Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Тақырыбы:Өрмекшітәрізділер
Орындаған:Қасымбек Қалбынұр
Өрмекші тәрізділер (лат. Arachnіda) – омыртқасыздардың бір класы. Өрмекші тәрізділердің класына атмосферамен тыныс алатын мүшелері жапырақшалау келген өкпелері мен кеңірдектері бар құрлықта тіршілік ететін хелицералылар жатады. Денесі – бас көкірек пен құрсақтан тұрады, бірақ бұлары жоғары сатыдағы өрмекші тәрізділерде – кенелерде (Acarina) – жалпы бір бөлім бірігіп кетеді
Бас көкірегі әдетте сегменттенбейді, бірақ өрмекші тәрізділердің кейбір отрядтарында оның кейінгі жағы дербес екі-үш сегментке бөлініп келеді (сольпугалар). Бас – көкіректің алты жұп аяқ-қолдары болады, бұлардың бірінші жұбы ауыздың үстінгі жағында жатады да, қалған бес жұбы ауыздың кейінгі жағында жатады. Аяқ – қолдардың бірінші жұбы хелицералылар (сhelicera) қысқарып, 2-3 мүшелігі ғана қалған.
Орталық нерв системасы бас – көкірегінің артқы жартысында төстабанның үстіңгі жағында шоғырланып жатады. Осы жерде құрсақ тізбегінің бірігіп кетуінен пайда болған жалпайып келген нерв массасы болады. Бұл жұтқыншақ асты массасының сегменттенуі бүйірдегі нервтердің бес жұбының түп жақтарының жуандап келетіндігінен көрінеді, бұлардың алдыңғы жұбы аяқ қармалағышты қамтамасыз етеді де, келесі төрт жұбы жүру аяқтарына кетеді. Артқа қарай екі нерв тіні кетеді де, олар сабақша арқылы құрсаққа еніп құрсақтың ішкі органын қамтамасыз етеді.
Қантарату жүйесіКресті өрмекшінің қан жүру системасы, өздерінің меншікті қабырғалары бар, қан тамырларынан және бірнеше қуыстардан – лакундардан, яки синустардан, құралады, бұл қуыстар дененің ішкі қуыстары болып табылады. Барлық қан тамырлары артериялық қан тамырларының жүйесіне жатады: бұлардың барлығы да қанды жүректен алып шығып, дененің барлық жерлеріне тотыққан қанды таратып алып кетеді.
Кресті өрмекшінің зәр шығару органдары екі түрлі – мальпиги түтікшелері және коксальдық бездер. Бірінші аталған органдар ересек өрмекшіде ғана қызмет атқарады. Ішектердің әр жағында бұтақтанатын екі түтікшеден болады, бұлар ректалъдік қуыққа құярдың алдында бір-бірімен қосылып кетеді.
Бас-көкіректің алдыңғы бөлігінде хелицералардың түп жағында ірі екі без жатады, бұл бездер түп жағы жұмырланған, қысқа цилиндр сияқты. Көбнесе бұл бездер хелицералардың негізгі мүшелеріне азды-көпті батыңқырап тұрады. Бездердің сыртқы жамылғысы спиралъ түрде ширатылып келген мышицадан түзіледі.
Тоқу аппараты екі нәрседен –сыртқы өрмек сүйелдері және ішкі өрмек бездері мүшелерінен құралады. Кресті өрмекшінің үш жұп өрмек сүйелдері бар. Сүйелдің төбесіндкгі жарғақ бетінде ондаған төсіктер болады, міне осы тесіктерден секрет-өрмек шығады. Бұл өрмектер тесіктен шыққан кезінде ауада қатады. Тесіктердің өздері, пішіні де, үлкендігі де түрліше келген ерекше өсіктердің ұшында жатады.