Адам организмі өмір бойы климаттық, радиациялық, тағамдық, әлеуметтік сияқты
әртүрлі қоршаған орталық жағдайлардың үдіксіз әсерінде болады. Организм қоршаған
ортаның үздіксіз өзгерістеріне үнемі бейімделіп отырады; олардың біразы организм үшін
Тым шетен алғашқы немесе бұрын ұшыраспаған әсер жаңа адаптациялық жауаптар
туындатады. Ондай әсерге қарсы тұра алмаған жағдайда, организмінің әрекеті бұзылып,
адаптациялық жауап шегіне жетпейді де, адам ауырады.
Ауру — организмнің патологиялық фактордың әсеріне жауабы; тіршілікке икемділігі
бұзылып, қоршаған ортаға бейімделу қабілеті кеміп, еңбекке жарамдылық шектеледі. Ауру
да, деннің саулығы сияқты — тіршілік көрінісінің бірі; оған да заттар алмасуы тән және ол
да қоршаған ортамен тығыз байланысты.
Ауру организмнің сау организмнен айырмашылығы — симптомдар, яғни нышандар
байқалады. Симптомдар негізгі (диагноз қою үшін маңызды) және жалпы (дімкәстік, т.б.)
топқа жіктеледі. Ауруға тән симптомдар жиынтығы синдром деп аталады. Мысалы, анемия
— синдром; оның құрамына эритроциттер санының кемуі, олардың қандағы пішінінің
әртүрлілігі, гемоглобин мөлшерінің кемуі сияқты симптомдар кіреді.
Ауру туа пайда болған және жүре пайда болған болып жіктеледі.
Аурудың даму барысы (ағымы) кезеңді.
Достарыңызбен бөлісу: