3-параграф. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 108. Лауазымдық міндеттері: білім беру ұйымдарында тәрбиеленушілерді тәрбиелеу және әлеуметтік қорғау жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асырады; білім алушылар, тәрбиеленушілер тұлғасының әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін зерделейді; білім алушылардың, тәрбиеленушілердің мүдделерін, қажеттіліктерін, проблемаларын, жанжал жағдайларын, мінез-құлқындағы ауытқуларды анықтайды және оларға әлеуметтік көмек пен қолдауды уақтылы көрсетеді; тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша ағымдағы және перспективалық жоспарларды әзірлейді, тәрбие процесінің, тәрбие жұмысының басқа да түрлерінің сапасын бақылауды жүзеге асырады; қосымша білім беру педагогтарының, аға тәлімгерлердің, тәрбиешілердің жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді; тәрбие жұмысы бойынша қажетті құжаттаманы жүргізуді, мәдени-тәрбие іс-шараларын өткізуді қамтамасыз етеді; білім беру ұйымдарындағы тәрбие процесінің проблемаларын, тәрбие жұмысының жай-күйі мен перспективаларын талдайды; тәрбие процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді; педагог кадрларды іріктеуге қатысады, тәрбие жұмысының бағыттары бойынша педагогтердің біліктілігін және кәсіби құзыреттілігін арттыруды ұйымдастырады; қоғамның, құқық қорғау органдарының және қамқоршылық кеңестің өкілдерімен тәрбие процесін қамтамасыз ететін білім беру ұйымының әкімшілігі, қызметтері мен бөлімшелері өкілдерінің өзара іс-қимылын үйлестіреді; факультативтердің, үйірмелер мен секциялардың жұмысын үйлестіреді; жүргізілетін әлеуметтік жобалар мен бағдарламалардың ықтимал салдарларын болжайды; балаларды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін арттыру бойынша іс-шаралардың орындалуын ұйымдастырады; жетім балалар мен ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жәрдемақылары мен зейнетақыларының уақтылы тағайындалуына бақылауды жүзеге асырады; кәмелетке толмағандардың әлеуметтік қорғалуын, мүліктік және мүліктік емес құқықтарын (білім алушылар (тәрбиеленушілер) мүлкінің сақталуын, олардың тұрғын үй алу құқықтарының уақтылы іске асырылуын) қамтамасыз етеді; білім алушыларды (тәрбиеленушілерді) әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша тәрбиешілердің жұмысын үйлестіреді және жоспарлайды; тәрбиеленушілер арасында кәсіби бағдар беру жұмысын және интернаттан кейінгі сүйемелдеуді ұйымдастырады; түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша бақылауды қамтамасыз етеді; тәрбие үдерісіне инновациялық технологияларды енгізеді; тәрбиешілердің неғұрлым нәтижелі тәжірибесін тарату жөнінде шаралар қабылдайды; еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау және өртке қарсы қорғау жөніндегі қағидалардың сақталуын қамтамасыз етеді; белгіленген тәртіппен есептік құжаттаманың сапалы және уақтылы жасалуын, анықтығын және тапсырылуын қамтамасыз етеді; мектеп ұжымының қатысуымен білім беруде құндылықты тәсілдемені енгізеді; "Жас қыран", "Жас ұлан" балалар ұйымдарының жұмысын ұйымдастырады; "Қоғамға қызмет ету", "Отанға тағзым", "Үлкендерге құрмет" атты қоғамдық пайдалы жұмысты ұйымдастырады; адамгершілік-рухани білім беруді қамтамасыз етуде "Өзін-өзі тану" пәнінің педагогімен өзара іс-қимыл жасайды; білім беру ұйымдары түлектерінің қауымдастығын құру және қызметін қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді; педагогикалық еңбек ардагерлерімен өзара іс-қимыл жасайды; мұражай жұмысын ұйымдастырады; пікірсайыс қозғалысын дамытады; туристік жорықтар мен экскурсиялар ұйымдастырады; білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді. 109. Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер; педагогика және психология негіздері; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, арнаулы әлеуметтік қызметтердің мемлекеттік стандарттары; педагогикалық этиканың нормалары; тәрбие үдерісін ұйымдастыру бойынша халықаралық тәжірибені; экономика негіздері; еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын, санитариялық қағидалар мен нормалар. 110. Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл; білім беру ұйымының "басшының үшінші біліктілік санатты орынбасары" немесе "басшының екінші біліктілік санатты орынбасары" немесе "басшының бірінші біліктілік санатты орынбасары" біліктілік санатының болуы не педагог – сарапшы немесе педагог – зерттеуші немесе педагог - шебер біліктілігінің болуы.