Ыдыстар мен кішігірім мүліктерді (жәшіктер, тақтайлар,
жаймалар, пышақтарды,
қайрақты) ыстық 2% кальциленген сода ерітіндісімен немесе 2% депты ерітіндісімен
жуып, шайғаннан кейін оларды температурасы 100С болатын стерилизатордың қаныққан
буында 60 минут бойы немесе қысымы 0,05МПА (температура 111С) болатын автоклавта
30 минут бойы ұстап, зарарсыздандырады.
Субөнімдерді тасымалдайтын құбырларды ыстық кальциленген
сода ертіндісімен
жуады немесе бір мезгілде 4% ыстық демп ертіндісімен жуып зарарсыздандырады. Бұл
ерітінділерді тозаңдатқышы бар форсунка щеткалы құралымен немесе ортадан тепкіш
форсункалар арқылы шашады. 1 сағаттан кейін құбырдағы сілтіні толық кетіргенше
ыстық сумен шаяды. Бұл үшін түтігі бар форсунканы құбырдың ішіне 3 реттен кем емес
болатындай түсіреді. Санитарлық-гигиеналық шаралар кешеніне санитарлық өңдеуден
басқа өндіріс орындарының дезинфекциясы және дератизациясы жатады.
Достарыңызбен бөлісу: