Теңгерілмеген ацидоз. ҚСҮ бұзылысының патогенезіне қарай түрі туралы қорытынды жасаңыз. Жауапты негіздеңіз.
Теңгерілмеген аралас ацидоз. Жасанды демалдыру О2-ң аз түсуі гиперкапния газдық ацидоз гипоксия дистрофия зат алмасудың қышқыл өнімдері мет.ацидоз ОЖЖ-ғы ауыр өзгерістер ҚСҮ көрсеткіштерінің мәнін бағалаңыз. Науқастағы ҚСҮ бұзылыстарының себебі не?
Оттегінің гор-ге аз түсуі. Содан көмірқышқыл газы жиналған. Науқастағы ҚСҮ бұзылыстарының теңгерілу тетіктерін түсіндіріңіз.
Сутегінің артығы қан ақуыз-мен бейтараптанады. 4 Көмірқышқылы карбангидраза фермңенттын әсерінен су мен СО2-ге. 2 Сутегі иондары эритроцит пен тін жас-на еніп, олардан калий, натрий, кальций босап шығады; 3 Қышқыл өнімдер гидрокарбонаттармен әрекеттесп, көмір қышқылы мен бейтараптанған қышқылдың натрий тұзы босап шығады. 1 Билет -12 1.Газдық және газдық емес алкалоздар, себептері, патогенезі, теңгерілу тетіктері.
Жауабы :
Газдық алкалоз өкпенің гипервентиляциясы кезінде көмірқышқылы газы организмнен артық шығарылып кетуі нәтижесінде дамиды. Осыдан организмде гидрокарбонат иондарының басым болып кетуі байқалады. Бұл кезде өкпе үяшықтарындағы ауада және қаңда рСО2, қатты азаяды. СО2,-ның қанда азаюын гипокапния дейді. Бұл тыныс алу орталығының қозымдылығы төмендеуіне әкеледі. Осыдан тыныс алу сиреп, СО2, организмде ұсталады. Гипокапния кезіңде эритроциттерден хлор иондары қан сүйығына ауысады. Олар гидрокарбонаттан натрииді ығыстырып, СО2, деңгейі көбеюіне әкеледі.
Қанда СО2, азайғанда бүйрек түтікшелерінде натрий иондарының кері сіңірілуі тежеліп, сутегі иондарының секрециясы азаяды. Несеппен сілтілік өнімдердің шығарылуы артады. Сонымен бірге, газдық алкалозды теңгеру үшін қанның нәруыздық буфері қатысады. Нәруыздар сілтілік заттарды байланыстырып, Н'-иондарын босатады. Н' иондары жасушалардан да босайды. Осылардың нәтижесінде көмір қышқылының гидрокарбонатқа қатынасы қалыпты деңгейде сақталады. Бұл алкалоз үзақ мерзімде теңгерілген болады. Бұл теңгерілу жолдары жеткіліксіз болғанда немесе олар тым әлсіреп кеткенде қанның реакциясы сілтілік жаққа ығысады, теңгерілмеген алкалоз дамиды, рН деңгейі 7,45-тен жоғары көтеріледі .
Газдық алкалоз кезіндегі организмнің бүзылыстары негізінен гипокапния дамуына байланысты болады. Гипокапнияның нәтижесінде:
- тыныс алу орталығының қозымдылығы төмендеп, тіпті үзілісті тыныс дамуы мүмкін; қан тамырларының қимылдық орталығы тежеледі, артериялық
қысым төмендейді, жүректің минөттік және соққылық көлемі азаяды;
- қанның жартылай корларында жиналып қалуынан, айналымдағы қанның көлемі азаяды, артериалық және көктамырлық қысым төмендейді;
-мида гипоксия дамиды; натрий мен калий иондары несеппен артык шығарылуынан қанда осмостық қысым төмендейді. Содан несеп шығарылуы көбейіп, организмнің сусыздануы байқалады.
Бұл алкалозды емдеу негізінде тыныс алу орталығының жоғары қозымдылығын азайту, тыныс алу үшін СО, бар газдық күрамдар беру қажет.
Газдық емес алкалоз
Газдық емес алкалоз организмде сілтілік қосындылардың мөлшері көбейгенде дамиды. Оның себептері болып төмендегі жағдайлар есептеледі:
организмге көп мөлшерде сілтілік заттарды (гидрокарбонатты,
лактатты, цитратты т.б.) сырттан ентізгенде;
- толастамайтын құсу, асқазан тесігі, асқазан қалтқысының тарылуы, гастоэнтероколит кездерінде асқазан сөлінің көп мөлшерде организмнен сыртка шығарылғанында. Түз кышкылын өндіруге қажетті хлор ас түзы ыдырауынан босайды. Босаған натрий ионы кері қанға сіңіріліп, НСО, анионымен қосылады, натрий гидрокарбонат түзіледі. Содан келіп қанда соңғысының қоры көбейіп, оның реакциясы сілтілік жақка ығысады;
- бүйрек қызметі бұзылудан сілтілердің организмде жиналып қалуы; - бүйрек үсті бездерінің гормондары артық түзілгенде немесе оларды емдік мақсатта сырттан енгізгенде натрийдің кері сіңірілуі артады. Бикарбонаттардың қандағы деңгейі көтеріледі. Осыдан қандағы Н иондарының деңгейі азаяды, рH жоғарылайды;
балаларда туа біткен газдык емес алкалоз болатыны белгілі.
Бүл аурудың негізінде ішектердің ауруларына байланысты организмнен хлор мен калий иондары артық шығарылады. Қанда олардың деңгейі азаяды, гипохлоремия және гипокалиемия дамиды. Қан плазмасында гидрокарбонаттардын деңгейі басым болады. Ауру балаларда ұдайы іш өтулер болады, сол арқылы хлор көптеп организмнен шығарылады. Балалардың дене мүшелерінің дамуы кешеуілдейді.
2. Ситуациялық есеп: Науқас 52 жаста, бауыр жеткіліксіздігімен ауруханаға түсті. Қарап тексергенде: бауыр көлемі кішірейген, сипап сезгенде тығыз, көкбауыры және іші ұлғайған, перкуссияда іш қуысында бос сұйықтықтың жиналғаны анықталды.
Науқаста су тепе-теңдігінің қай түрі дамыды?
Іш қуысында сұйықтық жиналуы қалай аталады?.
науқастағы ісінудің дамуына қатысатын патогенездік жайттарды атаңыз, негіздеңіз.