_____________________________________________________________________________________
Кафедра Патологической анатомии и судебной медицины с курсом патофизиологии
Билет 16 Панкреатиттік және панкреатиттік емес инсулин жеткіліксіздігі, даму механизмдері.
Сол жақты жүрекше-қарынша аралық саңылаудың стенозы бар науқасты қарау барысында цианоз және азды-көпті қол-аяқ ұштарында ісінулері байқалды, білектері мұздай. Тырнақ ернеуінің қантамырларының микроциркуляциясын биомикроскопиялық зерттеу барысында майда вена қан тамырларының ұлғайғаны, қанағысының баяулағаны анықталды.
Бұл қандай перифериялық қанайналым бұзылысы?
_____________________________________________________________________________________
Кафедра Патологической анатомии и судебной медицины с курсом патофизиологии
Билет 17 Липидтердің ас қорыту жолына тағаммен бірге түсу, қорытылуы мен сіңуінің бұзылыстары. Себептері мен салдары.
Жіліншік флегмонасы бар науқасқа антибиотикті енгізгеннен кейін 20 минут ішінде: мазасыздық, үрей сезімі, қатты бас ауруы, терінің қышуы, беттің қызаруы, терлеу пайда болды; қан қысымы — 180/90 мм с.б., пульс 120. Осыған байланысты дәрігер науқасты палатаға жіберіп, төсекке жатуды ұсынды. 20 минуттан кейін науқастың жағдайы күрт нашарлады: әлсіздік, бетінде бозару және тыныс шығарудың біртіндеп нашарлау сезімі, ақыл есінің бұзылуы, клонико-тоникалық сіресулер дамыды. АҚ 75/55 с.б. күрт төмендеді. Науқасқа алғашқы медициналық көмек көрсетілді.
Пациентке антибиотик енгізгеннен кейін қандай патологиялық жағдай дамыды?
Осы патологиялық жағдайдың даму механизмі қандай?
Пациентті осы патологиялық жағдайдан шығарудағы жедел медициналық көмек шаралары қандай?