Партограмма – жүктілік ағымында ұрықтың жалпы күй жағдайы, ұрықтың қозғалуы мен жатыр мойнының ашылуын графикалық түрде бейнелеу сипаттамасы болып табылады Бұл босануды болжауда, босану темпін бақылауда және жасалған акушерлік іс шараларға баға беруге мүмкіндік береді.
Партограмма мақсаты – босану процесінің динамикасын босанушы әйел мен ұрықтың жағдайын бақылай отырып көрсету
Партограмманың негізгі маңызды бөліктері:
Босану ағымының, ана және ұрық жағдайы критерийлерінің графикалық суреттемесі (ұрықтың жүрек соғысы, температура, қан қысымын өлшеу, жалпы күй жағдайын бағалау).