«Павлодар қаласының №33 жалпы орта білім беру мектебі» мм 2016-2017 оқу жылындағы ЖҰмыс қорытындысы


АНАЛИЗ УСЛОВИЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ СРЕДЫ



бет6/43
Дата25.05.2022
өлшемі0,52 Mb.
#35595
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
АНАЛИЗ УСЛОВИЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ СРЕДЫ.
Анализ условий по реализации «Закона о языках РК»
« Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңының орындалуы барысы бойынша № 33 жалпы білім беру мектебінде атқарылған іс шаралар туралы ақпарат.
Тіл саясаты тұжырымдамасына, ел президентінің Қазақстан халқына арналған «Қазақстан – 2030» Жолдауына сәйкес әзірленген.Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы екенін басқа ұлт өкілдеріне ұғындырып, түсіндіру, тілді игерту, оның қыр – сырын меңгерту тіл мамандарының ең басты міндеті.
Мектебімізде мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, қазақ тілінде құжаттар жазу мақсатында ізгілікті істер жалғасын табуда. Ұстаз үшін оқыту әдісін дұрыс таңдай білу өте маңызды. Ізденіс,жаңа технологияны енгізу,мемлекеттік тіл беделін көтеру ,біздер,қазақ тілі пәні мұғалімдерінің алдымызға қойған ең басты міндетіміз.
Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2011 жылдың 29 маусымдағы №110 жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын, Қазақстан Республикасында тілді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған жаңа мемлекетті бағдарламасын қарастыра отырып, ҚР халықтарының Тілдер күнін мерекелеуге арналған 2.09.2016-30.09.2016ж. аралығында «Тіл-достық пен келісім кепілі» атты айлықты іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары құрылды. 2.09.2017 жылы айлықтың ашылу салтанаты ұйымдастырылып, оқушылар айлықтың мақсаты мен міндеттерімен танысты. Мұғалімдер жоспар бойынша сыныптан тыс іс-шараларын өткізді.
Осы мерекеге 5-11 сынып оқушылары, тілдер пәнінің мұғалімдері, сынып жетекшілер белсенді қатысты.
Оқушыларға тілдің қасиетін, құдіреттілігін таныту мақсатында 5-11 сыныптар арасында «Мемлекеттік тіл – менің тілім » атты сынып сағаттары өтті. Тілдер күніне әр пән бойынша тәрбие сабақтары, шығармалар сайысы өткізіліп, көрме ұйымдастырылды. ӘБ-тің барлық мұғалімдері келесі шаралар өткізді: Ортақова Н.Қ., Куямбаева А.А. «Халық даналығы» 5Б сынып оқушыларымен білгірлер сайысын , қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері 5-8 сыныптар арасында әдеби кеш , Қапбасова Г.Қ., Жексенова Д.Қ. 10Б сынып оқушылармен «Мемлекеттік тіл-ұлт тірегі» конференциясын өткізді. «Өз ойыным» 5-8 сыныптар арасында танымдық жарыс ұйымдастырылды. Әр мұғалім өз пәні бойынша тапсырмалар дайындап, қызықты өтуге ат салысты.
«Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы түрлі этникалық топтардың мектеп жасына дейінгі балаларға және мектеп оқушыларына қазақ тілі мен мәдени ортасына бой үйретіп, мемлекеттік тілді меңгеруіне, қазақтың тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын бойына сіңіру мүмкіндіктерін көздейді. Өзге ұлт өкілдерінің басын қосып, қазақтың ана тілін үйретумен қатар, олардың санасына ұлттық құндылықтарды сіңіру, салт- дәстүрді дәріптеу жобаның басты мақсаты.
Мектебімізде «Мың бала» республикалық мәдени ағартушылық жобасына 2-10 сыныптар бойынша өзге ұлт балалары қатысты. Сайыстың әділқазылар алқасы Қазақстан халық ассамблеясының мүшесі балаларға өз бағасын қойды. Топты жарып облыстық сайысқа курд ұлтынан қызы, 7 сынып оқушысы Ханларова Каратель жолдама алып, облыста ІІ дәрежелі орынға ие болды.
18-19 қазан аралығында мемлекеттік тілде оқытылатын 5-11 сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиет пәнінен мектепішілік олимпиадаға – 32 оқушы қатысты. Олимпиада екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде шығарма жазу болса, екінші кезең талдау үлгілері мен ойтолғау , ал орыс сыныптарында бірінші кезеңде мазмұндама жазу, екінші кезеңде тест тапсырмаларын орындау еді. Шығарма тақырыбының екеуі - оқу бағдарламасына негізделсе, біреуі-еркін тақырыпта құрылды. ІІ турдың тапсырмасына 4 тапсырма берілді. Екеуі- талдау жұмысы, екеуі-шығармашылық тапсырмалар. Бұл тапсырмалар арқылы оқушылардың теориялық және практикалық білімдері тексерілді. 9-11 сыныптың тапсырмалары облыстық тапсырмаларына сүйене отырып құрастырылған.
Мектепішілік пән олимпиадасының қорытындысымен жүлделі орынға ие болған балалар:
І орын- Қужігіт Эльнұр- 9 А, Бейсенбай Алтын- 9 А, Құнашева Ділнұр - 7 А Петрищина Марина-11Б
ІІ орын – Шандыбасова Аружан- 7 А, Балпекова Даяна 8 А
ІІІ орын- Абдимоминова Әлия-6А, Канашева Нұргүл-7 Б,
Нұрғали Замира - 7 Б, Баруздин Олег-10Б, Булинг Яна-6В


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет