Қалалық пән олимпиадасында 9 А сынып оқушысы - Қужігіт Эльнұр - ІІ орын, 11Б сынып оқушысы -Петрищина Марина І орынға ие болды.
Қазақ тілі мен әдебиеті апталығы Наурыз айының 6-14 аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің «Мәңгілік ел-мәртебелі тіл» атты апталығы өтті. Бірінші күні апталыққа арналған ашылу салтанаты өткізілді.
Аптаның екінші күні Жексенова Д.Қ. 7Б сыныбымен Қ. Бекхожин «Ақсақ Темір мен ақын» тақырыбында ашық сабақ берді. Сабақ топтық жұмыс түрінде өткізіліп, жаңа технологияларды қолдану арқылы талдау сабағы үлгісінде ұсынылды. Дәл осы күні 7А-7Б сыныптары арасында «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты топтық жарыс ұйымдастырды. Жарыстың мақсаты оқушылардың тіл туралы танымдық деңгейін көтеру , озық ойлы оқушы болуға тәрбиелеу. Ойын алты кезеңнен тұрды, екі топ алты оқушыдан жарысты. Ұпай саны жағынан 7А сыныбы жеңді. Тұрсықанова Б.Ә. 4В сыныбымен қазақ тілі пәнінен «Астана қаласы туралы»тақырыбында ашық сабақ берді. Сабақ сұрақтарға жауап беру, кітаппен жұмыс жасау, деңгейлік тапсырмалар беру, Астана қаласы туралы бейне көрініс көрсету арқылы мұғалім алға қойған мақсатына жете алды.
10 наурыз күні көптеген іс-шаралар, ашық сабақтар өткізілді. Атап айтсақ: Әлжанова Ә.Ғ. 6А сыныбымен «Еліктеу сөздердің түрлері» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысы Блум таксономиясымен құрылды. Мұғалім сабаққа қойылатын талаптарды ұстанып, теориялық білімді талдаулар жасату арқылы тәжірибеде қолдана білді. Қапбасова Г.Қ. 7В сыныбымен «Наурыз мейрамы» тақырыбында ашық сабақ берді. Сабақ таңымдық үлгісінде өткізіліп, деңгейлік тапсырмалар беріліп, құттықтау хат жазу сияқты әдістермен ерекшеленді. Оқушылардың өздігінен жұмыс жүргізе білуіне көңіл бөліп, ізденімпаздық қабілетін оята білді. Екінші ауысымда 3Г сыныбымен «Қазақтың салт-дәстүрлерін» насихаттау мақсатымен өзге ұлт өкілдерімен тәрбиелік іс-шара өткізді. Ортақова Н.Қ. 5В сыныбымен «Спорт-денсаулық кепілі» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттері ескеріліп, сабақтың әр кезеңінде қызығушылығын ояту, байланыстыра сөйлеу, сөздік қорын молайту көзделді.
11 наурыз күні Әлжанова Ә.Ғ. 9А сыныбымен «Дулат-дауылпаз ақын» атты пресс-конференция өткізді. Дулаттың өмірі мен шығармашылығы жөңінде зерттеліп, өлеңдері мәнерлеп оқылды. Әр түрлі телеарналардан журналистер сұрақ қойып, пікір алмасты. Ақынның «2016 жыл кітабы-Өсиетнама» еңбегі таныстырылды. Екінші ауысымда 5В - 5Г сыныптар арасында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысы Ортақова Н.Қ. мен Қапбасова Г.Қ. ұйымдастырылды. Оқушылардың танымдық қабілеттері, ой жүйріктігі, шапшаңдығы, біліктілігі көрінді. Оқушылардың қызығушылығын оятып, қиялын ұштап, шығармашылыққа жетелеуде өткізілген сыныптан тыс жұмыстардың мәні зор болды.
13 наурыз күні Куямбаева А.А 8-10 сынып оқушыларымен «Соғады жүрек...» Мұқағали Мақатаевқа арналған әдеби-сазды кеш өткізіліп, оқушылар шығармашылық қабілеттерін, сахналық шеберлігін шыңдай білді.
14 наурыз күні апталықтың жеңімпаздар анықталып, қорытынды жасалып, оқушылар марапатталды.
Апталық кезінде үзілістерде әр түрлі іс-шаралар жоспарланып,қызықты өтті.
6 наурыз күні 5-11 сыныптар арасында қазақ халқының ұлттық ойындары ұйымдастырылып, тоғызқұмалақ, асық, арқан тарту ойындары өткізілді. Көзделген мақсат – қазақтың ұлттық ойындарымен танысу, күш сынасу, ептілік, ой жүйріктігін дәлелдей білу.
9 наурыз күні 5-9 сыныптар «Қара жорға» биін биледі. Би билеу арқылы оқушылардың буындары босап, бір сергіп қалды. Аптаның үшінші күні «Қазақша ән шырқайық» караокемен ән айтылды. Дәл осы күні 5-6 сыныптарымен «Кітап әлеміне саяхат» атты тақырыпта кітапханамен байланыс жасалды.
11 наурыз күні қазақ халқының күйлерін шерту жарысы ұйымдастырылды. Мақсаты күй өнерімен таныстыру. Аптаның соңғы күні өзге ұлт өкілдері оқушыларымен «Қазақшаңыз қалай?» сұрақ-жауап ойыны өткізілді. Қазақ сыныптар арасында мақал-мәтелдер жарысы өтіп, женімпаздар анықталды.
Мектеп оқушылары өздерінің тілге сүйіспеншілігін, белсенділігін, дәлелді сөзі, ойы арқылы айта білді. Бүгінгі таңдағы тіліміздің мәселесіне қатысып, келелі ой қозғады. Апталықтың барысында тіл, әдебиеті пәнінің барлық мұғалімдері өз шеберліктерін көрсетіп, жоспарланған іс-шара өз деңгейінде өтті.