«togb 4350 тағам өндірісіндегі гигиеналық бақылау»



Pdf көрінісі
бет37/52
Дата25.05.2023
өлшемі1,1 Mb.
#97634
түріБағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   52
Байланысты:
tehnol pmm umkd 2022-23 kaz platonus

 
 
 


Сутегі асқын тотығының сыртқы түрін анықтау 
Зерттелетін сутегі асқын тотығынан 15 мл және дистилденген судан 15 мл өлшеп 
алып, бірдей пробиркаларға құяды. Екі пробирканы жарыққа ұстап салыстырады. 
Стандартқа сай сутегі асқын тотығының сыртқы түрі дистилденген судан ешқандай 
айырмашылығы болмауы керек. 
Сутегі асқын тотығының массалық үлесін анықтау
Сиымдылығы 250 мл конус тәрізді колбаға 25 мл дистилденген су және 20 мл 
күкірт қышқылы ерітіндісі құйып, үстіне сутегі асқын тотығынан 0,15-0,20 г өлшеп алып 
саламыз. Жақсылап араластырып, марганец-қышқылды калий ерітіндісімен минут ішінде 
кетпейтіндей күлгін түске дейін титрлейміз.
Тәжірибелік жұмыспен қатар бақылау сынамасын қояды. Ол үшін үш сиымдылығы 
250 мл конус тәрізді колбаға 25 мл дистилденген су және 20 мл күкірт қышқылы ерітіндісі 
құйып, сутегі асқын тотығын қоспай, марганец-қышқылды калий ерітіндісімен минут 
ішінде кетпейтіндей күлгін түске дейін титрлейміз.
Сутегі асқын тотығының массалық үлесін мына формула бойынша есептейміз: 
Х=(V-V
1
) х 0,0017xKx 100 , 

мұндағы: 
V- сутегі асқын тотығын титрлеуге кеткен калий перманганатының мөлшері, мл; 
V
1
– бақылау сынамасын титрлеуге кеткен калий перманганатының мөлшері, мл; 
0,0017 – 1 мл 0,1 н калий перманганат ерітіндісіне сәйкес келетін сутегінің асқын 
тотық мөлшері, грамм; 
К – түзету коэффициенті; 
m– зерттелетін сынаманың массасы, г. 
 
Бақылау сұрақтары: 
1. Тотықтырғыш дезинфекциялық ерітінділерді ветеринарияда қолдану 
2. Сутегі асқын тотығының артықшылықтары мен кемшіліктері 
3. Сутегі асқын тотығы негізіндегі дезерітінділерді дайындау 
4. Тотықтырғыштар тобына қандай препараттар жатады? 
5. Тотықтырғыштардың микроорганизмдерге әсер ету механизмі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет