етік немесе галошты жоғарыдан төмен қарай дезинфекциялық ерітіндіге молынан батырылған мақта тампонмен сүртеді, сүлгіні шығарады;
егер олар жұмыс барысында қажет болса, жеңқаптарды және қолғаптың екінші жұбын шешеді;
етікті шешеді;
дезинфекциялық ерітіндіге батырылған мақта тампонмен костюмде болған жағдайда алжапқышты сүртеді, сыртқы бетін ішіне қаратып бүктеп шешеді;
көзілдірікті екі қолмен алға, жоғарыға қарай және басының артына тартып шешеді;
мақта-дәке масканы оның сыртқы жағын бетке тигізбей шешеді;
қолғапты шешеді (қолғаптың тұтастығы сақталмағанына күдік болған кезде оларды дезинфекциялық ерітіндіде тексереді (бірақ ауамен емес);
қорғаныш костюмді шешкеннен кейін қолды 70 пайыз спиртпен өңдейді, содан кейін сабынды сумен мұқият жуады;
халаттың жағасындағы байламды, белдікті шешеді және қолғаптың жиегін төмен жіберіп жеңнің байламдарын ағытады, халатты сыртқы бетін ішіне қаратып орап шешеді;
үшкіл орамалдың жиектерін бір қолмен желкеге жинап, абайлап шешеді.
адам өмірі мен денсаулығын қорғау, халықтың өмірі, еңбегі мен тынығуы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру басымдығы;
Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастар жағдайында орнықты дамуға көшуі және адамдардың қазіргі және болашақ ұрпақтарының салауатты және қолайлы қоршаған ортаға қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында әлеуметтік-экономикалық міндеттер мен қоршаған орта проблемаларын теңгерімді шешу;
экологиялық жағдайы қолайсыз аумақтарда экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру;
табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыру, табиғат пайдалану төлемақысын кезең- кезеңімен енгізу және қоршаған ортаны қорғауды экономикалық ынталандыруды енгізу;
ерекше экологиялық, ғылыми және мәдени маңызы бар биологиялық әртүрлілікті және қоршаған орта объектілерін сақтауды қамтамасыз ету;
мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік бақылау, қоршаған ортаны қорғау туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауаптылықтың бұлтартпастығы;
қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы, үйлестіру, қызметінің заңдылығы мен жариялылығы;
шаруашылық қызметтің экологиялық қауіпті түрлері кезінде өндірістік экологиялық бақылауды жүзеге асыру міндеттілігі;
қоршаған ортаға зиян келтіруді болдырмау, қоршаған ортаға ықтимал әсерді бағалау;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықтың, қоғамдық бірлестіктердің және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының белсенді және демократиялық қатысуы;
халықаралық құқық негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық.