Инфекция көзі: ауру адам және микробтасымалдаушы
Тарау жолы:
1.тұрмыстық-қатынас
2.ауа тамшысы
3.ауа шаңы
4.тағамдар арқылы
Аурулары:
120 дан астам ауру түрі бар:пиодермия, шиқан, сыздауық, панариций, абсцесстер, ангина, цистит, холецистит, мастит, сепсис, астан улану ( токсикоинфекция) т.б.
патогенезі:
Стафилококктар тері және клегейлі қабат арқылы организмге енеді. Адам патологиясында S.aureus –тің ролі зор. Көбінде тері зақымдалады және тері асты клетчаткасы. Олар пиодермиттер, шиқан, сыздауық, панарицийлер.Акушерлік тәжірибеде-жаңа туған нәрестелер сезімтал. Астан улануда- кұсу, іш өту, бас ауру симптомдары болады. Иммунитеті:
Адамда бұл микробқа қарсы табиғи резистенттік қалыптасқан. Ол механикалық факторлармен, фагоцитозбен және антиденелермен байланысты. Иммунитеттің негізгі факторы-антитоксиннің түзілуі ( ауру пайда болған кезде) Жүре пайда болған иммунитет-тұрақты емес.
Алдын- алуы:
Санитарлық гигиеналық жағдайды жақсарту, микробтасымалдаушы мен ауруларды дер кезінде анықтау, ауруханалардағы санитарлық-гигиеналық жұмыс режимын жақсарту.
Арнайы алдын алу:
Стафилококк анатоксинін, стафилококқа қарсы иммуноглобулинді қолдану.
Емдеуі:
Антибактериялы-препараттар, поливалентті.бактериофагын пайдалану
Созылмалы түрінде-аутовакцинаны қолдану қажет.
Стафилококкты микробиологиялық зерттеу
Мақсаты: стафилококктарды бояу және идентификациялау
Материалдары:
1.Ірің (фурункул, карбункул, абсцесс)
2.Кілегей-таңдайдан(баспа-ангина)
3.Қақырық-(пневмония)
4.Несеп-(пиелит, цистит)
5.Өт солі-(холецистит)
6.Қан-(сепсис)
7.Құсық, асказан жуындысы, тағамдар-( астан улану)
8.Мұрын қуысынан кілегей ( микробтасымалдаушылық)
Негізгі зерттеу әдістері:
1.Микроскопиялық
2.Микробиологиялық
3.Биологиялық
Зерттеу жолы:
I- күн
1) Ірің:
а)ЖСА және 3%-5 % қанды агарға егу
ә)жағынды әзірлеу, Грам әдісімен бояу, микроскопиялау
2) Кілегей: а)ЖСА және қанды агарға егу
3) Несеп:
а) центрифугадан өткізу, тұнбасын ЖСА мен қанды агарға егу
ә) жағынды әзірлеу, Грам әдісімен бояу, микроскопиялау
4)Қақырық: а) ЖСА мен қанды агарға егу
5)Өт солі а) ЖСА мен қанды агарға егу
6)Құсық, тағамдар: а) Алдымен бірқалыпты масса жасап алады (изотониялық ерітіндімен ыдысқа салып эмульгация жасау керек) 1-2 мл эмульсияны ЖСА-ға егеді
7)Қан: а) Қантты сорпаға егеді: барлық егінділерді термостатқа 37 0С 24 сағатқа қояды. Егер микроскопияның нәтижесінде препараттан стафилококкты көрсе, алдын ала
стафилококк табылды деп жауап беруге болады.
II- күн
Термостаттан сұйық және тығыз қоректік орталарды алып зерттейді.
ЖСА-дағы стафилококқа ұқсас күмәнді колониялардан қиғаш агарға егеді. Табақшаларды, бөлме t 0-да қалдыру қажет, өйткені стафилококктар пигмент түзетін микробтар.
Қанды агардағы колониялардан гемолиз байқалса, оларды да қиғаш агарға егу керек.
Қантты сорпаға егілген қанды термостатқа 10 тәулік ұстайды, 2-3 күн сайын тексеріп тұру және қанды агар мен ЖСА-ға егіп тұру қажет.
III- күн
Термостаттан өсінділерді алады(пробиркаларды). Қиғаш агарда өскен микроб өсіндісінен жағынды әзірлейді, Грам әдісімен бояйды.Микроскопиялайды.
Грам+ стафилококктар табылса:
1.плазмокоагуляция реакциясын қояды
2.гемолитикалық қасиетін зерттейді
3.ДНК-азаны анықтайды
4.Манниттің ыдырауын анаэробты жағдайды анықтайды
5.Новобиоцинге сезімталдығын анықтайды
Достарыңызбен бөлісу: |