Қоржыннан әлдеқалай түскен файлды орнына келтіру –
Қоржын қапшығына кіріп, файлды оң батырмаман сырт еткізу Восстановить. Немесе Файл Восстановитъ. Файл өзінің тұрған орнына оралады. Бірнеше файлдарды қатарынан орнына келтіру үшін, оларды алдымен белгілеп және Файл Восстановитъ. Қоржынды тазалау (жұмыс барысында салынған барлық нысандарды біржола жою және дискілік кеңістікті босату) – Қоржынды оң батырмамен сырт еткізу және Очиститъ Корзину. Немесе Корзина белгісін екі рет сырт еткізу Файл Очиститъ Koрзину ОК. Дискетадан алыстатылған файл Қоржынға түспейді (сыртағы «қоқым» компьютерге керек емес).
Қоржынның көлемін білу және өзгерту үшін, оны оң батырмамен сырт еткізіп Свойства пунктін басу керек, әдетте – ол винчестердің 10% құрайды. Қоржынның көлемін, жүгіртпені (бегунок) қозғау арқылы өзгертуге болады.