№ 11
Алдыңғы 10-шы есептің шешілу нәтижесін пайдаланып, «ИНФОРМАТИКА» сөзіндегі ақпарат мөлшерін анықтаңыз.
№ 12
Алдыңғы 10-шы есептің шешілу нәтижесін пайдаланып, «ПОВТОРЕНИЕ — МАТЬ УЧЕНИЯ» сөйлемшесіндегі ақпарат мөлшерін анықтаңыз.
№ 13
Ағылшын тілінде жазылған кез келген мәтінді (3-4 беттік) алып, ағылшын тілінің жиілік сөздігін құрыңыз. Осы сөздіктің әрбір әрпі қанша ақпарат мөлшерін беретінін анықтаңыздар.
№ 14
Алдыңғы 13-шы есептің шешілу нәтижесін пайдаланып, «INFORMATION» сөзіндегі ақпарат мөлшерін анықтаңыз.
№ 15
Аялдамада нөмірлері әртүрлі автобустар тоқтайды. Аялдамаға N1 нөмірлі автобусы келді деген хабар 4 бит ақпарат береді. N1 нөмірлі автобусының келу ықтималдылығына қарағанда, N2 нөмірлі автобусының аялдамаға келу ықтиалдылығы екі есе кем. Аялдамада N2 нөмірлі автобусының көрінгені туралы хабарда қанша ақпарат болады?
45
Тест сұрақтары Үш хабар берілген: 1) «Тиын сан жағымен жоғары қарап түсті»; 2) «Ойын сүйегінің үш ұпайлы қабырғасы жоғары қарап түсті»; 3) «Светофордың қызыл түсі жанып тұр». Ақпараттеориясына байланысты осылардың қайсысында көбірек ақпарат бар?
a екіншіде; b біріншіде; c үшіншіде;
d барлық хабарларда ақпаратлар саны бірдей; e сұрақ дұрыс қойылмаған.
Вагонның 16 жолдың қайсысында тұрғанын анықтау үшін, «иә» немесе «жоқ» деген жауап алатын, саны минималды қанша сұрақ қою қажет:
a 16; b 3; c 4; d 5; e 8.
Кәрзенкеде ақ және қызыл шарлар жатыр. Оның ішінде 18 қызыл шарлар. Кәрзенкеден ақ шар алынды деген хабар 2 бит ақпарат екелді. Кәрзенкеде барлығы қанша шар болғаны?
a 32 b 26 c 28 d 24 e 16
1 ден N дейін аралықтағы бүтін санды табуда 8 бит ақпарат алынды. N нешеге тең болғаны?
a 128 b 254 c 242 d 126 e 256
Хабар 3 беттен, оның әр қайсысы 25 жолдан тұрады. Жолдың әр қайсысында 60 символдан жазылған. Егер хабар 1125 байттан тұрса, онда пайдаланылған алфавит неше символдан тұрады?
a 3 символ; b 8 символ; c 16 символ; d 5 символ; e 4 символ.
46
Ақпараттың мөлшері, алушы үшін, хабарда жаңалық болуына тәуелді деген тұрғыдан, ақпаратты өлшеуге бола ма?
a иә, әлбетте; b болмайды;
c иә, болуы мүмкін;
d болады дегеннен гөрі, жоқ деу тезірек;
e бүгінгі таңда, бұл сұраққа үзілді-кесілді жауап беру мүмкін
емес.
Ақпарат теориясы бойынша, лақтырылған тиынның “сан” жағымен түскені туралы хабардағы бит саны мынаған тең:
a 0; b 4; c 2; d 1; e 8.
Кәрзенкеде 64 шүйке жүн жатыр. Оың ішінде – 8 қызыл. Қызыл шүйке жүн алынды деген хабар қанша ақпарат әкеледі?
a 4 b 2 c 5 d 1 e 3
16 символдық алфавиттің көмегімен жазылған хабарда неше символдың болғаны, егерде оның көлемі Мбайттың 1/16 бөлігін құраса?
a 131016 символ; b 130056 символ; c 132032 символ; d 131072 символ; e 136064 символ.
Хабарды жазуға 64 символдық алфавит пайдаланылды. Әрбір бет 30 жолдан тұрады. Барша хабардың ішіндегі ақпарат 8775 байт және 6 бетті құрайды. Жолда неше символ бар?
a 75 символ; b 65 символ; c 60 символ; d 70 символ; e 85 символ.
Егер ақпаратты, анықталмағандықтың азаю мөлшері ретінде қарастырса, онда хабардағы ақпарат саны ..?. тәуелді:
a хабардағы символдар санына;
хабарды жіберушінің білімінің көлемінен.
Ақпарат теориясы бойынша, лақтырылған тиынның “сан” немесе «герб» жағымен түскені туралы хабардағы бит саны мынаған тең:
a 1; b 0; c 2; d 4; e 8.
Қорабта ақ шарлар және 15 қызыл шарлар жатыр. Қорабтан ақ шар алынды деген хабар 2 бит ақпарат әкелді. Қорабта барлығы қанша шар болғаны?
a 32; b 40; c 21; d 20; e 25.
Кейбір диапазоннан бүтін санды тапқан кезде 7 бит ақпарат алынды. Осы диапазонда қанша сан бар?
a 1024; b 128; c 256; d 64; e 126.
ДНК молекуласында неше бит ақпарат бар, мұғалім білесіз бе, деп сұрақ қойдыңыз. Ол «Жоқ» деп жауап берді. Мұғалімнің жауа-бында қанша ақпарат бар?
a 1 бит; b 3 бита; c 102 бит;
d 1024 бит; e 3 байта.
Жәшікте ақ және қара биялайлар жатыр. Олардың арасында – 6 қос қара биялай. Жәшіктен қос ақ биялай алынды деген хабар 2 бит ақпарат әкелді. Жәшікте барлығы неше қос биялайлар болды?
a 6; b 8; c 9;
48
7;
10.
2048 символдан тұратын хабардың көлемі, Мбайттың 1/512 бөлігін құрады. Хабарды жазу үшін қолданылған алфавиттің өлшемі қандай болғаны?
a 256; b 128; c 64; d 512; e 1024.
2 беттік хабардың ішіндегі ақпарат Кбайттың 1/16 бөлігін құрайды. Әр бетте 256 символ жазылған. Пайдаланылған алфавиттің қуаттылығы қандай?
a 3 символ; b 8 символ; c 5 символ; d 2 символ; e 4 символ
Светофорда қызыл түс жанып тұрғаны туралы мәліметтегі ақпарат өлшемі неге тең деуге болады?:
a 0;
b 1битке; c 2 битке; d 1 байтқа;
e 1 биттен артық.
20.Хабарды жіберу және кодттау теориясында бит ол:
a бір символды кодтауға арналған, екілік сегіз орынды код; b кез келген хабардың ақпаратық көлемі;
c латын алфавитінің символы;
d {0,1} екілік алфавитінің екілік белгісі; e 1024 байт.