_____________________________________________________________________________________
Кафедра Патологической анатомии и судебной медицины с курсом патофизиологии
Билет 18 Артериялық гиперемия, анықтамасы, себебі, түрлері, даму механизмдері, микроциркуляциялық жағдайлары. Артериалды гиперемияның сыртқы көріністері, олардың патогенезі. Артериалды геперемия салдары.
Балалар бөлімшесіне 3 жастағы ұл бала түсті. Қарау кезінде: бала өсіп келе жатқан құрдастарынан бойы әлдеқайда төмен, беті тегіс, аузы жартылай ашық, төменгі ернінен сілекей ағып тұр, көз саңылауы тар, бет сүйек доғасы алға шығыңқы, алақан көлденеңінде тері қатпары көрініп тұр. Кариотип: 46,XY, t(+14, 21).
Бала қандай аурумен ауырады?
Кариотип формуласына талдау жасаңыз. Қалыптыдан қандай айырмашылығы бар?
Бұл аурудың болжам себептері қандай? Тағы қандай симптомдар бұл ауруға тән?
_____________________________________________________________________________________
Кафедра Патологической анатомии и судебной медицины с курсом патофизиологии
Билет 19 Холестерин алмасу бұзылысы, гиперхолестеринемия, атеросклероз патогенезі.
Науқас В., 40жаста. 1,5 жыл бұрын АЭС-дағы апаттың ликвидациясына қатысқан. Дәрігерге айқын әлсіздік, бас айналуына, аздаған мөлшердегі қақырықты құрғақ тұрақты жөтелге шағымданды. 20 жыл бойы үздіксіз темекі шеккен, бірақ соңғы екі жылда тоқтатқан. Соңғы 6 айда бірнеше инфекциялық ауруларды жұқтырған, соның ішінде ринит, бронхит және пневмония. Бронхоскопия барысында оң жақ бас бронхта ісік анықталды. Ісік тінін гистологиялық зерттеу барысында ісік клеткалары анықталды.
Бронх ісігіне себеп болатын фактор қандай?
Концерогеннің дамуына қандай фактор әсер етті? Олардың әрекет ету механизмдері қандай?