Пба-мен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздіктің әртүрлі деңгейлері үшін жабдыққа қандай талаптар қойылады?


Зертханаларда жұмыс істеу жағдайларына (эпидемияға қарсы режим) қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар



бет7/12
Дата25.11.2023
өлшемі241,78 Kb.
#126769
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Зертханаларда жұмыс істеу жағдайларына (эпидемияға қарсы режим) қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар:

  • Құрамында инфекциялық аурулардың қоздырғыштары бар сұйықтықтардың ерітінділері резеңке үрімшенің немесе автоматты тамшуырдың көмегімен алынуы тиіс. Сұйықты ауызбен алуға, бір шыны түтікшенің жиегінен екінші шыны түтікшеге сұйық өсінділерді құюға тыйым салынады. Ыдыс, тамшуыр, жабдық, шприцтер пайдалану алдында олардың тұтастығы мен жарамдылығы тексерілуі тиіс. Бактериологиялық ілмек құралдың ұзындығы 6 сантиметрден аспауы тиіс.

  • Инфекциялық материалды жеткізу және оны ұйымның (зертхананың) аумағындағы бір зертханадан екінші зертханаға тасымалдау металл ыдыста (бакта, биксте) жүзеге асырылады. Материалды ашқан кезде банкалар мен шыны түтікшелер дезинфекциялау ерітіндісімен сүртілуі және металл кювет пен штативке қойылуы тиіс. Өсінділер себілген ыдыстардағы су конденсатына қол тигізуге жол берілмейді.

  • Инфекциялық материалды сепкен кезде шыны түтікшелерге, ыдыстарға, сауыттарға материалдың атауы, өсіріндінің (талдаудың) нөмірі, себу күні мен тіркеу нөмірі көрсетіле отырып жазу жазылады.

  • Серологиялық зерттеулер жүргізу алдында материал залалсыздандырылуы тиіс. Зерттеуді жедел жүргізу қажеттілігіне байланысты алдын ала залалсыздандырмай реакциялар қоюға жол беріледі. Мұндай жағдайда зерттеу кюветте, дезинфекциялық ерітіндіге малынған сулықтармен жүргізіледі.

  • Жұмыс аяқталғаннан кейін жұмыс үстелдерінде фиксацияланбаған жұғындыларды, Петри ыдыстарын, шыны түтікшелерді және инфекциялық материалы бар басқа да ыдысы қалдыруға тыйым салынады.

  • Жұмыс басталғанға дейін зертхана үй-жайын ылғалды тәсілмен жинау керек. Үстелдер, аспаптар, жабдық, едендер, терезе алды дезинфекциялау ерітіндісін қолдана отырып сүртіледі. Жұмыс процесінде және ол аяқталғаннан кейін зертханада осы Санитариялық ережеге 8-қосымшаға сәйкес дезинфекциялау және 1 текше метрге 2,5 ватт қуаттылығымен 30-60 минут бойы бактерицидтік шаммен сәулелендіру жүргізілуі тиіс.

  • Жұқпалы материалды сақтағаннан кейін тоңазытқыштарды еріту оларды дезинфекциялаумен бірге жүргізіледі. Конденсацияланатын су залалсыздандыруға жатқызылады.

  • Жұмыс күнінің соңында термостаттар, тоңазытқыштар, шкафтар, олар тұрған жұмыс бөлмесінің есіктері кілттеп жабылуы және пломбалануы тиіс.

  • Жұқпалы жануарлармен жұмыс жүргізілетін үй-жайдың кіреберісінде биіктігі 30 см табалдырығы, ал бактериологиялық бокстар, серологиялық және шұғыл зерттеуге арналған үй-жайларда - дезинфекциялау ерітіндісін малынған кілемше болуы тиіс.

  • Патогендігі І-ІІ топтағы микроорганизмдерге күдікті материалдарды жұқтырған жануарлар басқа жануарлардан бөлек ұсталуы тиіс.

  • Диагностикалық материалды зерттеу жүргізілетін үй-жайда тірі вакциналармен жұмыс істеуге; зертханада зерттелетін микроорганизмдер сезімтал дәрілік препараттар болмағанда антибиотиктерге төзімді вирулентті микрорганизмдермен эксперименттік жұмыс жүргізуге тыйым салынады.

  • Жұқпалы блокты қоспағанда зертханалық үй-жайларда 4 типтегі қорғаныш костюмімен жұмыс жүргізіледі. Саптың және мелиоидоздың қоздырғыштарымен жұмыс істеген кезде жұмыс істеуші адамдар резеңке қолғаппен, бактериологиялық зерттеулер кезінде - қосымша мақта-дәке маска мен қорғаныш көзілдірікте болуы тиіс.

  • Адамдардан, кеміргіштерден, экопаразиттерден алынған биологиялық материалдарды, қоршаған орта сынамаларын қабылдаумен және бастапқы өңдеумен байланысты барлық жұмыстар мен оларды зерттеу «жұқпалы» блокта жүргізілуі тиіс. Бактериологиялық зерттеу үшін зертхана жануарларының органдарының жұқтырылуын, оларды ашуды, себуді зертханашымен бірге дәрігер осы Санитариялық ережеге 9-қосымшаға сәйкес 1-2 типтегі қорғаныш костюмімен жүргізеді. Жұқпалы бөлімшеде жұмыс аяқталғаннан кейін қорғаныш костюмдері шешілуі және бокс кіреберісінде залалсыздандырылуы тиіс.

19. Үлгілерді қабылдауды және сақтауды сипаттаңыз.ПБА бойынша
Тәуекелдерді бағалау ақпарат жинаудың және жұмыс орнында қауіпті факторлардың әсер ету немесе шығарылу ықтималдығы мен салдарын бағалаудың, сондай-ақ тәуекелдер деңгейін қолайлы деңгейге дейін төмендету үшін тәуекелдерді бақылау жөніндегі тиісті шараларды айқындаудың жүйелі процесін білдіреді. Маңыздысы, қауіпті факторлардың өздері адамдарға немесе жануарларға қауіп төндірмейді. Осыған байланысты жабдықтың қандай түрлері қолданылатынын және биологиялық агенттер қандай процедураларға ұшырайтынын ескеру қажет.
Үлгілерді жинау мен қабылдаудан бастап клиникалық зерттеулер жүргізуге, вирустың бөлінуіне дейін процестің әр кезеңі үшін жергілікті қауіптерді бағалаудан бастау ұсынылады. Осыдан кейін процестің әр кезеңі үшін жекелеген қауіптер қарастырылады, мысалы, аэрозольдердің әсер етуі және үлгілерді өңдеу кезінде көзге шашырауы, инфекциялық культурасы бар материалдың тӛгілуі және үлгінің ағуы (үлгілерді қабылдау кезінде), олардың әрқайсысына қауіп дәрежесі тағайындалады. Қалдық тәуекелдің деңгейін қолайлы деңгейге дейін төмендету үшін әрбір анықталған тәуекел үшін төмендегі ұсынымдарды қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, тәуекелді бақылау жөніндегі тиісті шараларды іріктеп алу және жүзеге асыру қажет.
Үлгілерді мемлекеттік шекаралар шегінде тасымалдау қолданылатын ұлттық
ережелерге сәйкес жүзеге асырылуға тиіс. Жаңа коронавирустың үлгілерін трансшекаралық тасымалдау БҰҰ – ның Үлгілік ережелеріне, Халықаралық Азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) № 9284 "әуе арқылы қауіпті жүктерді қауіпсіз тасымалдау жӛніндегі техникалық нұсқаулықтар" (авиатасымалдар үшін) құжатына және пайдаланылатын кӛлік түріне байланысты кез келген басқа да қолданылатын қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Толығырақ ақпарат ДДҰ-ның 2019-2020 жж. инфекциялық материалдарды тасымалдау ережелері жӛніндегі нұсқаулығында берілген (2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданыста болады) . Жұқпалы заттарды тасымалдау туралы қысқаша ақпаратты эпидемияға қарсы 4 Нұсқаулық құралдарынан табуға болады.
20. Қалдықтарды жою және жою ережелерін сипаттаңыз (ПБА)?
Инфекциялық қауіптерден қорғау мақсатында зертханалық жұмыстар барысында биологиялық заттармен сенімді түрде немесе болжамды контаминацияланған кез келген бет немесе материал тиісті түрде дезинфекциялануға тиіс.
Деконтаминациядан және/немесе утилизациялаудан бұрын контаминацияланған материалдарды анықтау және бөлу үшін тиісті рәсімдерді жүргізу керек.
Деконтаминацияны зертхана үй-жайларында немесе дәл жұмыс орнында жүргізу мүмкін болмаған жағдайда, контаминацияланған қалдықтарды деконтаминацияға жағдай жасалған басқа объектіге тасымалдау үшін бекітілген тәсілмен (яғни герметикалық ыдысқа) буып-түю қажет.
Қалдықтарды жою – қалдықтарды көму және жою бойынша операциялар.
Зертханалық және медициналық қалдықтарды жою әртүрлі аймақтық, ұлттық және халықаралық ережелермен реттеледі, сондықтан биоқауіпті қалдықтарды өңдеу, тасымалдау және кәдеге жарату бағдарламасын әзірлеу және іске асыру алдында осы мәселе бойынша құжаттардың соңғы басылымдарымен танысу қажет. Әдетте, қалдықтарды өртегеннен кейін қоқыс өртегіште пайда болған күлді қарапайым тұрмыстық қалдықтар сияқты өңдеуге және жергілікті қызметтердің күшімен шығаруға болады. Автоклавталған қалдықтарды сыртқы қоқыс өртегіштерде жағуға немесе қоқыс төгетін орындарға шығаруға болады.
21. ПБА-мен жұмыс істеу кезінде негізгі жеке қорғаныс құралдарын тізімдеңіз?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет