6В10155 «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 3 курс студенттеріне
«Патологиялық анатомия» пәнінен арналған емтихан сұрақтары
1 деңгей
1. Патологиялық анатомия, оның мазмұны, мiндеттерi, объектiлерi, зерттеу әдiстерi мен деңгейлерi.
2. Патанатомиялық қызмет және оның денсаулық қорғау жүйесiндегi маңызы.
3. Дистрофиялар анықтамасы: дистрофия жасушалық метаболизмнiң бұзылуының көрiнiсi және
зақымданудың түрi (альтерацияның).
4. Қоректенудiң (трофиканың) жасушалық және жаcушадан тыс механизмдерi. Дистрофиялардың
дамуының себептерi.
5. Парехиматоздық дистрофиялар, олардың белоктық (диспротеиноздар), майлы (липоидоздар),
көмiрсулы түрлерi, этиологиясы.
6. Стромалық-қантамырлық дистрофиялар. Жіктелуі, этиологиясы.
7. Амилоидоздың жiктелуi, оның түрлерiнiң сипаттамасы.
8. Аралас дистрофиялар, жіктелуі, этиологиясы.
9. Хромопротеидтер алмасуының бұзылуының себептерi, түрлері
10. Минералдар алмасуының бұзылуы оның түрлерi
11. Эксикоз. Калий және натрий алмасуының бұзылуы.
12. Некроз. Некроздың жергiлiктi өлiм ретiндегi анықтамасы. Паранекроз, некробиоз, аутолиз туралы
ұғым.
13. Апоптоздың сипаттамасы, түрлері, этиологиясы.
14. Өлiм, өлiм белгiлерi. өлiм себептерi.
15. Мәйiттi жарудың этикасы. Танатогенез бен реанимация туралы ұғым.
16. Жалпы және жергiлiктi қан айналымының бұзылуы туралы ұғым, олардың бiр-бiрiмен байланысы,
жiктелуi.
17. Веналық толыққандылық, жалпы және жергiлiктi, жедел және созылмалы түрлерi, этиологиясы.
18. Iрiңдi қабыну. Анықтамасы. Жекеленген түрлерiнiң морфологиялық сипаттамасы (флегмона,
абсцесс, эмпиема).
19. Экссудативтi фибриндi қабыну. Жалпы сипаттамасы. Қан-тамырлардың өткiзгiштiктерiнiң
жағдайы.
20. Фибриндi қабыну түрлерi: крупозды, дифториялық. Мысалдар.
21. Катаральды қабыну, түрлерi, морфологиялық сипаттамасы.
22. Сарысулы қабыну, морфологиялық сипаттамасы.
23. Геморрагиялық қабынудың дамуының ерекшелiктерi. Морфологиялық сипаттамасы.
24. Шiрiктi қабыну, морфологиялық сипаттамасы
25. Аралас қабыну, морфологиялық сипаттамасы.
26. Гранулематоз. Гранулематоздың кинетикасы.
27. Қан айналымының бұзылысына сипаттама, жіктелуі.
28. Iсiктiң анықтамасы, iсiктiң өсуi және оның таралуы туралы түсiнiк
29. Iсiктердiң этиологиясы. Кәзiргi кезеңдегi iсiктiң өсуiн қарастыратын теориялар.
30. Iсiктiң экспансиялық, инфильтрациялық (инвазиялық), аппозициялық, экзофиттi және эндофиттi
өсуi.
31. Қатерлi, қатерсiз және өскен жерiн деструкциялайтын (бұрын өсетiн) iсiктер. Қатерлiлiк белгiлерi.
32. Метастаздың түрлерi және заңдылықтары қайта асқыну жайлы түсiнiк. Iсiктердегi екiншi
өзгерiстер.
33. Iсiктердiң қазiргi кезеңдегi жiктелуi. Оның құру принциптерi.
34. Жасушалық (клеточный) және тiндiк (тканевой) атипизм, оның сипаттамасы.
35. Арнайы даму орны жоқ эпителий iсiктерi, қатерсiз, қатерлi. Рак, және оның түрлерi.
36. Орын толтыру және бейiмделу процесстерi, мәнi, биологиялық және медициналық маңызы.
37. Регенерация. Анықтамасы. Регенерацияның негiзi және биологиялықмаңызы. Структуралық
элементтердiң қайта қалыптасу (орнын толтыру) сатылары.
38. Жараның жазылуы.
39. Бейiмделу. Анықтамасы, маңызы. Орнын толтыру. Анықтамасы. Маңызы.
40. Орнын толтырудың түрлерi: қызметтiк (компенсаторлық) және викарлық (орнын басатын)
гипертрофия.
41. Дистрофиялардың жiктелуi.
42. Қан жүйесінің аурулары және ісіктерінің анықтамасы, жіктелуі.
43. Балаларда кездесетін ісіктердің түрлері, сипаттамасы
44. Мезенхималық ісіктердің жіктелуі, этиологиясы
45. Саркома, оның түрлерi. Мезенхималық iсiктердiң ерекше түрлерi.
Достарыңызбен бөлісу: |