Педагог – дефектолог қызметі
Талдау:
Өткен оқу жылында оқушылармен топтық және жеке жұмыстар жүргізілді.
Жұмыстанатын оқушылар саны – 13 оқушы
Оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты топқа бөлінді.
Оқушылардың ПМПК қорытындысы бойынша және жасына байланысты жеке күнтізбелік жоспар құрылып, жыл бойы жосапрға сәйкес жұмыстар жүргізілді.
Оқушыларда жаңа тақырыпты меңгеруде қиындықтар болды, келесі сабақта қайталағанның өзінде ұмытып қалады.
Алдағы оқу жылында қиындықтарды жою мақсатында жаңа тақырыпқа біртіндеп ену жоспарлануда
Мақсаты:
1.Әрбір оқушының дамуын толық зерттеп, оқуға қабілетін анықтау.
2.Оқушының негізгі белсенділігін, психикалық барысын арттыру. Соның ішінде оқушының зейінін, есін, қабылдауын және ойын дамыту. 3.Оқушының коммуникативтік қызметін дамыту.
4. Оқушылардың дүниетанымдық деңгейін байыту, қоршаған орта құбылыстары мен заттар туралы түсініктерін қалыптастыру. 5.Көмек берудің әдістері мен түрлерін қолдануы жайында ата-аналармен байланыста болу.
Міндеті:
1.Дамуында ауыткушылығы бар балаларды оқыту, тәрбиелеу, түзету жөніндегі шешімдерді жас ерекшелігіне байланысты қолдану. 2. Мүмкіндігі шектеулі балаларға ерте коррекциялық көмек көрсету.
Күтілетін нәтиже:
1. Психофизиологиялық мүмкіндігі дамиды.
2. Оқудағы қиындықтары жойылады. 3. Әлеуметтік-адамгершілік қасиеттері дамиды, жағымды мінез-құлық қалыптасады.
Мазмұны: 1. Оқушылармен сабақ өткізу, динамикалық дамуын бақылау.
2.Ата-аналармен мектеп әкімшілдігіне ұсыныс беру.
I бөлім: Ұйымдастыру және диагностикалық жұмыстар
Достарыңызбен бөлісу: |