99
салмағына
ғана емес, эндотелиалдық клеткаларда болатын өзгерістерге де байланысты
(Marchesi, 1964).
Т а м ы р л а р ө т к і з г і ш т і г і н і ң ө з г е р у і. Тамырлар өткізгіштігінің артуы
қабыну кезінде байқалады. Тамырлар өткізгіштігінің артып, тамырдан тканьге сұйықтың
көптеп бөлінуі зақымдану ошағындағы қан ағысы мен лимфа ағысы жылдамдығының
бұзылуын, сондай-ақ капиллярларда гидростатикалық қысымның артуын коллоидтық –
осмостық деп атайды. Қабыну кезінде капиллярларда гидростатикалық қысымның артуын
тұңғыш рет Клеменсиевич бақады (1908).
Тамырдан тканьге сұйықтың көптеп ағуына қабыну
ошағындағы тканьдердің
осмостық қысымының артуы ерекше әсер етеді, ал мұның өзі қабынған тканьдердегі
коллоидтардың дисперстігінің (бөлшектенгіштігінің) күшеюінен пайда болады.
Ақырында, сұйықтың тамырлардан тканьге ауысуына судың қабынған тканьдердегі
коллоидтармен байланысуы – қабынған тканьдердегі коллоидтық-осмостық немесе
онкотикалық қысымдардың артуы ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: