Патология — аурудың туындау, даму және аяқталу заңдылықтарын зерттейтін іргелі ғылым. Оның зерттейтін мәселесі— ауру организм. Патологиялық анатомия



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата12.05.2022
өлшемі170,88 Kb.
#34197
1   2   3   4   5
Жеке аурулар патологиясы аурулардың жеке түрлерін зерттейді. 

Патология — медицинаның іргетасы. Өйткені ол аурудың мәндік негізін, құрылымдық 

және функциялық бейнесін айқындап, олардың алдын алу және емдеу жолдарын іздестіреді. 

Патологияның міндеттері және мақсаты — патологиялық үдерістер мен аурулардың 

мәнін танып, пайымдау. Ол міндеттерді орындау үшін мына әдістер қолданылады: 

• аутопсия — мәйіттен алған материалды зерттеу. Науқастардың органдарында аурудан 

дамыған өзгерістер мен өлу себебін анықтау үшін  мәйітті жүйелі ретпен ашып, зерттейді

• биопсия — науқастың органынан шағын тілім (биоптат) алып зерттеу; науқасқа тірі 

кезінде диагноз қоюға болады

•  эксперимент  —  аурудың  (үдерістің)  жануарларда  қалыптастырылған  үлгісінен 

жинақтаған деректерді зерттеу. Әдетте, аурулардың адам ауруына ұқсайтын эксперименттік 

үлгілері  жасалады.  Сөйтіп,  аурулардың  даму  механизмдерінің  ерте  кезеңдерін  зерттеп, 

олардың  ағымын  қолойлы  жолға  салып,  диагностикалық  және  алдын  алу  мәселелерінің 

тиімді шешімін  табуға болады

• визуалдық,  яғни макроскопиялықжарық немесе  электрондық микроскоптармен 

зерттеу — ең кең қолданылатын әдіс. Патологиялық үдерістердің мәнін танып, пайымдау 

үшін клиникалық зерттеу деректері де қолданылады. 

ЕЕА 2. Нозология анықтамасы. Аурудыңдамуы мен аяқталуы. 

Нозология (гpekтің nosos - aypy, дерт, logos - iлiм) ауру туралы жалпы ілім. Бул медицина 

ғылымынын ең бiр көне күрделі мәселесі. 

Аурудың мәнін түсіну үшін денсаулықтың не екенін түсіну кажет. Бүгінгі күнге дейiн 

денсаулық  толык  зерттелмеген.  Дені  сау  адам  деген  түсініктің  нағыз  белгілері  әлі 

жинақталмаған. Мысалы, егер 1000 дені сау деген адамды әртүрлі ағзалар мен жуйелердін 

қызметтерін сипаттайтын 100 көрсеткішпен тексерсе, онда тексерiлгендердiң 0,6% ғана сау 

адамдарға ілінетіні байқалған. Осыдан адамдардың барлығы бірдей ауру деуге болмайды. 

Егер  организімнің  сыртқы  қоршаған  орта  (адам  үшін  әлеуметтік  орта)  жағдайларына 

бейімделу кабiлетi бузылмаса, онда олар дені сау адамдар катарына жатады.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет