Өліктің сіресіп қалуыдене бұлшықеттерінің қатайып, тартылып қалуына байланысты. Бұл өзгерістердің негізінде биохимиялық процестер жатады. Тірі организмдегі бұлшықеттердің белгілі бір тонуста тұруы аденозин-3-фосфат қышқылының бұлшықеттерімен байланысты болуымен түсіндіріледі.
Өліктің сіресіп қалуы дене бұлшықеттерінің қатайып, тартылып қалуына байланысты. Бұл өзгерістердің негізінде биохимиялық процестер жатады. Тірі организмдегі бұлшықеттердің белгілі бір тонуста тұруы аденозин-3-фосфат қышқылының бұлшықеттерімен байланысты болуымен түсіндіріледі.
Өліктің кебуі өлгеннен кейін денедегі сұйықтықтардың құрғап және буланып кетуінің нәтижесі. Бұл процесс өлгеннен соң бірнеше сағаттан соң басталып терінің, шырышты қабықтардығ кеуіп қалуына алып келеді. Көздің мөлдір қабығы күңгірттеніп, ақшыл қабығы өзінің реңін жоғалтып сарғыш түсті болады. Еріннің шырышты қабығы, терінің жұқа жерлері қатып, бүрісіп қоңыр-қызыл түс алады.
Қанның қайта бөлінуі өлгеннен соң артерия қан тамырының қысқаруының нәтижесінде вена тамырларына өтеді және өзінің салмағына байланысты дененің төменгі бөлігінде жайғасқан бөліктерінде жинала бастайды. Жүректегі және ірі вена тамырларында қан ұйып қалады.
Қанның қайта бөлінуі өлгеннен соң артерия қан тамырының қысқаруының нәтижесінде вена тамырларына өтеді және өзінің салмағына байланысты дененің төменгі бөлігінде жайғасқан бөліктерінде жинала бастайды. Жүректегі және ірі вена тамырларында қан ұйып қалады.
Өлік дақтары өлгеннен соң 2-4 сағаттан кейін пайда болады. Олар өліктің төменгі бөліктерінде көкала- қызыл немесе қоңыр-күлгін түсте көрінеді.
Өліктің сууы өлгеннен соң организмдегі зат алмасу процесінің тоқтауына байланысты. Дене жылуы бірте – бірте азайып, айналадағы температурадан 0,5-1 С төменірек дәрежеге дейін түседі.