YESTERDAY – кеше
THE DAY BEFORE YESTERDAY – алдыңғы күні
AGO – бұрын (10 жыл бұрын - 10 years ago)
LAST – өткен
WHEN – болғанда (When I was a kid I used to play
football - мен кішкентай бала болғанымда футбол
ойнайтынмын)
Көмекші сөздер сөйлемде ең бірінші боп
тұрады. Yesterday Jane had a stomach ache -
Кеше Джейннің іші ауырды.
Немесе ең соңғы орында тұрады:
Jane had a stomach ache yesterday
Present Simple
Ағылшын тіліндегі ең алғашқы шақ Present
Simple-мен танысайық. Қазақ тілінде Present
Simple-ды ауыспалы осы шақ деп атайды.
Яғни, біздің күнделікті істеп жүрген,
қайталанатын іс-әрекеттер, факттар туралы
айту үшін біз ағылшын тілінде Present
Simple-ды қолданамыз.
Present Simple мына жағдайларда
қолданылады:
1. Жалпы факттарды суреттеу үшін. It takes 1
hour to fly to Almaty from Nur-Sultan - Алматыдан
Нұр-Сұлтанға дейін ұшуға 1 сағат кетеді
2. Әдеттеріңіз бен әрдайым қайталатын іс-
әрекеттер үшін: Aidos works out every day -
Айдос күнде спортпен айналысады
3. Қалауыңыз бен талғамыңыз туралы айту
үшін: I prefer cold coffee - Мен суық кофені
ұнатамын (қалаймын)
4. Кестелерді айту үшін: The museum works
from 9 am to 4 pm - Музей сағат таңғы 9-дан
кешкі 4-ке дейін жұмыс жасайды
Present Simple структурасына қарайық:
(+) I, they, we, you + V
She, he ,it + Vs/es
(-) I, they, we, you + do not + V
She he it + does not + V
Достарыңызбен бөлісу: |