Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты т.Қ. Қойбағарова информатика


Құрылымды ақпараттық модельдеу мысалы



бет82/234
Дата15.03.2022
өлшемі7,08 Mb.
#27999
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   234
Байланысты:
Информатика

7.2.1 Құрылымды ақпараттық модельдеу мысалы
Адам білімінің бір аймағы тектану (генеалогия), яғни ата текті зерттейтін ғылым үшін, құрылымы дәстүрлі ағаш.1 түріндегі схемалаға түбегейлі ұқсамайтын ақпараттық модель құруға болады.
«Бура шежіресі»2 кітабынан келтірілген үзінді бойынша (1.15-сурет) шежірені құрудың, құрылымданған және ақпараттық мүлдем жаңаша түрімен танысуға болады.
Ерекше айта кету керек, бұл құрылымды ақпараттық модель Microsft Excel қолданбалы программа ортасында құрылған, оның өзі ата-тек тармақтарын құру және жазу үшін технолгиялық жаңалық деуге болады.
Бірінші жолда, C, D, E,. …W бағандарында 1-ден бастап 21-ге дейін ұрпақтардың рет нөмірі берілген, яғни бұл шежіреде жиырма бір ұрпақ жазылған.
Мысалы, K бағанындағы 9 цифры 1650-ші жылдары өмір сүрген тоғызыншы ұрпақты көрсетеді, атап айтқанда үш ағайынды кісілер: Елшібек, Байқошқар және Елшім. Мұнда айта кететін жай, Бура атасынан бастап Елшібекке дейінгі, бірінші 8 ұрпақтың тізбесі 3-ші жолда жазылған.
Екінші жолда – әр бағана 30 жылдық аралықты қамтитын 1470-ші жылдан бастап 2010 жылға дейін жазылған, яғни әр баған

1-тарау. § 8. 8.3-бөлімі.


Сыдықов М.Қ. Тоғыз таңбалы Найман «Бура шежіресі», 1-том. Павлодар 2007 ж. 584 бет.

141



ұрпақтың рет нөміріне сәйкес. Бір әкенің барлық балалары осы 30 жыл аралығында туған деп есептеледі.

1.15-сурет. «Бура шежіресі» кітабынан кесінді


Мысалы, 1650-ші жылдары өмір сүрген Елшібек Бура атасының 9-шы ұрпағы болса, ал, оның ұлы Есеналі 1680-ші жылдары өмір сүрген, бұл атаны 10-шы ұрпағы болады.
Егер бағанда бірнеше кісілердің аты жазылса, яғни ағайынды кісілер, онда алдымен ең үлкенінен бастап, қою қара әріппен теріліп, келесі бағанаға осы атаның балалары жазылады. Тағы-тағыдай барлық ұрпағы жазылып болған соң, келесі бала сол бағанаға қайтадан қою қара әріппен теріліп, келесі бағанаға оның балалары жазылады.
Егер ұрпақ жалғыз болса, қою қара әріппен ерекшелемесе де болады.
Сонымен, мынадай тарату шығады: Елшибек – Есеналы – Кон-дыбай –Калыбай –Нурлыбай. Мұнда соңғы екі ұрпақ жалғыз болғандықтан қою қарамен ерекшеленбеген.
Байқошқар Елшібектің інісі және бір буын болғандықтан, ол 9-шы бағанға қайтадан жазылып, әрі қарай енді оның ұрпақтары таратылады.
Сонда былай болады: Байқошқар Жанығұл Қазыбай – Бекайдар – Мырзабай – Саңқай – Жақып – Ақанбай – Молдабай.

142

Ақпарат көзі, яғни шежірені жинаған кісілердің цифрлық белгілеуі Е бағанында квадрат жақшаның ішінде жазылған. Шежіренің бос орындарына фото суреттер, тарихи түсініктемелер және деректер кіріктіріліп қойылғанын айта кету керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет