Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты т.Қ. Қойбағарова информатика


Графикалық ақпараттың ұсынылуына есептер



бет69/234
Дата15.03.2022
өлшемі7,08 Mb.
#27999
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   234
Байланысты:
Информатика

Графикалық ақпараттың ұсынылуына есептер
Растрлық ұсынылу

№ 17
Дисплейдің шешушілік қабілеті 640*350 пиксель, пайдалынылатын түстер саны 16 болса, екі бет бейнені сақтау үшін бенежадының көлемі қандай болуы қажет?

№ 18
Дисплейдің шешушілік қабілеті 800*600 пиксель, бит тереңдігі 24 тең болса, төрт бет бейнені сақтау үшін бенежадының көлемі қандай болуы қажет?
№ 19
Бейнежажының көлемі 256 Кб тең, қолданылатын түстер саны –
Бет сандары мүмкін 1, 2 немесе 4 тең болғанда, дисплейдің шешушілік қабілетінің варианттарын есептеу керек.


115

№ 20
Бейнежажының көлемі 1 Мб. Дисплейдің шешушілік қабілеті 800*600. Бейнежады екі бетке бөлінетін жағдайда, қандай ең көп түстер санын қолдануға болады?


№ 21
Бейнежажының көлемі 2 Мб, бит тереңдігі – 24, дисплейдің шешушілік қабілеті – 640*480. Бұл жағдайда қандай ең көп бет сандарын қолдануға болады?

№ 22
Дисплей экранында 224 (16777216) әртүрлі түстерді бейнелеу қажет. Дисплейдің шешушілік қабілетінің әртүрлі мәндерінде (мысалы, 640 *480, 800 *600, 1024*768, 1240*1024) бейнежадының бір бетіне қажет көлемді есептеу керек.


№ 23
Бит тереңдігі 32 тең, бейнежады екі бетке бөлінеді, дисплейдің шешушілік қабілеті – 800*600. Бейнежадының көлемін есептеу керек.
№ 24
Бейнежадының 4-түсті 300*200 өлшемді бейне сақталатын көлемі бар. Егер ол 16-түстік палитра қолданылса, бейнежадының сол көлемінде бейненің қандай өлшемін сақтауға болады?

№ 25
Бейнежадының 4-түсті 640*480 өлшемді бейне сақталатын көлемі бар. Егер ол 256-түстік палитра қолданылса, бейнежадының сол көлемінде бейненің қандай өлшемін сақтауға болады?


№ 26
Шешушілік қабілеті 10*10 және оналты түсті бейнелейтін кішкентай мониторды қаратырайық. Екілік коды бойынша, не бейнеленгенін, бейне түсін және фон түсін анықтау керек.
1111 1111 1111 1111 1111 1111 1111 1111 11111

1111 1111 1111 1111 1110 1111 1111 1111 11111

1111 1111 1111 1110 1110 1110 1111 1111 11111
1111 1111 1110 1110 1110 1110 1110 1111 11111

1111 1110 1110 1110 1110 1110 1110 1110 11111

1111 1110 1110 1110 1110 1110 1110 1110 11111

1111 1110 1110 1110 1110 1110 1110 1110 11111

1111 1110 1110 1110 1110 1110 1110 1110 11111

1111 1110 1110 1110 1110 1110 1110 1110 11111

1111 1111 1111 1111 1111 1111 1111 1111 11111
№ 27

Бит тереңдігі тең:

екіге,


116

төртке


болған жағдайда, бейненің екілік кодын құру керек:

=> алфавит әріптерінің

=> цифрлардың
=> геометриялық фигуралардың (шаршының, үшбұрыштың, эллипсің және т.б.).
Бейне және фон түсін таңдау өз еркіңізде.

№ 28


Бит тереңдігі тең:

екіге,


төртке
болған жағдайда, ашық сары қолшатырдың бейнесін көгілдір фон үстінде бейнелеу үшін (1.11-сурет) екілік кодын құру керек


1.11-сурет


№ 29
Дисплейдің шешушілік қабілеті 600*200 тең. Бір символды орналастыру үшін мәтіндік режімде 8*8 пиксельді матрица қолданылады, оны белгі мекен (орысша знакоместо) деп атайды. Саны ең үлкен қандай:
мәтіндік жол,
жолдағы белгі мекен экранда орналасуы мүмкін? № 30
Бір символды орналастыру үшін мәтіндік режімде 8*8 пиксельді
матрица қолданылады, мәтіндік жолдың саны 75 тең, ал жолдағы белгі мекен саны 100 тең. Дисплейдің шешушілік қабілетін есептеу керек.
№ 31
Бит тереңдігі 24 тең. Түсті құрастыру үшін қызылдың, жасылдың және көктің неше әртүрлі реңдері қолданылады.
№ 32
Экранда 256 түс бейнеленуі мүмкін. Қызыл, жасыл және көк құрамалары неше әртүрлі жарықтылық деңгейін қабылдайды?
№33
Бейнежадының көлемі 512 Кб тең, дисплейдің шешушілік қабілеті – 320*200. Бейнежады екі бетке бөлінетін болса, қызыл,

117

жасыл және көк құрамалары неше әртүрлі жарықтылық деңгейін қабылдайды?
№ 34
Бит тереңдігі 24 тең. Экранда сұр түстің неше әртүрлі реңі бейнеленуі мүмкін?
Ескерту. Құрамалы үш түстердің барлығының жарықтылық деңгейлерің мәндері тең болғанда ғана, сұр түсті рең алынады. Егер үш құраманың барлығының жарықтылық деңгейлері ең жоғары болса, онда ақ түс алынады; үш қүраманың жоқтығы қара түсті береді.
№ 35
Бит тереңдігі 24 тең. Ақшыл-сұр және қою-сұр реңдерінің екілік ұсынылу варианттарының бірнешуін сипаттаңыз.
№ 36
Компьютер экранында сұр түстің 1024 реңін алу қажет. Бит тереңдігі кандай болуы керек?
№ 37
Бейнежадының көлемі – 2 Мб, дисплейдің шешушілік қабілеті 800*600 тең. Бейнежады екі бетке бөлінетін болса, онда экранда сұр түстің неше әртүрлі реңін алуға болады?

№ 38
Компьютер экранында 16 түс бейнеленген. Жасыл және ақшыл көк (көк+қызыл) түстердің әртүрлі реңдерінің екілік ұсынылуын сипаттаңыз. (Ескерту: ақшыл көк орысша – сиреневый).


№ 39
Компьютер экранында 256 түс бейнеленеді. Қызыл және сары (қызыл+жасыл) түстердің бестен кем емес әртүрлі реңдерінің екілік ұсынылуын сипаттаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет