Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты т.Қ. Қойбағарова информатика



бет153/234
Дата15.03.2022
өлшемі7,08 Mb.
#27999
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   234
Байланысты:
Информатика

Оң абзацты шегініс (отступ) – мәтіннің бірінші жолының оң жаққа жылжуы. Ойы, тақырыбы, идеясы және сюжеті бірлескен мәтінді логикалы бөліктерге бөлуге қолданылады.
Абзацтық шегініс, шрифтің өлшеміне тәуелсіз басылымның бүкіл мәтіні үшін бірдей болуы керек. Абзацтық шегініс XVI ғасырдағы көне парагафты белгілердің орнына келген.
Шет ел басылымдарында абзацтық шегіністі жиі қолданбайды, есесіне абзацтарды бірінен-бірін тік аралығын (интервалын) үлкейту арқылы бөледі.
Теріс абзацты шегініс (выступ) – абзацтағы барлық жолдарға қарағанда бірінші жол басының сол жаққа шегінуі. Сондықтан абзацтық кері шегініс деп те атауға да болады.
Абзацтық жылжытуды жол басымен (орысша красная строка) жиі шатастырады.
Қазіргі мәтіндік процессорларда, әдетте жаңа абзац қатаң қайтарыс (орысша жесткий возврат) арқылы жасалады.

228


Қатаң қайтарыс (аппараттық қайтарыс) – ол мәтіндік процессорда абзацтың соңы. Қатаң қайтарыс жаңа абзацты бастайды, бұл оның жұмсақ қайтарыстан айырмашылығы. Құжаттың статистикасын өзгертуінен басқа, бұл мыналарды белгілейді:
Абзац аралығында қосымша кеңдікті.
Келесі абзацтың бірінші жолында абзацтық шегіністі.
Егер мәтіндік процессорда осы жағдайлар қадағаланса, келесі жол, төменгі аспалы (висячий), ал алдыңғы – жоғарғы аспалы жол болып кетпейді.
Аспалы жол – ол өз абзацынан үзіліп, алдыңғы жолда немесе келесі бетте жалғыз «асылып» тұрған жол.
Мәтіндік процессорлардың көбінде, сөздердің тасымалы (орысша переносы) автоматты түрде жасалады. Бұл жұмсақ қайтарысты қолдану жағдайы сирек болатынын айқындайды, сондықтан Enter пернесін басу – қатаң қайтарысты және жаңа абзацтың басталуын білдіреді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет