13-параграф. Қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының (ҚБ ОӘО) әдіскері 198. Лауазымдық міндеттері: талдамалық қызмет: қызмет бағыттары бойынша балаларға қосымша білім беру жүйесін бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз етудің жай-күйін зерделейді және талдайды, оның тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлейді; балаларға қосымша білім беру ұйымдарының кадрлық құрамы және әдістемелік корпусының шығармашылық әлеуеті туралы деректер базасын құрады және талдайды; балаларға қосымша білім беру жүйесінде іске асырылатын бекітілген бағдарламалық-әдістемелік өнім банкін, педагогикалық ақпарат банкін (нормативтік құқықтық, ғылыми-әдістемелік, әдістемелік)жүйелейді және қалыптастырады; оқу - әдістемелік қызмет: инновациялық педагогикалық технологияларды анықтайды және насихаттайды; педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын, әдістемелік ұсынымдарын, оқу-әдістемелік құралдары мен ақпараттық материалдарын, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысады; ұйымдардың эксперименттік және зерттеу жұмысының нәтижелерін талдайды және қорытындылайды; ұйымдар мен педагогтердің үздік тәжірибесін жинақтайды және практикаға енгізеді; бағдарламалардың әртүрлі типтерін (білім беру, бос уақытты өткізу, эксперименттік жұмыс бағдарламалары) және әдістемелік өнімнің әртүрлі түрлерін (әдістемелік әзірлемелердің, ұсынымдардың, құралдардың) әзірлеу технологияларын жасайды; әдістемелік қосымшалар жиынтықтары бар әртүрлі типтегі және түрдегі оқу-әдістемелік өнімді әзірлейді, рецензиялайды және бекітуге дайындайды; балаларға қосымша білім беруді дамытудың басым бағыттарын іске асыруды қамтамасыз ететін бағдарламалық-әдістемелік өнімді шығаруға дайындықты жүзеге асырады; педагогтердің және олардың қызметінің тиісті бағыттарының бейіні бойынша мамандардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру бойынша, білім беру мазмұнын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету бойынша, Оқу құралдары мен әдістемелік материалдарға тапсырыс берудің перспективалық жоспарларын әзірлеуге қатысады; әдістемелік, анықтамалық, ақпараттық-талдау материалдарын жинауды, жинақтауды және жүйелеуді жүзеге асырады; қосымша білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге, оларды сараптауға, қолданыстағы білім беру стандарттарын түзетуге және жаңаларын әзірлеуге қатысады; балаларға қосымша білім беру саласындағы озық оқыту және тәрбиелеу технологиялары, озық отандық және әлемдік тәжірибе туралы ақпаратты жинақтайды және таратады; конкурстарды, көрмелерді, олимпиадаларды, слеттерді, жарыстарды өткізу бойынша құжаттаманы ұйымдастырады және әзірлейді, есептілікті дайындайды; консалтингтік қызметті ұйымдастырады: педагог кадрлардың шығармашылық өсуіне және олардың кәсіби өзін-өзі жүзеге асыруына ықпал етеді; педагогтарға балаларға қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларының мазмұнын, оқыту нысандарын, әдістері мен құралдарын анықтауға, ұйымдардың білім беру қызметін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға көмек көрсетеді; қосымша (бейресми) білім беру саласындағы озық отандық және әлемдік тәжірибені жинақтайды және таратады; педагогикалық жетістіктерді насихаттайды (шеберлік сыныптарын, педагогикалық шеберханаларды, шығармашылық семинарларды ұйымдастыру арқылы); балаларға қосымша білім беру ұйымдарында білім беру процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді. 199. Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беру қызметін регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді; Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың басым бағыттарын, балаларға қосымша білім беру ұйымдары қызметінің мәселелері жөніндегі нормативтік құжаттарды; педагогикалық этиканың нормаларын; дидактика принциптерін; педагогика және жас психологиясы негіздерін; білім беру процесін әдістемелік қамтамасыз ету принциптері немесе қызмет бағыттарын; білім беру ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастыру жүйесін; оқу-бағдарламалық құжаттаманы әзірлеу қағидаттары мен тәртібін; педагогикалық жұмыстың тиімді формалары мен әдістерін анықтау, жалпылау және тарату әдістемесін; әдістемелік бірлестіктер жұмысын ұйымдастыру принциптері мен мазмұнын; әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу негіздерін; оқытудың аудиовизуалды интерактивті құралдарына қойылатын талаптарды; оқытудың заманауи педагогикалық технологиялары, қақтығыс жағдайларының себептерін диагностикалауды, олардың алдын алу және шешуді; экология, экономика, әлеуметтану негіздерін, мәтіндік редактормен, электрондық кестелермен, электрондық пошталармен және браузерлермен, мультимедиялық жабдықтармен жұмыс істеуді; еңбек заңнамасының негіздерін, білім беру ұйымдарының ішкі еңбек тәртібінің, еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өрттен қорғау қағидаларын, санитариялық қағидалар мен нормаларды. 200. Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе жоғары білім, педагогикалық жұмыс өтілі немесе тиісті бейін бойынша кемінде 2 жыл; және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін – кемінде 4 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 5 жыл, педагог-шебер үшін – 6 жыл. 201. Кәсіби құзыреттіліктерді айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар: 1) "педагог": қосымша білім беру ұйымдары қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу; балаларға қосымша білім беру ұйымдарының әдістемелік корпусының кадрлық құрамы мен әлеуетін талдау; бағдарламалық-әдістемелік өнімді қалыптастыру; 2) "педагог-модератор": "педагог" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ: әдістемелік және ақпараттық материалдарды әзірлеуге қатысу; диагностика жүргізу; педагогтерді даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жоспарлау; ғылыми зерттеулер мен озық педагогикалық тәжірибені енгізу; ұйымдардың эксперименттік және зерттеу жұмыстарының нәтижелерін талдау және қорытындылау; аудан/қала ішінде конкурстар, көрмелер, олимпиадалар, слеттер, жарыстар ұйымдастыру және өткізуге қатысу; 3) "педагог-сарапшы": "педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ: білім беру, бос уақыт бағдарламаларын, әдістемелік әзірлемелердің, ұсынымдардың, оқу құралдарының әртүрлі түрлерін әзірлеуге қатысу; әдістемелік, анықтамалық, ақпараттық-талдау материалдарын жинауды, жинақтауды және жүйелеуді жүзеге асыру; педагогтерге қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларының мазмұнын анықтауға көмек көрсету; 4) "педагог-зерттеуші": "педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ: қосымша білім беру саласындағы озық отандық және әлемдік тәжірибені тарату; облыс, республика деңгейінде мастер-кластар, педагогикалық шеберханалар, семинарлар ұйымдастыру; қосымша білім беру саласында білім беру процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу; бағдарламалар мен оқу-әдістемелік кешендерді апробациялауға қатысу; 5) "педагог-шебер": "педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ: қосымша білім беруді дамытудың басым бағыттарын іске асыру бойынша бағдарламалық-әдістемелік өнім әзірлеу; облыстық, республикалық, халықаралық деңгейде іс-шаралар ұйымдастыру, қосымша білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге, оларды сараптауға, қолданыстағы білім беру стандарттарын, оқу-бағдарламалық құжаттаманы түзетуге және жаңаларын әзірлеуге қатысу; қосымша білім беру саласындағы жетекші мамандардың озық тәжірибесін тарату.