I-Плазмокоагуляция реакциясы.
Қоянның қанынан алынған цитратты плазманы изотониялық ерітіндіде 1:4 дәрежесінде ерітіп, 2 пробиркаға 0,3-0,5 мл көлемінде құяды.
1- пробиркаға-зерттелген дақылды егеді
2- пробирка-бақылау
Термостатқа 370 С қойылады. 2-3 сағатттан кейін (кейде ұзақ тұруы мүмкін) реакцияны оқиды. Егер коагулаза ферменті болса 1 пробиркадағы плазма ұйып қалады, ал бақылау пробиркасындағы плазма сұйық күйінде қалады. Бұл стафилококк болғаны.
II -Гемолитикалық қасиетін анықтау
5% қанды агарға егеді. Стафилококк-гемолиз зонасын түзу керек.
III-ДНК-заны анықтау
Құрамында ДНК бар ортаға-зерттелетін дақылды егеді. Термостатқа қояды. 18-20 сағ кейін өскен колонияларға 5-7 мл HCI хлорлы сүтек қышқылын құяды.Егер ДНК-қышқылмен реакцияға түссе, ортаға лайланады.Егер дақыл ДНК-аза ферментін түзетін болса, ол ДНК-ны деполимеризациялап, ортаны лайланады.
IV.Анаэробты жағдайы маннитті ыдырату. Маннит қосылған қоймалжын агарға зерттелетін дақылды егеді. Қоректік ортаның бетіне вазелин майын құйып, термостқа қояды. Егер оң реакция болса-маннит ыдырап, ортанын түсі өзгереді (өйткені индикатор қосылған).Осы қасиеттердің барлығы St aureus , яғни патогенді стафилококқа тән қасиеттер.
Фаготипирлеу методикасы
1,5% ЕПА- ның 20 мл ден Петри табақшасына құяды, салқындағаннан кейін термостқа 30-40 минутқа қойып кептіреді.Агардың бетіне 1 мл 4-6 сағаттық дақылды егіп, термостатқа кептіруге қояды. Алдын ала табақшаны секторларға бөлу керек. Секторлардың саны қолданылатын фагтардың санына тең болуы қажет. Әрбір квадратқа немесе секторға бір фагтан тамызып, термостқа қояды 370 С. 6-7 сағаттан кейін нәтижесін оқиды. Бұл реакцияға фагтардың бөлшектенген тесттері қолданылады.Фагтын бөлшектенген тесттісі- стафилококк штамын ерітетін фагтың ең жоғарғы (максимальды) бөлшегі.
Қоректік орталары
1.Жұмыртқаның сары уызы қосылған агар (Чистович агары)
2.Қанды агар
3.Тұзды сорпа, тұзды агар ЕПА+8-10% NaCI
ЕПС+8-10% NaCI
Стрептококктар
Е алғаш тапқан оқымыстылар: Бильрот 1874 ,Пастер 1879. Стрептококктар екіге бөлінеді:
St. pyogenes ( гемолитикалық)
St. pneumonia (пневмококк)
Гемолитикалық стрептококктар.
Морфологиясы. Шар тәрізді, микробтың көлемі 0,6-1 мкм, полиморфты, спора түзбейді, қозғалмайды, кейде нәзік капсула түзуі мүмкін. Грамм оң боялады. Жағынды препаратта тізбектеліп моншақтап орналасады.
Достарыңызбен бөлісу: |