Педагог- бала оқуына бастама беретін, дәріс және тәрбие жұмысымен айналысатын тұлға; Инклюзивті білім беру



Дата04.10.2022
өлшемі15,66 Kb.
#41255
Байланысты:
Талипова Г


Ақтау қаласы «Әлия» бөбекжайы «Білім беру туралы» заңына Глоссарий
1)Педагог- бала оқуына бастама беретін, дәріс және тәрбие жұмысымен айналысатын тұлға;


2)Инклюзивті білім беру- балалардың жынысына жас ерекшеліктеріне, географиялық тұратын жеріне, қимыл-қозғалыстық және ақыл-есінің жағдайына, әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарамастан, сапалы білім алу және өздерінің потенциалдық дамыту мүмкіндігіне ие болу процесі;

3)Ерекше білім- білім алушының ақпаратты қабылдауына карай, басқаша методикамен білім беру үрдісі;

4)Мектепке дейінгі ұйым – қоғамдық өмірге белсенді қатысу үшін балаға қажетті жағдай жасау, баланы жалпы орта білім беретін бастауыш сатыға дайындау мақсатында құрылған білім беру ұйымы;


5)Оқу жоспары – білім алушының деңгейі бойынша бір аптадағы ұйымдастырылған оқу қызметінің тізімін, көлемін, ұзақтығын реттейтін жоспар;

6)Білім беру ұйымдарын аккридиттеу – оқытушының балаға білім беруіне қарай, олардың жасаған еңбектері үшін арнайы органмен мойындау, марапаттау рәсімі;

7)Білім беру мониторингі- білім алушының оқу үрдісін, оқу материалын игеруін, «оқытушы-білім алушы» жүйесінде, оқыту мен тәрбиелеуде сапалы нәтижеге жету үшін жүргізілетін үздіксіз бақылау тәсілі;

8)Интеграцияланған білім беру бағдарламалары - білім беру бағдарламаларының тиісті мазмұнды пунктерін біріктіру негізінде дайындалған білім беретін оқу әдістемелері;

9)Білім туралы құжаттарды тану - шетелдік білім беру ұйымдары филиалдары орталықтар зертханалар берген білім туралы құжатттарды ресми растау;

10)Білім алушыны бағалау- баланың деңгейінк қарай бағалау, қате жерлерін көрсете отырып, оны түзету арқылы білім алушыға тиісті баға беру үрдісі;

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет