12-параграф. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының әдіскері 194. Лауазымдық міндеттері: барлық үлгідегі және түрдегі балаларға қосымша білім беру ұйымдарында әдістемелік жұмысты жүзеге асырады; ұйымдастыру-әдістемелік сүйемелдеуді, білім беру үдерісінің нәтижелілігін талдау мен бағалауды, инновациялық педагогикалық тәжірибені жалпылау мен таратуды қамтамасыз етеді; педагогикалық кадрлардың шығармашылық өсуіне және олардың кәсіби өзін-өзі жүзеге асыруына ықпал етеді; ұйымдардағы оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысының жай-күйін талдайды және оның тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлейді; әдістемелік және ақпараттық материалдарды әзірлеуге, педагог кадрларды диагностикалауға, болжауға және даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды жоспарлауға қатысады; қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларының мазмұнын, оқыту нысандарын, әдістері мен құралдарын анықтауда, ұйымдардың білім беру қызметін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыруда ұйым педагогтеріне көмек көрсетеді; балаларға қосымша білім беру ұйымдарында білім беру процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді; білім беру процесіне арналған оқу-әдістемелік құжаттамалар мен құралдарды, жабдықтардың үлгілік тізбелерін, дидактикалық материалдарды әзірлеуді, рецензиялауды және бекітуге дайындауды ұйымдастырады; ұйымдардың эксперименттік жұмысының нәтижелерін талдайды және қорытындылайды; педагогтердің инновациялық, нәтижелі тәжірибесін тарату бойынша шараларды жинақтайды және қабылдайды; әдістемелік бірлестіктердің жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді, оларға қызметтің тиісті бағыттары бойынша консультациялық және практикалық көмек көрсетеді; педагог қызметінің тиісті бағыттары бойынша олардың біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру жұмысына, білім беру мазмұнын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету бойынша, оқу құралдарына, әдістемелік материалдарға тапсырыс берудің перспективалық жоспарларын әзірлеуге қатысады; балаларға қосымша білім беру мәселелері бойынша отандық және әлемдік тәжірибе туралы ақпаратты жинақтайды және таратады; конкурстарды, көрмелерді, олимпиадаларды, слеттерді, жарыстарды өткізу бойынша қажетті құжаттаманы ұйымдастырады және әзірлейді; әдістемелік, анықтамалық, ақпараттық-талдау материалдарын жинауды, жинақтауды және жүйелеуді жүзеге асырады; қосымша білім беру бойынша нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге, оларды сараптауға, қолданыстағы білім беру стандарттарын, оқу-бағдарламалық құжаттаманы түзетуге және жаңаларын әзірлеуге қатысады; білім беру ұйымының педагогикалық және өзге де кеңестерінің қызметіне, сондай-ақ әдістемелік бірлестіктердің қызметіне, семинарларға, конференцияларға, кәсіби қоғамдастықтарға қатысады; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі жөніндегі ережелерді орындайды; білім беру процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді; әдістемелік қосымшалар жиынтықтары бар әртүрлі типтегі және түрдегі оқу-әдістемелік өнімді әзірлейді, рецензиялайды және бекітуге дайындайды; балаларға қосымша білім беруді дамытудың басым бағыттарын іске асыруды қамтамасыз ететін бағдарламалық-әдістемелік өнімді шығаруға дайындықты жүзеге асырады; өз қызметінің тиісті бағыттары бойынша қызметкерлердің біліктілігін арттыру мен қайта даярлауды ұйымдастыру жұмысына, білім беру мазмұнын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету бойынша, оқу құралдарына, әдістемелік материалдарға тапсырыс берудің перспективалық жоспарларын әзірлеуге қатысады; әдістемелік, анықтамалық, ақпараттық-талдау материалдарын жинауды, жинақтауды және жүйелеуді жүзеге асырады; қосымша білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге, оларды сараптауға, қолданыстағы білім беру стандарттарын, оқу-бағдарламалық құжаттаманы түзетуге және жаңаларын әзірлеуге қатысады; инновациялық тәжірибені зерттейді және таратады; конкурстарды, көрмелерді, олимпиадаларды, слеттерді, жарыстарды өткізу бойынша құжаттаманы ұйымдастырады және әзірлейді; есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді; балаларға қосымша білім беру ұйымдарынан республикалық конкурстарға ұсынылатын бағдарламалық-әдістемелік өнімнің бейінді (бағыттар бойынша) сараптамасын сараптамалық қызметті ұйымдастырады; өтінімдер бойынша сараптаманы жүзеге асырады (білім беру ұйымдарынан, жеке тұлғалардан); консалтингтік қызметті ұйымдастырады: педагог кадрлардың шығармашылық өсуіне және олардың кәсіби өзін-өзі жүзеге асыруына ықпал етеді; ұйымдардың педагог қызметкерлеріне балаларға қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларының мазмұнын, оқыту нысандарын, әдістері мен құралдарын айқындауда, ұйымдардың білім беру қызметін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыруда көмек көрсетеді; қосымша (бейресми) білім беру саласындағы оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық технологиялары, озық отандық және әлемдік тәжірибе туралы ақпаратты жинақтайды және таратады; педагогикалық жетістіктерді насихаттайды (шеберлік сыныптарын, педагогикалық шеберханаларды, шығармашылық семинарларды ұйымдастыру арқылы); балаларға қосымша білім беру ұйымдарында білім беру процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді. 195. Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беру қызметін, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың басым бағыттарын реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құжаттарды ұсынады; педагогикалық этиканың нормаларын; мемлекеттік, салалық және өңірлік нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құжаттарды; педагогика және психология негіздерін, еңбек заңнамасы негіздерін; еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын, санитариялық қағидалар мен нормаларды. 196. Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім, білім беру жүйесіндегі немесе тиісті бейін бойынша педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл; және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін – кемінде 5 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 7 жыл, педагог-шебер үшін – 8 жыл. 197. Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар: 1) "педагог": педагогикалық қызметте бағдарлануы тиіс; қосымша білім беру тұжырымдамасын зерттеуге; педагогтерге, ата-аналарға консультациялық көмек көрсетуге; әдістемелік ұсынымдар әзірлеуге; оқу жоспарларына сараптама жүргізуге, білім беру ұйымының қызметін талдауға тиіс; 2) "педагог-модератор": "педагог" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ: қосымша оқыту бойынша әдістемелік материалдар мен әзірлемелерді жинақтауға, жүйелеу және таратуға; кадр құрамын дайындауға; білім беру ұйымының ішінде білім беру бойынша теориялық зерттеулерге басшылық етуге; педагогтардың жоспарларын құруға және қызметін үйлестіруге қатысуға тиіс; 3) "педагог-сарапшы": "педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ: аудан/қала деңгейінде білім беру бойынша теориялық зерттеулерге басшылық етуге; білім беру ұйымы ішінде және аудан/қала деңгейінде қосымша білім беру саласындағы ғылыми зерттеулерге қатысуға; оқу бағдарламалары мен оқу-әдістемелік кешендерді апробациялауға қатысуға; тәжірибелік алаңдарға қатысуға; аудандық, қалалық, облыстық деңгейдегі конференцияларға, семинарларға, конкурстарға қатысуға және сөз сөйлеуге; ғылыми-публицистикалық және әдістемелік бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет ресурстарда жарияланымдарының болуы тиіс; 4) "педагог-зерттеуші": "педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ: облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана деңгейінде білім беру бойынша теориялық зерттеулерге басшылық жасауға тиіс; білім беру ұйымы ішінде және облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана деңгейінде қосымша білім беру саласындағы ғылыми зерттеулерге жетекшілік етуге; педагогтердің аяқталған әзірлемелеріне зерттеу бағалауды жүргізуге; педагогтарды ғылыми-практикалық және әдістемелік сүйемелдеумен айналысуға; педагогтердің әдістемелік материалдарын және қосымша білім беру бойынша әзірлемелерді таратуға; кадрлық құрамды дайындауға, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі конференцияларда, семинарларда, конкурстарда сөз сөйлеуге; ғылыми-публицистикалық және әдістемелік бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстарда жарияланымдарының болуы; РОӘК мақұлдаған бағдарламалар мен оқу-әдістемелік кешендердің авторлық әзірлемелері болуы тиіс; 5) "педагог-шебер": "педагог-зерттеу" біліктілігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ: қосымша білім беруді дамытудың ықтимал бағыттарын зерттеу және дамытуға; оның болашағын болжауға; әдіснамалық өнімдерді әзірлеуді ұйымдастыруға басшылық жасауға; педагогтердің озық тәжірибесін таратуға, олардың біліктілігінің өсуіне ықпал етуге; әзірленген әдіснамалық өнімдерді енгізу бойынша шеберлік сыныптары мен семинарлар өткізуге; облыстық оқу-әдістемелік кеңесте және РОӘК-те мақұлданған әдістемелік материалдардың болуы тиіс.