Жауабы анық: К=2n.
Сонымен, егер N = 6 болса K = 64 символдың екілік кодтық комбинациясы шығады (яғни, 64 символды кодтауға болады) бұл өте аз. Ал егер, N = 7 болса, К = 128 кодтық комбинация шығады.
Бірақ, бірнеше табиғи тілдерді және жоғарыда аталған белгілерді кодтауға бұл да жеткіліксіз.
Демек, N – нің минималды жеткілікті мәні 8 –ге тең болса, К = 256 символдардың екілік комбинациялары шығады екен.
Кеңейтілген алфавиттің барлық символдарын кодтауға 8 – биттік кодттау да жеткіліксіз. Сондықтан, 16 – биттік Unicode1 кодттау жүйесіне өту жүріп жатыр. Онда N = 16 болса, К = 216= 65536 кодтық комбинация шығады.
ASCII (American Standard Code for Information Interchange) - 1963 жылы құрылған, ең кең тараған халықаралық кодтау кестесі.
Сегіз екілік символдары 1 байтты құрайтын болғандықтан, байттық кодтау жүйесі деп аталады. Компьютерлік алфавиттің
1-тарау. § 1. 1.7-пункт. «Ақпаратты кодтау»
барша символдары 0 ден бастап 255-ке дейін нөмірленеді. Әр нөмірге 00000000 ден 11111111 дейін 8-разрядты екілік код сәйкес келеді.
ASCII кодтау жүйесінде латын, орыс алфавитінің әріптерінің (үлкен, кіші) кодтары әліппе бойынша реттелген. Бұл қасиет мәтіндерді өңдеуде өте үлкен мүмкіншіктер береді, мысалы сөздердің лексографиялық реттелуін, іріктеуін т. с. с.
Оналтылық жүйенің цифрларымен аталған, 16 бағанадан және 16 жолдан тұрады (16*16 = 256 символ кодталады). Кестеде біздің елдерде кең қолданылатын модификацияланған альтернативті (балама) кодтау келтірілген.
Кестенің сол жақ бөлімінде ASCII – дің бірінші стандартты 128 символдардың кодтары; оң жағында ASCII – дің кеңейтімі, кириллица әріптері, әртүрлі арнайы символдар енген (әр бөлімі 8*16 =
символдан).
Компьютердің алфавитінің (пернетақтаның) белгілеріне, мына ережемен он алтылық сандар сәйкестірілген: бірінші – баған нөмірі, екінші – жол нөмірі.
Мысалы, ағылшын «А» әрпінің кодын табу үшін, алдымен бағана нөмірі – 4, одан екйін жол нөмірі – 1 алынады да коды 41 болады. Сонда ағылшын «А» әрпінің байттық коды: 0100 0001 – болғаны.
Компьютердің ішкі ұсынымында әр символдың екілік кодын оналтылық формаға қайта кодталып жазылады.
Әр символдың оналтылық коды – 00 ден FF дейінгі екі орынды
сан.
Достарыңызбен бөлісу: |