Патологиялық прелиминарлы кезең



Дата12.06.2023
өлшемі51,72 Kb.
#100731
Байланысты:
распечатка Аманат 1


1. Жүкті әйел 3 сағат бойы мазалаған ішінің төменгі бөлігіндегі толғақ тәрігзі ауырсынуға шағымданып перзентханаға түсті.Жүктілік мерзімі 37 апта.Обьективті:жатыр тонуста.Әрбір 20 минут сайын,15 секундтқа созылатын толғақ анықталған.Жатыр мойны тегістелген.2 саусаққа ашылған.Осы жүкті әйелде босанудың қандай кезеңі?


Патологиялық прелиминарлы кезең
Босанудың бірінші кезеңі +
Босанудың үшінші кезеңі
Босанудың екінші кезеңі
Уақытынан бұрын босану
2. Жедел коронарлық синдромға күдікті науқасты емдеуді, төмендегілердің барлығын қолданудан бастау қажет, мынадан басқасын :
конкорды
нитраттарды
нифедипинді +
гепаринді
аспиринді
3. 46 - жастағы ер адам, көшеде келе жатып, кенеттен эпигастрий аймағында ауыру, лоқсу сезініп, екі рет құсқан. Таңертең кеше кешке дайындалған тағамды қабылдаған. Науқасты инфекциялық ауруханаға жеткізген. Объективті: жағдайы орташа, тері жабындысы бозғылт. Жүрек үндері тұйық, сирек экстрасистолалар. ЖЖЖ - 98 рет мин. АҚ - 90/60 мм. с.б.б. Ішті сипағанда эпигастрийде аздаған ауыру сезімі байқалады. Асқазанды жуғаннан кейін ауыру төс артына ауысып, жағдайы кенеттен ауырлаған. ЭКГ: II, III, aVF әкетулерінде QS. Осы әкетулерде ST монофазды қисық түрінде.
Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы барынша мүмкін?
сальмонеллездің
жедел гастриттің
миокард инфарктысының +
жедел панкреатиттің
тағамдық токсикалық инфекцияның
4. 54 - жастағы ер адам, наркотикалық аналгетиктерге жойылмайтын төс артындағы басып ауыру, іштегі айқын қатты ауыру сезіміне шағымданып түсті. Қарағанда: тері жабындылары бозарған, жүрек үндері тұйықталған, ЖЖЖ -110 рет мин. АҚ - 90/60 мм с.б.б. Сипағанда іштің жоғарғы бөлігінде аздап ауыру байқалады. Эпигастрий аймағында құрсақ аортасының үстінен функциональдық систолалық шуыл естіледі. Нәжіс болған, жел шығады. ЭКГ: алдыңғы-перделік аймақтың тыртықтық өзгерісі. Қанда: лейк – 22 мың,т/я – 16, ЭТЖ – 32 мм/сағ. Холестерин – 8,6 мкмоль/л, фибриноген – 6,2 г/л.. Бірнеше сағаттан кейін құрсақтың тітіркену синдромымен хирургиялық бөлімге ауыстырылды.
Көрсетілген диагноздардың қайсысының болуыбарынша мүмкін?
панкреонекроздың
бауырасты абсцесс
ішектің жедел түйілуі
құрсақ аортасы аневризмінің жыртылуы
мезентериальды артерияның жедел тромбозы +
5. 53 - жастағы әйел, жүрек тұсының қысып ауыруы, ентігу, жүрек соғуы, шаршау және бас ауыруына шағымданады. Ауыру эмоциялық жүктемеден кейін күшейеді, тыныштықта басылмайды, нитроглицерин қабылдау көмектеспейді. Жатыр миомасымен операция жасатқан. Объективті: беті қызарған, ашушаң, эмоциональды лабильді, ТЖ - 20 рет мин., ЖЖЖ –100 рет мин., АҚ - 155/75 мм с.б.б. ЭКГ: тахикардия, V1-V4әкетулеріндеТ-тісшесі теріс. Гормондарды тексергенде эстрогендер деңгейінің төмендегені анықталған.
Төмендегі диагноздардың қайсысы барынша мүмкін:

эндокринді генезді кардиомиопатия+


артериальды гипертензиясы
Q тісшесіз миокард инфарктісі
нейроциркуляторлық дистониясы
бірінші рет пайда болған стенокардия

6. Қандай метаболикалық кардиопатияға негізгі зат алмасудың төмендеуі, терінің құрғауы, брадикардия, ТТГ жоғарлауы барынша тән?


Гипотиреоидтық +
алкогольдік
анемиялық
гипертиреоидтық
климактериялық
7. 26 - жастағы ер адам, тұмаумен ауырғаннан кейін екі аптадан соң ентігу, жүрек аймағындағы ауыру сезімі мен дене қызуының жоғарлағанын байқаған. Қарап тексергенде: ортопноэ, балтырлары ісінген. Өкпесінде іркілмелі, ылғалды сырылдар, ТЖ - 32 рет мин. Кардиомегалия. Жүрек үндері бәсең, жүрек ұшында III тон, систолалық шуыл естіледі, жыпылықтаушы аритмия. ЖЖЖ - 110 рет мин. АҚ - 100/60 мм.с.б.б. Бауыры 3 см ұлғайған. Қанда: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлаған, кардиоспецификалық ферменттер ұлғайған. ЭКГ- АВ-блокадасының І дәрежесі, жиі қарыншалық экстрасистолалар. ЭхоКГ- сол жақ қарынша қуысының ұлғаюы, айдау фракциясы - 40%.
Сіздің диагнозыңыз?
ревматизмдік емес миокардит +
жалқық (выпотной) перикардит
инфекциалық эндокардит
жүйелі қызыл жегі
ревматизмдік жүрек ақауы
8. Жүрек өткізгіштігі мен ырғағының бұзылуы, кенеттен пайда болған тромбоэмболия, іркілмелі жүрек жетіспеушілікті кардиомегалия, мынаған барынша тән:
дилатациялық кардиомиопатияға +
ревматизмдік емес кардиомиопатияға
гипертиреоидтық кардиомиопатияға
климактериялық кардиомиопатияға
гипертрофиялық кардиомиопатияға
9. Берілген бес белгінің ішінде төртеуі қандай ауруға жатуы барынша мүмкін екенін көрсетіңіз:1. Ауыру сезімі. 2. Үйкеліс шуы. 3. Парадоксальді пульс. 4. Қарынша аралық перденің гипертрофиясы. 5. Стандартты шықпаларда ST- сегментінің элевациясы:
Перикардитке +
плевритке
миокард инфарктысына
өкпе артериясының тромбоэмболиясына
гипертрофиялық кардиомиопатиясына
10. Жыпылықтаушы аритмиямен асқынған дилатациялық кардиомиопатиямен ауыратын науқастарды варфаринмен емдегенде бақылау жүргізілуі міндетті:
халықаралық қалыптастырылған қатынасты +
белсендірілген жартылай тромбопластиндік уақыт
қанның ұю уақытын
қанағу ұзақтығын
III антитромбинді
11. Туа біткен жүрек ақауларын анықтауға төмендегі зерттеулердің қайсысы БАРЫНША мәліметті?
Эхокардиография +
өңештік электростимуляция
селективті коронарография
электрокардиография
фонокардиография

12. 80 жастағы әйел, төс артындағы басып ауыру, баспалдақтың 1 жартысына көтерілгендегі ентігу мен жүрек тұсындағы аритмияға шағымданады. Миокард инфарктысы болған. Объективті: өкпесінде іркілмелі сырылдар, ЖЖЖ-106 рет мин. АҚ - 170/100 мм с.б. Тропонин Т – теріс, холестерин - 6,2 ммоль/л. ЭКГ: сол жақ қарыншаның алдыңғы, перде аралық, ұшы және бүйір қабырғасының тыртықты өзгерісі. ЭхоКГ: шығару фракциясы - 49,6%. Сол жақ қарыншаның алдыңғы, пердеаралық, ұшы және бүйір қабырғасында гипокинезия зонасы анықталған.


Созылмалы қан айналым жетіспеушілігін дәлелдейтін белгілерге жатуы барынша мүмкін:
Іркілмелі ылғалды сырылдар +
Жүрек тұсындағы ырғақ бұзылысы
Төс артындағы басып ауыру
ЭКГ –де тыртықтық өзгеріс
ЭхоКГ-да гипокинезия аймағы
13. Коронароангиографияны тағайындау мынада барынша тиімді:
ЖИА үдемелілігі +
СЖШ декомпенсациясы
Жүрек ырғағының бұзылысы
тұрақты стенокардияның I - II ФК
тұрақты стенокардияның III—IV ФК
14. 50 - жастағы ер адам, кардиология бөлімшесіне ауыр жағдайда түсті. Науқас төс артындағы қарқынды ауыру сезіміне шағымданады. Объективті: тері жабындылары бозғылт. Жүрек үндері тұйық, айқын тахикардия, АҚ - 90/60 мм с.б.б. ЭКГ: коронарлы қан айналымның жедел бұзылысы. Ұстамалы қарынша үстілік тахикардия. Жедел жәрдем бригадасы ырғақты қалпына келтіру үшін изоптин, кордарон енгізген, ырғақ қалпына келмеген.
Жүрек ырғағын шұғыл қалпына келтіру мақсатында жасау барынша тиімді:
электрлік кардиоверсияны +
аблацияны
реваскуляризацияны
электрокардиостимуляцияны
жүрекшелердің өңеш арқылы электростимуляциясын
15. 67 - жастағы ер адам, төс артындағы басып, күйдіріп ауыру сезіміне шағымданады. ЖИА мен ауырғанына 10 жыл болған. Миокард инфарктысы болған. 
Төмендегі тәсілдердің қайсысы барынша тиімді? 
шұғыл ауруханаға жатқызу +
үйдегі аурухана
күндізгі аурухана
жоспармен ауруханаға жатқызу
емханалық жағдайда тексеру
16. 64 - жастағы ер адам, тыныс алумен байланыссыз, үдемелі ұстамалы төс артындағы қысып ауыруға шағымданады. Нитроглицерин көмектеспейді.
Қандай зерттеуді БІРІНШІ кезекте жүргізген барынша тиімді?
ЭКГ, тропонин Т-ны +
Tl201сцинтиграфияны
эхокг добутаминмен
ЭКГ физикалық күштемемен
тәуліктік ЭКГ мониторлауды
17. 62 - жастағы ер адам, реанимациялық бөлімге сол қолға берілетін төс артының ауыру сезіміне шағымданып түсті. Қарағанда: жүрек үндері бәсең, ырғағы дұрыс. ЖЖЖ – 98 рет мин. АҚ – 110/70 мм с.б.б. Бауыр қабырға доғасында. Ісіну жоқ. ЭКГ: V2-V4 шықпаларында ST сегментініңэлевациясы.
Емдеу жоспарына төмендегілердің барлығын қосқан тиімді, мынадан басқасын:
жүрек гликозидтерін +
нитраттарды
дезагреганттарды
тромболитиктерді
антикоагулянттарды
18. 25 жастағы әйел,жүйелі қызыл жегімен 70 мг/тәу преднизолон алады. Әйелде жалқық перикардит, асцит, плевра қуысында жалқық пайда болды. Метилпреднизолонмен және циклофосфанмен пульс-терапия, плазмаферез жүргізуге қарамастан пациент плеврасында жалқық сақталады, плевралық сұйықтың анализі – лейкоциттер 10 000/мл, лимфоциттер – 65%.
Бұл жағдайда төменде көрсетілген емдеу тәсілінің қайсысы барынша тиімді?
туберкулезге қарсы терапия +
кең спектрлі антибиотиктерді қосу
метилпреднизолонмен пульс-терапия
преднизолонды тоқтатып,азатиоприн және метотрексат тағайындау
преднизолонды тоқтатып, дексаметазонды азатиопринмен қосып тағайындау
19. 56 жастағы әйел тамақ қабылдағаннан кейін кеуде артындағы ауырсыну мен қыжылдауға шағымданады; ауырсыну қатты еңкейгенде және қатты қысатын белдік таққанда пайда болады.
Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы барынша мүмкін?
гастроэзофагеалды рефлюкс ауруының +
кардия ахалазиясының
өңеш дискинезиясының
өңештің пептикалық жарасының
көкеттің өңештік тесігінің жарығының
20. 64 жастағы әйел, асқазанның ойық жара ауруымен ауырады, эпигастрий аймағындағы ауырлық сезім және тұрақты тұйық ауыру сезімі, біртіндеп күшейетін әлсіздік, тәбетінің болмауына шағымданады. Соңғы 3-4 айда тамақтанумен байланысты ұстама тәрізді ауырсыну сипатты тұйыққа ауысқан. Рентгенде: асқазанның кіші иінінің үштен бір бөлігінде диаметрі 1,5х0,8 жара анықталды. Жараға қарсы емделгеннен кейін жара көлемі екі есе ұлғайып, ауыру сезімі басылмады.
асқазанның жаралы қатерлі ісігінің +
асқазан полипінің
Менетрие ауруының
асқазан ойық жарасының
асқазан ойық жарасының пенетрациясының
21. 66 жастағы әйел, майлы тағам жегеннен кейін пайда болып, жүрек аймағына берілетін оң жақ қабырға астындағы ауыру сезіміне шағымданып түсті. Ауырғанына 3 жыл болған. Обьективті: дене қызуы 38,2º С, сипағанда өт қабы тұсында ауырсыну, Ортнер симптомы оң. Қанда лейкоциттер - 9,8 мың. ЭТЖ - 18 мм/сағ. Өтті зерттеуде: барлық порцияларда шырыш және лейкоциттер. 
созылмалы өт-тасты емес холециститтің өршуі +
жедел холециститтің
жедел аппендициттің
созылмалы дуодениттің өршуі
12-елі ішектің ойық жара ауруының өршуі
22.  35 - жастағы әйел, стресстен кейін тершеңдік, мазасыздық, дене салмағының азаюына шағымданады. Объективті: бойы – 170 см, салмағы – 55 кг. Терінің айқын гипергидрозы, қолдарын созғанда саусақтары қалтырайды. Жүрек шекаралары солға ығысқан, үндері күшейген, жүрек ұшында систолалық шуыл естіледі, ЖЖЖ - 150 рет мин, АҚ - 140/70 мм с.б.б. Қалқанша безі ұлғайған, 2 дәрежелі. ЖҚА өзгеріссіз. Негізгі зат алмасу 20% жоғарылаған. Ашқарынға гликемия - 6,3 ммоль/л. Холестерин - 7,0 ммоль/л. 
Төмендегі зерттеу әдісінің қайсысы?
Т3, Т4, тиреотропты гормондарды зерттеу +
ЭХОКГ
АҚ тәуліктік мониторингі
қалқанша безінің пункциясы
гликозилирленген гемоглобинді зерттеу

23. 47 - жастағы әйел, седативті тұндырмаларды немесе валидолды қолданғаннан кейін басылатын жүрек аймағының қысып ауыруы, тершеңдік, бетінің гиперемиясымен қосарласатын жиі қызу сезімін байқаған. Науқаста 6 ай бойы аменорея. Объективті: тері жабындылары ылғалды, гиперемияланған. ЖЖЖ - 102 рет минутына. АҚҚ -145/85 мм.с.б.б. Анаприлиндік сынама оң. Қынап жағындысы атрофияланған.


Төмендегі диагноздың қайсысының болуы мүмкін:
патологиялық климакстың 3 сатысының +
тиреотоксикоздың
артериальді гипертензияның
НЦД гипертониялық түрі
ЖИА. Күштемелі стенокардияның 3 ФК.
24. 60 жастағы ер адам нитроглицерин қабылдауына басылмайтын, ұзақтығы 20 минуттан асатын кеуде артындағы қысқан тәрізді ауру сезімі шағымдарымен ауруханаға жатқызылды. Тексергенде жүрек тондары бәсеңдеген, ырғағы дұрыс, АҚ –100/70 мм сб. б. Тропонин Т – 4,0 нг/мл. ЭКГ- комплекс QS I, aVL, V1-3 комплекс QS .
Берілген клиникалық жағдайда кеудедегі ауру сезімінің пайда болу себебі қандай?
Миокард инфаркты +
Үдемелі стенокардия
Жұқпалы эндокардит 
Аорта аневризмасының сылынуы
Өкпе артериясының тромбоэмболиясы
25. 4 жыл ішінде ЖИА зардап шегетін, кезеңді түрде нитраттарды және үнемі дезагрегант және β-блокатор қабылдайтын 62 жасар әйел әдеттегідей жүктеме әсерінен стенокардия ұстамаларының ұзақтығының ұзаруы және жиеленуіне шағымданады. ЭКГ STV1-V3 депрессиясы анықталды.
Берілген клиникалық жағдайда кеудедегі ауру сезімінің пайда болу себебі қандай?
Үдемелі стенокардия +
Миокардит
Миокард инфаркты
Вазоспастикалық стенокардия
Гипертрофиялық кардиомиопатия
26. Науқас К. 75 жаста, ауа жетпеуге, тұншығуға, көпірікті қақырықпен жөтелге шағымданады. Ауруы психоэмоциональді күштемеден кейін кенет басталды. Анамнезінде - ЖИА. Қарап тексергеде: жағдайы ауыр, ортопноэ, бүлкілдемелі тыныс. ТЖ – 28 рет 1 минутта. Өкпесінде әртүрлі калибрлі ылғалды сырылдар естіледі. Жүрек тондары бәсең, ырғағы дұрыс, ЖСЖ – 110 рет 1 минутта, АҚ – 100/70 мм сн.бғ. ЭКГ-да V1-V– QR әкетулерде ST доға тәрізді көтерілген және Т тісшесімен бірігіп кеткен.
Осы науқаста қандай асқыну болуы мүмкін?
өкпенің альвеолярлы ісінуі +
кардиогенді шок
инфарктты пневмония
қарыншааралық перденің жарылуы
жүрек аневризмасы
27. Ер адам 42 жасар, бірнеше күн алкогольді ішімділіктен кейін клиникаға келіп түсті. Көп жылдар бойы алкогольді көп мөлшерде қабылдайды. Нитроглицеринге қоймайтын жүрек ұшындағы тұйық, сыздап ауыратынына шағымданады, ауа жетіспеу сезімі, жүрегі қағады, аяқ-қолы мұздайды. ЭКГ: синустық ритм, қарыншалық полифокусты экстрасистоламен жиі үзілуі байқалады. Нақты диагнозды таңдаңыз?
Алкогольді кардиомиопатия +
ИБС, үдемелі стенокардия
ИБС, миокард инфарктысы
Идиопатиялық дилатациялық кардиомиопатия
Гипертрофиялық кардиомиопатия

28. 18 - жасар қыз бала, физикалық жүктеме кезінде ентігу мен тез шаршауға шағымданады. Анамнезінде: жиі бронх-өкпелек инфекциялар. Қарап тексергенде: тері жабындысының бозаруы, жүрек ұшы түрткісінің күшеюі, эпицентрі сол жақтағы төс шетінде төртінші қабырға аралығында орналасқан дөрекі пансистолалық шуыл, өкпе артериясы үстінде екінші үннің акценті. ЭхоКГ–сол жақ қарыншадан оң жақ қарыншаға шунт анықталады.


Ақаудың негізгі асқынуларына барлығы жатады, мынадан басқасы:
аортаның стенозы +
инфекциялық эндокардит
өкпе артериясының тромбоэмболиясы
солжақ қарыншаның жетімсіздігі
үлкен қанайналымдағы эмболиялар
29. Дене салмағы артық 50 жастағы әйелде ашқарындағы гликемия деңгейі 2 рет 6,9 және 7,2 дейін жоғарылағаны байқалған.
Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы мүмкін?
2 типті қант диабетінің +
семіздіктің
1 типті қант диабетінің
ашқарындағы гликемияның бұзылысы
глюкозға толеранттылықтың бұзылысы
30. 11 айлық нәресте ауруханаға мынадай шағымдармен келіп түсті:физикалық дамуы артта қалған ( салмағы7 кг), ентігу, физикалық жүктемеден кейін ернінің көгеруі, емізгенде тез шаршайды. Обьективті: тері жабындыларының цианозы, перифериялық цианоз, «барабан таяқшалары» және «сағат әйнегі» симптомы, перкуторлы жүректің сол шекарасы - сол ортаңғы бұғана сызығымен, оң- оң төс жиегі бойымен, жоғарғы- II қабырғааралық. Жүрек тондары анық, ЖСЖ 140 рет минутына, ТЖ 40 рет минутына. Төстің сол жағында дөрекі систолалық шу естіледі, сол II қабырғааралықта II тон бәсеңдеген.
Берілген клиникалық жағдайға ықтимал диагнозды таңдаңыз?
Фалло тетрадасы +
Аорта саңылауының стенозы
Біріншілік өкпелік гипертензия
пневмоцисті пневмониясы
Үшжармалы қақпақшаның жетіспеушілігі 
31. 8 апталық мерзімі бар жүкті әйелде айқын ентігу, аяғында ісінулер және жүрек ұшында систолалық шу естіледі. Науқас ЭХОКГ жіберілді, онда жүрек қуыстарының айқын кеңеюі және ЛФ 38% төмендеуі анықталды.
ықтимал диагнозды таңдаңыз
Дилатациялық кардиомиопатия +
Гипертрофиялық кардиомиопатия
Жүктілер Гестозы
ЖИА. Күштемелі стенокардия ФК II
Үшжармалы қақпақшаның жетіспеушілігі 
32. Науқас 65 жаста.Темекіні көп шегеді.Шағымы:ентігу,ұстамалы жөтел,қақырық әрең бөлінеді,жүрек тұсында ауру сезімі иррадация жоқ және оттегі ингалясясында азайады. Объективті: жүректің оң жақ шекарасы кеңкйген,өкпе артериясында II тон акценті және бөлінген.Комплексті терапияға қандай препарат тобы қажет?
кальции каналы антагонисті +
β2-адреноблокатор 
жүрек гликозиды
Диуретиктер
АПФ ингибиторы
33. 46 жастағы әйел адамда дене қызуы 38°С көтерілді, жүрек аймағындағы сыздап ауру сезімі, көз астындағы ісінулер, жағымсыз иіспен жабыспақ тер пайда болған. 2 апта бұрын стрептококкты инфекцияны өткерген. Объективті: «барабан таяқшалары» тәрізді саусақтар мен «сағат әйнектері» тәрізді тырнақтар. Конъюнктиваның ауыспалы аймағында Лукин дақтары. ЖСЖ-100 рет 1 мин, Аускультативті: II қабырға аралықта оң жағында және Боткин нүктесінде диастолалық шу естіледі. ЭхоКГ: аортальды клапанның жармаларында 1,5 мм қозғалмалы вегетациялар, сол қарынша гипертрофиясы.
Келтірілген дәрілердің қайсысын тағайындаған барынша тиімдірек?
Антибиотиктер +
Нитраттар
Метаболиктер
Антиоксиданттар
Антикоагулянттар
34. 37 - жастағы әйел бел аймағындағы ауыру сезімі, несеп шығуының жиілеуі мазалайды. 5 жыл бұрын босанғаннан кейін бел тұсындағы ауыру сезімі, қызба, дизурия мазалағын. Объективті: дене қызуы 37°С. Бел аймағын ұрғылау белгісі екі жақтада оң. Қанда: лейкоциттер - 6,1 мың, ЭТЖ – 20 мм/сағ. Зәр анализінде: салыстырмалы тығыздығы – 1005, белок – 0,033 г/л, лейкоциттер – к/а толық қамтыған, эритроциттер – сілтіленген және өзгермеген к/а 3-5. Нечипоренко сынамасында: эритроциттер - 1 мың, лейкоциттер - 20 мың, сафронинмен бояғанда Штернгеймер-Мальбин клеткалары анықталады.
Төменде келтірілген аурурадың қайсысының болуы мүмкін?
Пиелонефрит +
бүйрек рагы
бүйрек амилоиидозы
бүйрек поликистозы
гломерулонефрит
35. 16 жасар жасөспірімде профилактикалық қарау кезінде артериальды қысымның 170/110 мм. сб. б. жоғарылауы анықталды, оң жақ бүйрек артериясы аймағында систолалық шу естіледі. Зәр талдауы : белок іздері, лейкоциттер 0-2 к/а, эритроциттер 0-1 к/а.
Берілген клиникалық жағдайда артериальды гипертензияның себебін анықтау үшін оңтайлы зерттеу әдісін таңдаңыз?
Бүйрек қантамырларының УДДГ +
Бүйрек УДЗ
КТМ (ОГК) рентгенографиясы
Тәуліктік протеинурия
АҚ тәуліктік мониторлау
36. 14 айлық қыздың анасы қызының синкопе эпизодтарының бар болуына шағымданады. Анасының айтуы бойынша қызы қатты жылағанда көгеріп, «жылауға кетеді»,апное пайда болып, кейде тырысулары болатын қысқа уақытқа естен тануы пайда болады. Ұстамалардан кейін қыздың жағдайы жақсарады. Апное және синкопе кезінде Холтермен тексергенде брадикардия анықталды. Ашнер-Данини окуло-кардиальды рефлексін жүргізгенде балада үш секундқа созылатын паузаға алып келеді. 
Суреттелген синкопальды жағдайдың барынша пайда болу генезі қандай?
Вазовагальды +
Катехолэргиялық
Ортостатикалық
Метаболикалық
Психогенді
37. 12 жасар қыз жылына 2-ден 4 ретке дейін болатын естен тануға шағымданады. Естен танудан бұрын қыз әлсіздік, көздің қарауытуын сезеді. Естен тану көбіне тар бөлмеде болғанда, қан көргеннен кейін, ұзақ уақыт ортостаз болғанда пайда болады. Нашатырлы спирт иіскегеннен кейін немесе өздігінен өзіне өзі келеді. Кейде отырып қалса естен тануын алдын алуы мүмкін. Стандартты ЭКГ және холтерлік мониторлеу кезінде синусты брадикардия анықталды.
Науқаста естен танудың генезі қандай?
Аралас +
Аритмогенді
Вазодепрессорлы
Кардиоингибиторлы
Цереброваскулярлы
38. Науқас 45 жаста, шағымдары: қабыршақтанатын папула тәрізді терідегі бөртпелер. Бірнеше жылдар бойы ауырады, ұзақ уақыт антибиотиктер, стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер, В тобының витаминдерін қабылдаған. Қарау кезінде: теріде шекаралары бар, қызғылт түсті, қалыңдауға бейім, тегіс қабынған папулалар, папулардың үстінде құрғақ, майда, ақшыл түсті қабыршақтар бар.
Төменде аталған диагноздардын қайсысы БАРЫНША ықтимал?
Псориаз +
Витилиго
Аутоиммунды гепатит
Біріншілік билиарлы цирроз
Аутоиммунды нейтропения

39. Жүйелі қызыл жегімен ауыратын ер адамға метилпреднизолонмен пульс терапия жүргізу қажет.


Препараттың қандай мөлшері тиімді:
60 мг
120 мг
250 мг
1000 мг +
5000 мг
40. 26 жастағы әйелді вирусты инфекциядан кейін ірі буындарындағы ауыру сезімі, субфебрилитет, бас ауыруы, бас айналуы, көз көру өткірлігінің төмендеуі, жүдеу мазалайды. Объективті: жүрек шекараларының солға ұлғаюы, жүрек негізінде мойынның тамырларына берілетін систолалық шуыл. Сол жақ кәрі жілік артериясында пульсацияның күрт әлсіреуі байқалады. Бұл жерде АҚ анықталмайды.
Көрсетілген препаратардың қайсысын тағайындау тиімді:
Преднизолонды +
азатиопринді
индометацинді
циклофосфанды
экстенциллинді
41. 45 жастағы ер адам сол жақ тізе буынының және оң өкшенің ісінуі мен ауыру сезіміне шағымданады. 1 ай бұрын жедел дизентериядан емделген. Объективті: сол жақ тізе буыны және оң өкше аймғы деформацияланған, терісі гиперемиялаған. Қанда: эритроциттер - 4,2 млн., лейкоциттер - 11 мың, ЭТЖ- 26 мм/сағ.
Берілген диагноздардың қайсысының болуы мүмкін:
реактивті артриттің +
сепсистік артриттің
ревматоидты артриттің
подагралық артриттің
ревматикалық қызбаның
42.! Қандай препарат фиброзға қарсы әсер етуі мүмкін:
D-пеницилламиннің +
делагилдің
кризанолдың
преднизолонның
диметилсульфоксидтің
43. Креатинфосфокиназа белсенділігінің жоғарылауы мынаған тән:
Дерматомиозитке +
ревматоидты артритке
жүйелі склеродермияға
түйінді периартериитке
жүйелі қызыл жегіге
43. Нейтропения, гепатоспленомегалия, буындардың ауыр зақымдалуы, васкулит, өкпе фиброзы, инфекциялық асқынулардың жоғары қауіпі бар симптомокомплекс тән:
Фелти синдромы +
Вегенер Гранулематозы
ересектердегі Стилл синдромы
жедел ревматикалық қызба
дәнекер тіннің аралас ауруы
44. Ер адам 36 жаста, травматолог, зерттеуде ЖҚА: Эр - 3,5х1012/л, гемоглобин – 119 г/л, Тр – 180х109/л, Л – 4,2х109/л, ЭТЖ – 14 мм/час. Биохимия: билирубин – 24,6 мкмоль/л, тікелей емес – 18 мкмоль/л, АЛТ –1,89 ммоль/л, АСТ – 1,14 ммоль/л. HBsAg – теріс, a-HCV - оң; a-HBs - оң, a-HBcoreIgM – теріс, a-HBVcoreIgG-теріс, HBeAg - теріс, a-HBe- теріс, anti-HCV IgM - оң, anti-HCV IgG - оң, anti-HDV – теріс.
Келесі диагностикалау этабында қандай зерттеулер жүргізу міндетті?
ПЦР HCV РНК +
HCV генотипі
ПЦР HBV ДНК
ПЦР HDV ДНК
Бауыр биопсиясы

45. Патогенді анықтағанша ауруханадан тыс пневмонияның тиімді антибактериалды емі үшін тағайындаған дұрыс:


Ровамицин +
Гентамицин
Тетрациклин
Бисептол
Кефзол
46. Егде жастағы ер адам созылмалы маскүнемдік және ӨСОА ауырады, қиын бөлінетін тұтқыр күйік ет иісті қақырықты жөтелге шағымданады түрі қара желе түсті. Об-ті: айқын интоксикация, ентігу, өкпесінде аздаған сырылдар. Рентгенде «жайылған ара ұясы тәрізді өкпе» феномені, көптеген бронхоэктаздар, қалдық қуыстар, пневмосклероз. Қай қоздырғыш болуы мүмкін:
Клебсиелла +
Хламидиялар
Микоплазма
Тұмау вирусы
Ішек таяқшасы
47. Аурудың жедел ағымы, ылғалды сырылдар, өкпенің ортаңғы-төменгі бөлімінде интенсивтілігі орташа көлеңкелер, тез оң динамика тән:
Ошақты пневмонияға +
Саркоидозға
Пневмокониозға
Милиарлы туберкулезге
Инфильтративті туберкулезге
48. 25 жастағы науқаста идиопатиялық оң жақты плеврит, экссудаттың клеткалық құрамын талдауда лимфоциттер анықталды. Қай тактика дұрыс:
Интраплевралды кең спектрлі антибиотиктерді енгізу
Туберкулезге қарсы арнайы ем тағайындау +
Кең спектрлі антибиотиктерді тағайындау
Екі антибиотикті тағайындау
Плевралды қуысты дренаждау
49. 23 жастағы ер адам үйге дәрігерді шақырып, 4 күн бойы дене қызуының 38*С көтерілуіне, сары-жасыл түсті қақырықпен жөтелге, әлсіздікке, тершеңдікке шағымданады. Анамнезі: ауруын суық тиюмен байланыстырады. Объективті: тері жабындылары бозарған, ТАЖ 20 рет/мин., жауырынның оң жақ төменгі бұрышында перкуторлы дыбыстың тұйықталу ошақтары, аускультативті ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар. Осы науқасқа ем тағайындаңыз:
Азитромицин 0,5 х1 р/к ішке 5 күн +
Макропен 0,2 х 3 р/к ішке 5 күн
Эритромицин 0,25мг 2 табл. х 4 р/к 7 күн
Тетрациклин 0,25 х 4 р/к ішке 10 күн
Цефазолин 1,0 х 3р/к б/е 10 күн

50. ДДҰ сарапшылары (1999ж) берген жіктемеге сәйкес артериальды гипертонияның І дәрежесіне қайсысы жатады:


140/95 +
125/85
135/85
145/105
- 160/85
51. 50 жастағы науқас медициналық тексеруден өту үшін дәрігерге келген. Шағымы жоқ. Қарағанда: АҚҚ 160/100 мм.с.б., ЖСЖ минутына 72 рет,ырғағы дұрыс,жүрек ұшы соққысы күшейген,дене қызуы қалыпты.Көз түбі тамырларын тексергенде артериалардың тарылуы мен тамыр суретінің иірімделуін анықтаған,кеуде қуысы өзгеріссіз.ЭКГ-де: сол қарынша гипертрофияланған.Электролиттер мен креатинин анализінде өзгерістер жоқ. Сіздің әрекетіңіз:
Гипотензивті ем тағайындау, симптоматиялық гипертонияны жоққа шығару +
Тексеру үшін стационарға жолдама беру
Тез арада гипотензивті дәрі беру
«Гипертония ауруы» диагнозын қойып,гипотензивті ем тағайындау.
Үш күн ішінде АҚҚ өлшеу, сосын науқасты бақылау
52, 32 жастағы науқас төс артындағы ешқайда таралмайтын,отырғанда азаятын,басып ауырсынуға, субфебрилді температураға шағымданады. Өзі ауруды суық тиюмен байланыстырады. Төмендегі берілгендердің қайсысы осы ауруға тән:
ST барлық әкетулерде изо сызықтан жоғары ығысқан +
Қанда нейтрофильді лейкоцитоз
АСГ мен ЛДГ қалыпты мөлшерде
Қанда холестерин мөлшері жоғары
Жедел фазалық көрсеткіштері жоғары
53. Жүректің қандай ырғағының бұзылуын өңеш арқылы жүрек стимуляциясы тиімді басады:
Атриовентрикулярлы жүрек блокадасы II дәреже +
Жүрекше жыбырын
Қарыншалық экстрасистолияны
Қарыншалық тахикардияны
Синусты тахикардияны
54. 48 жастағы науқас отбасылық дәрігерге таңертеңнен аузындағы ащы сезімге, әлсіздікке, делсалдыққа, тәбетінің төмендеуіне, жүрек айнуына, оң жақ қабырға астындағы тартып ауырсынуға шағымданып келді. Обьективті қарағанда Кер белгісі оң және оң жақ қабырға асты аймағындағы алдыңғы іш қабырғасының резистенттілігі. Осы клиника қай диагнозға сәйкес:
Созылмалы калькулезді емес холецистит,өршу кезеңі,өт шығару жолдарының дискинезиясы,гипокинетикалық түрі бойынша +
Өт шығару жолдарының дискинезиясы,гиперкинетикалық түрі бойынша
Өт шығару жолдарының дискинезиясы,гипокинетикалық түрі бойынша
Созылмалы калькулезді емес холецистит,өршу кезеңі,өт шығару жолдарының дискинезиясы,гиперкинетикалық түрі бойынша
Созылмалы калькулезді холецистит,өршу кезеңі
55. Ішектің диспепсия белгілері бар 28 жастағы науқаста ректороманоскопия жүргізгенде келесі көріністер анықталды. Шырышты қабат ісінуінен ішек өзегі тарылған,шырышты қабат гиперемияланған, эрозияланған, кей жерлерінде қан кетулер, диаметрі 0,6 см дейін жаралар анықталады. Бұл науқасты жүргізу тактикасын анықтаңыз:
Инфекциялық бөлімге шұғыл госитализациялау +
Хирургиялық бөлімге шұғыл госпитализациялау
Гастроэнтерологиялық бөлімге шұғыл госпитализациялау
5-10 күн бойы тәулігіне 4 рет 0,1г фурозолидон тағайындап үйде бақылау
Күндізгі стационар жағдайында 1-3 г/тәул. Сульфасалазин мен Д 40 мг/тәул. преднизолонды қосып микроклизма жасап емдеу.
56. 28 жастағы әйелде плевраның үйкеліс шуылы естіледі. Рентгенде өзгерістер жоқ. Берілген диагноздардың қайсысының болуы мүмкін:
құрғақ плевриттің+
плевра эмпиемасының
жедел пневмонияның
экссудативті плевриттің
бронхоэктаз ауруының
57. Нитраттарды көк тамырға енгізу көрсеткішіне төмендегілердің барлығы жатады,мынадан БАСҚАСЫ:
тұрақты стенокардия +
тұрақсыз стенокардия
жедел миокард инфаркты
вазоспастикалық стенокардия
жедел солжақ қарыншаның жеткіліксіздігі
58. 65 - жастағы ер адам, сол қолға берілетін, төс артындағы ауыру сезіміне, әлсіздікке шағымданады. ЖСЖ – 92 рет мин. АҚҚ – 110/70 мм с.б.б. ЭКГ: v2-v4 әкетулеріндегі ST сегментінің элевациясы
Көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысын тағайындау тиімді?
ӨАЭС (ЧПЭС)
вентрикулография
коронарография+
миокард сцинтиграфиясы
позитронды-эмиссионды томография
59. 53 - жастағы әйел, жүрек тұсының қысып ауыруы, ентігу, жүрек соғуы, шаршау және бас ауыруына шағымданады. Ауыру эмоциялық жүктемеден кейін күшейеді, тыныштықта басылмайды, нитроглицерин қабылдау көмектеспейді. Жатыр миомасымен операция жасатқан. Объективті: беті қызарған, ашушаң, эмоциональды лабильді, ТЖ - 20 рет мин., ЖЖЖ –100 рет мин., АҚ - 155/75 мм с.б.б. ЭКГ: тахикардия, V1-V4әкетулеріндеТ-тісшесі теріс. Гормондарды тексергенде эстрогендер деңгейінің төмендегені анықталған.
Төмендегі диагноздардың қайсысы барынша мүмкін:
эндокринді генезді кардиомиопатия +
артериальды гипертензиясы
Q тісшесіз миокард инфарктісі
нейроциркуляторлық дистониясы
бірінші рет пайда болған стенокардия
60. Қандай метаболикалық кардиопатияға негізгі зат алмасудың төмендеуі, терінің құрғауы, брадикардия, ТТГ жоғарлауы тән?
Гипотиреоидтық +
алкогольдік
анемиялық
гипертиреоидтық
климактериялық
61. 26 - жастағы ер адам, тұмаумен ауырғаннан кейін екі аптадан соң ентігу, жүрек аймағындағы ауыру сезімі мен дене қызуының жоғарлағанын байқаған. Қарап тексергенде: ортопноэ, балтырлары ісінген. Өкпесінде іркілмелі, ылғалды сырылдар, ТЖ - 32 рет мин. Кардиомегалия. Жүрек үндері бәсең, жүрек ұшында III тон, систолалық шуыл естіледі, жыпылықтаушы аритмия. ЖЖЖ - 110 рет мин. АҚ - 100/60 мм.с.б.б. Бауыры 3 см ұлғайған. Қанда: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлаған, кардиоспецификалық ферменттер ұлғайған. ЭКГ- АВ-блокадасының І дәрежесі, жиі қарыншалық экстрасистолалар. ЭхоКГ- сол жақ қарынша қуысының ұлғаюы, айдау фракциясы - 40%.
Сіздің диагнозыңыз?
ревматизмдік емес миокардит +
жалқық (выпотной) перикардит
инфекциалық эндокардит
жүйелі қызыл жегі
ревматизмдік жүрек ақауы
62. Созылмалы алкоголизммен ауыратын 54 жастағы ер адамды жүрек тұсында ұзақ сыздаған ауыру сезімі, жүктемеде ентігу, жүрек ырғағының бұзылыстары, аяқтарындағы ісінулер мазалайды. Объективті: ТАЖ – 32/мин, өкпесінде майда көпіршікті сырылдар. Жүрек үндері тұйықталған, аритмиялық, жүрек ұшында систолалық шу, ЖСЖ 50/мин. АД - 90/60 мм сб.б. ЭКГда: АВ – бөгеме I дәрежесі, политопты қарыншалық экстрасистолалар.
Көрсетілген медикаментозды емес тағайындаулардың қайсысы емдеу соңына нәтижелі әсер етеді
алкоголдан бас тарту +
тәулігіне 1,0-2,0 дейін сұйықтықты шектеу
калий және магний ем дәмін тағайындау
физикалық жүктемені шектеу
тұзды шектеу
63. 42 жастағы ер адам алдыңғы жайылған Q-миокард инфарктын өткерді. Ауыру сезімін басқаннан кейін төсек режимін және дәрігер нұсқауларын сақтамады. Қарап тексергенде: анық прекардиальді пульсация IV сол жақ қабырға аралықтан анық естіледі, «суып қалған ЭКГ», сол қарыншаның ішкі контурының тұрақты систолалық және диастолалық деформациясы анықталды.
Осы клиникалық көрініс қандай жағдайға тән?
сол қарыншаның нағыз аневризмасы +
миокард дискинезиясы 
миокард гипокинезиясы
сол қарынша дилатациясы
сол қарыншаның динамиялық аневризмасы
64. Инфаркт миокардын өткерген 68 жастағы ер адам аздаған физикалық күштемеде және тыныштық жағдайда пайда болатын төс артындағы басып ауыратын сезімге, ентігуге шағымданады. Об-ті: ЖСЖ – 62 рет мин. АҚ – 110/60 мм с.б. ЭКГ-да – созылмалы коронарлы жетіспеушілік белгілері. Тропонин I - 0 нг/мл.
Көрсетілген препараттардың қайсысын антиангинальді мақсатпен тағайындау оптимальді
Кардикетті +
Изоптинді
Кетоналды
Аспиринді
Аналгинді
65. Атеросклероз бойынша қауіп тобына кіретін 42 жастағы ер адамда ең алғаш рет аналгетиктермен басылатын төс артында қысқан тәрізді қарқынды ауру сезімі пайда болды. ЭКГ: Миокардтың алдыңғы қабырғасының ишемия белгілері, сол қарыншаның гипертрофиясы. Коронароангиографияда сол коронарлы артерияның алдыңғы қарыншааралық бұтағының 85% стенозы анықталды.
Емдік тактиканың ең қолайлысын таңдап алыңыз:
Стенттеу +
Трансплантация 
Баллонды ангиопластика
Аорто-коронарлы шунттау
Маммарлы-коронарлы шунттау
66. 56 жастағы әйел күндіз дайындалған тамақты қолдануымен байланыстыратын кенетен эпигастрийдегі ауырсыну мен жүрек айнуына шағымданады. Өздігімен асқазанын жуып, одан кейін жағдайының тіпті нашарлауын байқаған. Об-ті: жағдайы ауыр, терісі бозғылт, суық терімен қапталған. Жүрек тондары тұйықталған, бірлі-жарым экстрасистолиялар. ЖСЖ – 118 рет мин. АҚҚ-80/60мм с.б.б. Ішінің пальпациясында эпигастрий аймағы керілген. ЭКГ: QSII, III, aVF, STII, III, aVF монофазды қисық.
Көрсетілген диагноздардың қайсысы мүмкін?
Q тісшелі артқы-диафрагмальді миокард инфаркты . Кардиогенді шок. +
Q тісшелі артқы-диафрагмальді миокард инфаркты. Экстрасистолия I топ. Лаун бойынша.
Q тісшелі алдыңғы-қалқалық миокард инфаркты. Рефлекторлы гипотензия. 
Q тісшелі артқы-диафрагмальді миокард инфаркты. Гиповолемиялық шок.
Q тісшелі артқы-бүйірлі миокард инфаркты. Кардиогенді шок. 
67. 49 жастағы ер адам бірнеше жылдар бойы тамақтанған кейін және ауыр көтерген кезде, горизонтальды қалыпта күшейетін, кекіруден кейін азаятын, семсер тәрізді өсінді аймағындағы ауырсыну мен қыжылға шағымданады. Рентгенде өңештің абдоминальды бөлігінің, асқазанның кардиальды және фундальды бөліктерінің кеуде торшасына ығысуы анықталады. Кенеттен науқаста кеуде артында айқын ауыру сезімі, қан аралас құсық пайда болды.
Қандай емдеу тәсілі тиімді?
оперативті ем +
химиотерапия
сәулелік терапия
консервативті ем
санаторлы курорттық ем
68. 70 жасар әйел наркотикалық анальгетиктерге басылмайтын төс артындағы қатты ауыру сезімге шағымданады. Анамнезінде ұзақ уақыт артериальды гипертензиямен зардап шегеді. Соңғы аптада гипотензивті препараттарды үнемі қабылдағанына қарамастан АҚ көтерілу эпизодтары жиеленді. Объективті: жүрек тондары бәсеңдеген, ырғағы дұрыс, аортада систолалық шу. ЖСЖ-110 рет мин. АҚ 100/60 мм сб.б.
Берілген клиникалық жағдайда кеудедегі ауру сезімінің пайда болу себебі қандай?
Аорта аневризмасының сылынуы +
Жұқпалы эндокардит
Вазоспастикалық стенокардия
Гастроэзофагальды рефлюксті ауру
Өкпе артериясының тромбоэмболиясы

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет