4.11.1. Тапсырмалар
Массивтермен қарапайым амалдарды орындаңыз:
1. Массивтердің қосындысын (айырымын) есептеу:
{=A1:C3+E1:G3}
Массивтердің әр элементтерінің көбейтіндісін есептеу:
{=A1:D4*G1:J4}
Массивтің әр элементтінен қандайда бір функцияны есептеу:
{=COS(A1:D5)}
4.12. Excel-де жасалған құжаттарды қорғау
Жұмыс кітабын құпиялау – Файл Сохранить как Сервис
Общие параметры Пароль для открытия файла жолында 15
символға дейін ОК Подтверждение пароля (тағыда теру) ОК. Экранда пароль жұлдызшалар жиыны болып бейнеленеді (ешкім сығаламас үшін). Құжатты сақтап жабамыз. Мұндай файлдың ашылуы парольді сұраудан басталады. Парольді ұмытпаңыз, әйтпесе
құжатыңызды біржолата жоғалтасыз.
Құпиялық грифін алу – құжатты ашыңыз, дұрыс парольді теріп, Файл Сохранить как Сервис Общие параметры Пароль для открытия файла жолында жұлдызшаларды жою (BACK немесе DEL пернелерімен) ОК.
Достарыңызбен бөлісу: |