Бас мәзір – ПУСК батырмасы немесе Windows логотипі салынған пернемен ашылады. Бас мәзір Windows жүйесінде қойылған қосымшаларға және утилиттерге тез кіруді қамтамасыз етеді.
Windows XP-ң Пуск мәзірі
пайдаланушының аты және авторы;
браузерге және клиенттің E-mail-не кіру;
жиі қолданылатын программаларға кіру;
арнайы қапшықтарды ашу;
компьютерді өшіру.
Қапшық (папка2) — файлдардың және басқа қапшықтардың қоймасы. Қапшықтардың ішінде тағы қапшық болуы мүмкін. Қапшықтардың екі түрі болады: жүйелік және жеке пайдаланушының қапшықтары.
Жеке қапшықта пайдаланушының бір тақырыптық бағытта сақталған программалары құжаттары болуы мүмкін.
Жүйелік қапшықтарға Мой компъютер, Корзина, Мои
1 COM (ағылш. Component Object Model — компоненттердің объектілік моделі, Microsoft компаниясы жасаған компьютерлік технолгиясы.
2 Папка термині (ағылш. - folder) офистік қапшықка ұқсас пайдаланушылық графикалық интерфейсте файлдық жүйенің объектілерін ұсыну үшін енгізілген.
документы, Сетевое окружение, Панель управления, т.б. жатады. Бұл қапшықтар Windows жүйесі орнатылғанда бірге қойылады.
Жарлық (shortcut)— программалық элементтің аты және белгісі, оны екі рет шерту арқылы сәйкес программаны орындаймыз.
Көбінесе «ыңғайсыз» жерде орналасқан программаларды тез жіберу үшін жарлықты жұмыс столына шығарып қояды. Жұмыс столындағы жарлықтың сол жақ төменгі бұрышында түрінде белгі болады.
Терезе – Windows1 жүйесінің графикалық интерфейсінің негізгі объектісі, экранның төртбұрышты қоршаулы аумағы. Онда әртүрлі программалардың, файлдардың белгілері орналаласады.
Достарыңызбен бөлісу: |