
ериді. Сілтілердің сұйылтылған ерітінділерінде жеңіл ериді.
Тазалығын анықтау. Препараттан 1 гр алып, көлемі 250-300 мл колбаға салады,
үстіне 100 мл су құйып, 2-3 мин қайнатады. Ерітіндіні салқындатып, сүзеді. Тұнбасын 100
мл сумен шаяды. Сүзіндіге 3 тамшы фенолфталеин индикаторын тамызып, 0,1Н күйдіргіш
натр ерітіндісімен қызғылт түске дейін титрлейді.
0,1Н күйдіргіш натрдың 1 мл ерітіндісі 0,0162 г оксикумаринге сәйкес келеді. Оның
мөлшері препаратта 1% кем болмауы керек.
Сандық мөлшерін анықтау. 0,3 гр препаратты көлемі 100 мл колбаға салып, 25 мл
ацетонда, су моншасында абайлап қыздыра отырып ерітеді. Салқындатылған ерітіндіге 3
тамшы фенолфталеин индикаторын тамызып, 0,1Н күйдіргіш натр ерітіндісімен қызғылт
түс пайда болғанша титрлейді. 0,1Н күйдіргіш натрдың 1 мл ерітіндісі 0,03083 гр
зоокумаринге сәйкес келеді.
Алынған зоокумариннің пайыздық мөлшерінен 4-оксикумариннің пайыздық
мөлшерін 1,903 көбейте отырып есептейді. Препаратта зоокумарин мөлшері 89% кем
болмауы керек.
А тізімі бойынша құрғақ, салқын жерде сақтаймыз.
Бақылау сұрақтары: 1. Дератизация дегеніміз не?
2. Ветеринариялық санитариялық шаралардағы дератизацияның орны
3. Дератизациялық препараттарға сипаттама
4. Ет-сүт өңдеу орында жүргізілетін дератизацияның ерекшеліктері
№15-16 Зертханалық сабақ Тақырыбы: Ет-сүт өңдеу кәсіпорындарындағы дезинсекция
Сабақ мақсаты: Зиянкес жәндіктерге арналған улы алдамыштарды дайындау және
қою әдістерін игеру.