IP-адресті табу және орнату:Жұмыс столында оң батырмамен Сетевое окружение қапшығын шертіп Свойства TCP/IP (ти-си-пи ай-пи) Свойства. Егер протокол жоқ болса, онда оны қосу керек (Добавить).
ICQ – тікелей тілдесу (on line) режімінде Интернеттегі клиенттерді байланыстыруға арналған программа, интернеттік пейджер деуге болады.
Телеконференция (Newsgroup) – бұл, компьютерлік желілер абоненттерінің арасындағы ақпарат алмасу жүйесі, әдетте бір тақырыптық бағыттағы, хабарламалар жиыны, мақалалар, құжаттар.
(World Wide Web) – Интернетке қосылған, әртүрлі компьютерлерде орналасқан, өзара байланысқан құжаттарға қатынасуға мүмкіндік беретін, үлестірілген (распределенная) жүйе.
Гиперсілтеме – бір-бірімен байланысқан сөздер, яғни бір құжаттың ішінен басқа құжатқа сілтеме. Құжаттың мәтінінде асты сызылған түйінді сөз, фраза, белгі, сурет кезіксе, оны «саусақпен» шертіп екінші құжатқа, одан үшінші құжатқа кіріп, қайта қайтуға болады. Өз кезегінде, екінші құжаттан үшіншіге, т.с.с. ауысып, одан қайта қайтуға болады.
Гипермәтін – мәтіндік ақпаратты ұйымдастыру әдісімен экранда ақпаратты ұсыну пішіні, ішінде Гиперсілтемелерді кіргізу арқылы, әртүрлі үзінділерінің арасында, оны басқаруға болатын,
мазмұндық байланыстар орнатылған.
Контент (ағылш. content — ішіндегісі) — ақпараттық ресурсты (мысалы, веб-сайтты) кез келген мағыналы ақпаратпен толтыру, олар: мәтіндер, графика, мультимедиа; әдетте пайдаланушы тек өзі басыбайлы қолдану үшін, сәйкес заңдылықтың ережелерін сақтай отыра, компьютердің дискісіне жүктей алатын барлық ақпараттар.
Апплет (ағылш. applet ол application сөзінен—қосымша және – let — кішірейтетін жұрнақ) — бұл программалық жасақтаманың ергіш құрамы, басқа, толық қосымшаның жанамасында жұмыс жасайды, тек аясы тар бір есепке арналған және базалық қосымшадан ажыратылғанда құндылығы жоқ.