Организмдердің ұрықтанбаған жұмыртқа клеткасынан дамып жетілуін-партеногенез деп атайды.Түзілген жаңа особь өзінің дамып жетілуі үшін жұмыртқа клеткасындағы генетикалық материал мен қорек заттарын пайдаланады (гиногенез).Табиғатта бұл құбылыс паразиттік тіршілік ететін жалпаққұрттарда,төменгі сатылардағы шаян тәрізділерде, бірқатар насекомдарда және кесірткелер мен жыландардың кейбір түрлерінде байқалады.