2х=32
Бірақ 32 = 25 демек, x = 5 бит болады. Жауабы нақты қандай нөмір шыққанына тәуелді емес екені айқын.
3– мысал. Сүйек ойнында алты қырлы кубик қолданылады. Кубиктің әрбір лақтыруынан ойыншы қанша бит ақпарат алады?
Кубиктің әр қырының түсуі теңықтималды. Сондықтан кубикті бір лақтырғандағы нәтижесіндегі ақпарат саны 2Х =6 теңдеуінен табылады.
Теңдеудің шешімі: х = Iog2 6
Логарифмдер кестесінен (үтірден кейін 3-таңбалық дәлдікпен) шығатыны: х = 2,585 бит.
2.3. Ақпараттың алфавиттік өлшемі
Мәтіннің ішіндегі ақпарат санын анықтауда, ақпаратты алфавиттік тұрғыдан өлшеу мүмкіндігін береді. Ақпаратты алфавиттік тұрғыдан өлшеу объективті, себебі мәтінді қабылдайтын субъектіге (адамға) тәуелді емес.
Мәтінді жазуға пайдаланын көптеген символдар, алфавит деп аталады. Алфавиттің қуаттылығы деп, алфавиттегі символдардың толық санын айтады.
Егерде алфавиттегі барлық символдар бірдей жиілікпен (тең ықтималды) кезігеді деп жорамалдалса, онда әр символды берер ақпаратының саны мына формуламен есептеледі:
Достарыңызбен бөлісу: |