Педагог қызметіндегі актерлік және режиссерлік шеберліктің маңызы зор. Бұл болашақ маман қызметінің негізінде жатқан заманауи мұғалімнің педагогикалық шеберлігінің алғы шарты болып табылады. Бұл туралы айқын түсініктің болуы студенттердің кәсіби-педагогикалық дайындығының тиімділігі мен ерекшеліктерін арттыруда маңызы зор.
Өмір мұғалімнің нақты ғылыми білімдердің және жалпы адамзаттық рухани құндылықтардың ұстанушысы болуын ғана емес, сондай-ақ өзінің жұмысында жоғары шеберліктің маңызды қайнары болуын, яғни педагогтың бойында актер және режиссерге тән қасиеттердің болуын, ол нені дұрыс, шабытты және сенімді, қызықты және жөн айтуды білуін ғана емес, сонымен бірге қалай айтуды білуін талап етеді.
Педагог қызметіндегі актерлік және режиссерлік шеберліктің болуы, мұғалім көпшілікпен, яғни балалармен жұмыс алып барады. Мұғалімнің бала үшін әлеуметтік нормалар мен қатынастардың қайнар көзі болып табылуы оның тұлғасының ерекшеліктерін арттыратыны сөзсіз. Бала мұғалімді қабылдай отырып, қоршаған әлемге деген оның қатынастарымен бірге қоғамды қабылдайды. Басқа адамдардың ерекшеліктері балаға аса күшті әсер етпейді, олардың ықпалы эпизодты ал мұғалімнің ерекшеліктері күнделікті бала көзімен бақыланады және оқушылар үшін тұрақты болып табылады.
Мұғалімнің кәсіби қызметі үшін маңызды ерекшеліктерін жіктеген кезде қызмет ететін педагогтар мен болашақ мұғалімдер, педагогтың өз пәнінің материалдарының білімін, педагогикалық ықпалдың әдістемесін меңгеруін, дамыған психологиялық-педагогикалық ойлауды шамасы бірінші орынға қоятын болса керек. Мұндайда әртістіктің педагогқа қажет ерекшеліктердің тізіміне енбейтіндігін былай қойғанда, тіпті педагогикалық қызметке негативті ықпал ететін факторлар қатарына да қосылуы мүмкін.
Мұғалімге актерлік және режиссерлік шеберліктің элементтерін меңгерту қажет деген мақсатқа күмәнданатын мұғалімдер (ал бұл, ережеге сай, білім беруде өзгерістерге қинала күйзеліп жүрген мұғалімдер, яғни өзінің түсініктерінің, дүниені сезінуінің жиі-жиі ауысуына дайын болу сияқты заманауилықтың білім талабы) педагогикалық әртістікке қарсы балалар ойынды қабылдамайды деген жаңсақ пікірге келіп жүр.
Біздің ойымызша, бұл әртістік пен актерлік ету, педагогикалық шеберлік пен педагогикалық техника ұғымдарының шектелмеуінің нәтижесі, сондықтан мұнда терминологиялық нақтылық қажет. Егер де әңгіме шынайы әртістік жөнінде болса, онда ойында тәрбиеленушінің шеберлігінің, педагогикалық мақсаты мен психологиялық иімділігінің элементі бар. Ал актерлік етуді балалар жеңіл тауып алады.
Мұғалімнің шығармашылық, эмоциялық қабілеттерін, белгілі актерлік-режиссерлік икемділіктерін дамытатын, аудиторияға тиімді сөз және демонстрациялық әсер бойынша білім беретін, көңіл бөлу, өзін-өзі реттеу дағдыларын меңгеру бойынша өзіндік жеке және топтық сабақтар үшін мұғалімді жаттығулар жүйесімен қаруландыратын театр педагогикасының элементтерін біз, студенттің кәсіби дайындығын және толығымен мұғалім тұлғасының қалыптасу үрдісін міндетті түрде құрайтын бөлік ретінде қарастырамыз. Егер де болашақ мұғалім өзінің шығармашылығында әртістікке дейін көтерілуге ұмтылса, онда театр педагогикасының элементтерін меңгеру орындауды қажет ететін шарттардың бірі болып табылады.
Мұғалімнің ғылыми, абстрактілі материалда өмірлік құбылыстарды, ал ғылыми шешімде қоғамдық мағына мәселелерін көру, оның оқытылатын объектіге әлеуметтік құнды қатынастың құру шеберлігі педагогикалық әртістіктің танылуына, оқушыларға өнегелі әсерін ұйымдастыруға себепші болады.
Міне, осы педагогика режиссурасы, яғни өнер жағдайында адамдардың өзара әрекетінің логикасын құрудың өнері деп аталады.
Өйткені әрбір педагогикалық жағдай – ол “егер де” деген жағдай. Мәселелік ойын жағдай жүйесінде әрбір оқытушы және тәрбиеленуші субъектіге таңдау еркіндігі – жеке мағыналарды таңдау мүмкіндігі ұсынылады. Сонда оқыту білімге, шеберлікке, дағдыға баулу құралы ретінде ғана емес, білімнің, шеберліктің, дағдының көмегімен субъектінің жеке ерекшеліктерін дамыту құралы ретінде қызмет етеді.
Мұндайда педагогтың басты режиссерлік міндеті – эмоциялық әсердің ойы мен күшіне қарай сабақтың негізгі бөліктерін бөлуден және оларды педагогикалық жағдайлардың режиссерлік шығармасына құрудан тұрады. Мұғалім сабақтың шығармасын танымдық шығармашылықтың негізі, оқу материалының мазмұнына өзінің қатынасын білдірудің құралы етеді.
Украин зерттеушісі В.Ф.Моргун осы жөнінде былай дейді: “Актердің өнері біріншіден, әлеуметтік; екіншіден - өмірлік; үшіншіде ғана театралды болуы тиіс, оның үстіне мұндай ұйғарым педагогтың шеберлігіне қатысты әділ болып саналады.
Демек, педагогикалық шеберліктің формуласы былайша көрініс табады: біріншіден, өнегелілік; екіншіден, біліктілік және үшіншіден әртістік.”