«togb 4350 тағам өндірісіндегі гигиеналық бақылау»


Тақырыбы:Ет-сүт өңдеу орындарындағы дератизация



Pdf көрінісі
бет47/52
Дата25.05.2023
өлшемі1,1 Mb.
#97634
түріБағдарламасы
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52
Байланысты:
tehnol pmm umkd 2022-23 kaz platonus

Тақырыбы:Ет-сүт өңдеу орындарындағы дератизация. 
 
Сабақтың мақсаты: Кеміргіштерге арналған улы алдамыштарды дайындау және 
қою әдістерін игеру. 


Қолданылатын құралдар мен материалдар: Уланудан сақтайтын жеке 
қауіпсіздігіне арналған киімдер: респираторлар немесе дәкеді таңғыштар, резеңке 
қолғаптар, сабын, орамал, жылы су. Улы алдамыштарды дайындауға арналған заттар: 
эмаль кюветалар, Петри аяқшалары, қалақшалар, қағаз, таразы, улар, дәндә дақылдар, 
өсімдік майы, қант. 
Сабақтың мазмұны.Дератизациялық шараларды жүргізу барысында кеміргіштердің 
биологиялық ерекшеліктері есепке алынады. Қазақстанда кеміргіштердің кеңінен 
тарағаны ол егеуқұйрық. Ал, олардан келіп жатқан қауіпті жағдайлар орасан зор.
Егеуқұйрықтардың негізгі биологиялық ерекшелігі – тез дамып, өсіп-өніп, аз 
уақыттың ішінде-ақ көбейіп, жан-жақты жайлап ететіндігі. 
Тиімділігі жағынан кеміргіштерді жою үшін химиялық улы заттар қолдануға 
негізделген. Химиялық улы заттарды қолданудың да бірнеше тәсілдері бар: жемтіктерді 
уландыру, сұйықтарды уландыру және кеміргіштердің індерін, жүретін жерлерін 
тозаңдату. Бұл тәсілдердің әрқайсысы жеке-жеке де, кешенді түрде де қолданылады. 
Егеуқұйрықтардың ескерілетін екінші бір биологиялық ерекшелігі – олар сусыз екі-
үш тәуліктен артық өмір сүре алмайды. Сондықтан да олар құрғақ азық-түлік сақталған 
сусыз қоймаларда уландырылған сұйықтарды (су, сүт, сорпа) өте жақсы ішеді. 
Егеуқұйрықтардың тағы да бір көңіл аударатын биологиялық ерекшелігі – 
жағымсыз тамақты қайта құса алмайтындықтан, қоректенуге өте талғампаздығы. Олар бір 
жерден ешқашанда тоя қоректенбейді. Сондықтан оларға кумулятивтік қасиеті жәй әсер 
ететін родентицидтерді қолданған жөн.
Кеміргіштер, әсіресе егеуқұйрықтар өздері мекен еткен жердегі мал азығын 
ешқандай алаңсыз да қауіпсіз жей береді. 
Сол себепті алдартқыш жасағанда сол жердегі азықтың сапасы жақсыларынан ғана 
жасауға болады. Бидай, арпа, сұлы, жүгері, ұн, әр түрлі құрама жемдер, нан қоқымы, 
тартылған ет және балық, быламықтар, т. б. Алдартқыштар жасау әдістерінің қай түрін 
пайдалану қандай у қолдану қажеттілігіне байланысты. 
Сусымалы жемдер (құрама жем, ұн, т. б.) умен механикалық жолмен 
араластырылады. Оларды бөліп-бөліп жекелей араластырады. Ең алдымен қажетті жемді 
өлшеп алып, сосын уды өлшеп сіңіп кеткенше араластырып, еліктіргіш заттар (өсімдік 
майы, қант, т. б.) қосылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет