Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты т.Қ. Қойбағарова информатика


Әлемдік тордың құрылымы және прициптері



бет223/234
Дата15.03.2022
өлшемі7,08 Mb.
#27999
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   234
Байланысты:
Информатика

6.2. Әлемдік тордың құрылымы және прициптері
Әлемдік тор (ағылш. World Wide Web) — гипермәтінді, дәлірек айтқанда, Интернеттің іздеу ресурстарының гипермедиялы ақпараттық жүйесі және оларға қатынасу.
Бұл, ақпаратты алмастыру үшін желіге байланыстырылған компьютерлер ортасы. WWW-ті – кітапхана дейік, онда Web-тораптарды– осы кітапханадағы кітаптар, ал Web-беттерді– кітаптың беттері деуге болады.
Әлемдік тор, ақпараттық технологияларға нағыз төңкеріс әкелді және Интернеттің дамуына үлкен серпіліс берді. Көбінесе Интернетті айтқанда Әлемдік тормен шатастырады, бірақ бұлар бірдей нәрселер емес екенін есте сақтаған жөн.
Сонымен қатар, Әлемдік торды белгілеу үшін «WWW» және веб (ағылш. web) сөзі қолданылады.
Әлемдік торды, бүкіл дүние жүзінде орналасқан, Интернет желісінің миллиондаған веб-серверлері құрайды.
Веб-сервер, HTTP протоколын пайдаланып деректерді жіберу үшін, желіге қосылған компьютерден жіберілген программа болып табылады. Қарапайым түрде, мұндай программа, желімен белгіленген ресурсқа (әдетте файлдар немесе олардың бөліктері) HTTP-сұраным алады, жергілікті қатты дискіден сәйкес файлды іздеп табады және оны желімен сұраным жасаған компьютерге жібереді. Бұдан күрделі веб-серверлер, HTTP-сұранымға жауапты, ресурстарды динамикалы үлестіру арқылы ұйымдастырады.
Ресурстарды идентификациялау (теңдестіру) үшін, Әлемдік торда URI (Uniform Resource Identifier) – ресурстардың біркелкі идентификаторлары (теңдестірушілері) пайдаланылады.
Ресурстардың орналасқан жерін анықтау үшін, желіде URL (Uniform Resource Locator) – ресурстардың біркелкі локаторлары пайдаланылады.
Мұндай URL-локаторлар URI идентификациялау технологиясын және DNS (Domain Name System) – домендік атаулар жүйесін үйлестіреді. Домендік атауы (немесе тікелей сандық жазылымдағы IP-адрес), керек веб-сервердің кодын атқаратын, компьютерді (дәлірек – оның желілік интерфейсінің біреуін) белгілеу үшін URL құрамына кіреді.
Веб-серверден алынған ақпаратты шолу үшін, клиенттік компьютерде арнайы программа – веб-браузер қолданылады. Веб-браузердің негізгі қызметі – гипермәтінді бейнелеу.
Әлемдік тор гипермәтін және гиперсілтеме ұғымдарымен тығыз байланыста. Веб-тегі ақпаратың дені дәл гипермәтіннен тұрады.

299

Гипермәтінді жасауды, сақтауды және бейнелеуді жеңілдету үшін, Әлемдік торда дәстүрлі түрде гипермәтінді белгілеу тілі – HTML қолданылады.


Гипермәтінді белгілеу жұмысын вёрстка (беттеу), белгілеу шеберін – веб-мастер немесе дефиссіз вебмастер (веб-шебер) деп атайды.
HTML-белгілеуден кейін алынған гипермәтін файлға орналастырылады, мұндай HTML-файлдар Әлемдік тордың ең кең тараған ресурсы болып табылады.
Веб-сервер HTML-файлға қатынасуға мүмкіндік алған соң, оны «веб-бет» деп атай бастайды.
Веб-беттер жиыны веб-сайтты құрайды. Веб-беттердің гипермәтініне гиперсілтемелер қосылады. Гиперсілтемелер Әлемдік тордың пайдаланушыларына ресурстар (файлдар) арасында, оның қай жерде, жергілікті компьютерде немесе алыстатылған серверде орналасқанына байланыссыз, жеңіл ауысуға көмектеседі. Веб гиперсілтемелері URL технологиясына негізделген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет