құрылғыларды стерильдеуге қатысады. Бірақ, осы күнге дейін асқын сірке қышқылының
борпылдақ материалдарға терең қолданыс табуына қол жеткізілген жоқ. Пластиктен
дайындалған, сонымен қатар, сүйекке және жүрек қақпақщаларына енгізуге арналған
имплантанттар да, асқын сірке қышқылының көмегімен стерилдеуден өтеді.
Асқын сірке қышқылы сонымен қатар, бактерия мен клетка кешенінің нәрлі ортасын
және сарысу ортасын консервациялауға қатысады. Асқын сірке қышқылын қолданған
жағдайда тері дәрілік формасының сақталуы артады. Ол сонымен қатар ауыз қуысын, қол
терісін зарарсыздандыруға қолданылады. Бірақ, қол терісінің зақымдануы немесе
қолданыстан кейінгі әсерінің болуы тіркелмеген. Асқын сірке қышқылы зертхана
жануарларын зарарсыздандыруға ертеден-ақ пайдаланылғанымен, онда коррозиялық
белгілер байқалған. Бірақ оған қарамастан ол осы салада әлі күнге дейін қолданыс табуда.
Асқын сірке қышқылын сонымен қатар, қолданылу концентрациясына қарай құрттардың
жұмыртқаларын ұрықсыздандыру мен жоюға қатысады.
Бұл дезинфектантты көптеген зерттеулерден өткізгеннен кейін, оны аэрозоль
ретінде де қолдануға болатыны аңғарылды. Анықтау барысында, оның дезинфекциялық
әсері формальдегидтен жоғары екендігі және де құрғақ ауада өзінің әсер етуі тұрақты
болатыны анықталды. Әскери қызмет саласында асқын сірке қышқылын контамирленген
бөлмелер мен шұғыл зарарсыздандыруды қажет ететін нысандарға қолданады.
Келесі қолдану саласы азық өндірісі болғанымен, онда коррозия кең
таралғандықтан сирек қолданылады. Азық өндірісінде оны ең бірінші рет қызанақтар мен
жұмыртқаларды зарарсыздандыруға, сонымен қатар қойбүлдіргеннің шіруін алдын алу
мақсатында қолданған. Асқын сірке қышқылын егістікті зарарсыздандыруға қолданған.
Достарыңызбен бөлісу: